Бағдарлы білім беру бағдарламасы – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканың бағдарлы курсы (10-11-сыныптар)-2 жыл.
Қосымша білім беру бағдарламасы –бұл стандарт көлемінен тыс, информатика пәні бойынша оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған факультативтік және (немесе) арнайы курс -2 және одан да көп жыл.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім бағдарламаларына сәйкес құрылады:
Негізгі сатыда (7,8,9-сыныптар) –аптасына 1 сағат, оқу жылына әрбір сыныпта 34 сағаттан, барлығы 102 сағат.
Оқыту бағдарына қарай жоғарғы сатыда:
а) қоғамдақ –гуманитарлық бағыт (10-11-сыныптар)-әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат, барлығы 68 сағат;
б) жаратылыстану-математикалық бағыт (10-11-сыныптар)-әр сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат, барлығы 68 сағат.
«Информатика» оқу пәнінің мектептегі негізгі сатысының білім мазмұны Негізгі мектепте білім мазмұны мынадай мазмұндық желілермен беріледі:
«Ақпараттық бейнелеу» мазмұндық желісі бойынша
«Ақпараттық үрдістер» мазмұндық желісі бойынша
«Компьютерлер» мазмұндық желісі бойынша
«Ақпараттық технологиялар» мазмұндық желісі бойынша
«Алгоритмдеу» мазмұндық желісі бойынша
«Формалдау және модельдеу» мазмұндық желісі бойынша
«Телекоммуникация» мазмұндық желісі бойынша
«Әлеуметтік информатика мәселелері» мазмұндық желісі бойынша
«Алгоритмдеу» мазмұндық желісі бойынша Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритмдердің берілу тәсілдері. Алгоритмді атқарушылар. Алгоритмкітапханалары.Компьютерде есеп шығару. Есепті шығару кезеңдері. Қадамдап етксеру әдісі.
Программалау негіздері: программалау тілдерінің алфавиті, командалардың жазылу ережелері. Программа ұғымы, оның құрылымы. Айнымалылар ұғымы:аты, типі, мәні.
Деректер типі ұғымы. Өрнектер ұғымы. Деректерді енгізу, шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық алгоритмдерді, тармақталу алгоритмдерін және циклді программалау. Литерлік шамалар. Графикалық обьектілер. Ішкі программалар.
Массив ұғымы: элементтер типі, өлшемділік, индекстер. Программалау жүйелерінің мүмкіндіктерін оқу.
Мектептің негізгі сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар