Өндірістік ұйымның ақша – шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін жоспарлау. Өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі. Өнімнің сапа көрсеткіштері.
Жоспарлау - әр түрлі тапсырмаларды тиімді орындау үшін уақытты тиімді бөлу әдісі
Жоспарлау әдістері мен түрлері
Директивті - берілген тапсырмаларды орындау міндетті болып табылады. Мемлекеттік жоспарлауда немесе кәсіпорындарда жиі қолданылады.
Индикативті - мерзімдер мен тапсырмаларды міндетті түрде орындауды талап етппейді. Ол микроэкономикалық процестерде кеңінен қолданылады.
Қажет болған жағдайда жоспарлау
Қысқа мерзімді жоспарлау – бір жылға дейінгі мерзімге есептеледі. Күнге, аптаға, айға, тоқсанға арналған жоспар болуы мүмкін.
Орта мерзімді жоспарлау – мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда және фирмаларда қолданылады. Әдетте бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге есептеледі.
Ұзақ мерзімді жоспарлау – мұнда есептеулер бес және одан да көп жыл мерзімге жүргізіледі. Ғылым мен экономикада стратегиялық мәселелерді шешу үшін жиі қолданылады.