Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


«Информатика» пәнін оқытудың басты міндеттері



бет3/20
Дата26.05.2022
өлшемі249,5 Kb.
#35641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
311 топ Студенті Жанат алиева Д

«Информатика» пәнін оқытудың басты міндеттері:

  • ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелінетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;

  • қоршаған ортаны жаңа-ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат қоғам техника, аймақтарында қарастыру;

  • қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;

  • оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қабілетін арттыру;

  • тиіміді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;

  • ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту;

  • формалдау, модельдеу, компьтерлік тәжірибе және т.б ғылыми танымның жаңа әдістерімен қаруландыру;

  • оқушыларды еңбекке, кәсіби қызметке және т.б даярлау.

«Информатика» пәнінің зерттеу обьектілері мыналар:

  • ақпарат;

  • ақпараттық ресурстар;

  • түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық үрдістер;

  • ақпараттыандыру құралдары және ақпараттық технологиялар.

Соңғы жылдардағы информатика дамуының басты бағыттары мыналар:
Теориялық информатика, мұнда ақиқаттың бір көрінісі ретінде ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу жұмыстары, табиғаттағы және қоғамдағы ақпараттық үрдістердің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпараттандыру құралдары, бұл сала бойынша дербес компьютерлердің, микропроцессорлардың есептеу қызметінің мүмкіндігі ұлғаюда, үлкен және аймақтық желілер арқылы ақпараттармен алмасу қызметтері арта түсуде. Әртүрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың дамуы одан әрі жалғасуда.
Әлеуметтік информатика саласындағы зерттеулер, информатика және ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамда алатын орны жөніндегі мәселелер төңірегінде, сонымен қатар ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс істеудің құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегінде жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет