1.3. Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістері, ұйымдастыру формалары, құралдары
Информатиканы оқытудың әдістері
Информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың жалпы принциптерін нақтылап, толықтырады. Сондай-ақ өзінің негізгі категорияларының универсалдылығымен өз кезегінде жалпы дидактиканың мазмұнын байытады, басқа пәндердің дербес әдістемесімен өзара жан-жақты әрекеттесіп дамып келеді. Алдыңғы кезекте, физика, математика және басқа да мектеп пәндерінің әдістемселерімен үндестік тауып, қазіргі кезеңде интеграциялану үстінде.
Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі ретінде анықтауға болады. Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау–педагогтың іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу-оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру)-олардың бірлескен іс-әрекеті.
Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі орын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алу дағдысының қалыптасуы. Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару.
Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару ретінде қарастырылады.
Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді болып есептеледі.
әлем жайында білім;
іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;
эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі;
Ю.К. Бабанскийдің еңбектерінде әдістерді топтаудың толық тізімі келтірілген. Информацияны қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге айналған: сөздік әдіс, пәндік шолу және практикалық.
Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей негіздері бар: білім алу тәсілі(теория және практика), кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өзіндік бақылау), оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).
Білім мазмұны мен оқыту әдісі. Әлем жайындағы білім. Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау, есте сақтау арқылы жүреді. Ал, әлемді, мысалы, адамды қоршаған заттар әлемі, оның әллеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттылық арқылы түсінуге болады. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді. Компьютерлік желілер оқушылардың информация әлемінен өзіне қажеттісін алып, информациялық іздеу жүйелеріне сұранысты дұрыс қоя білу, өзінің сұранысын әрі жылдам, әрі икемділікпен түзете білу іскерлігінің болуын талап етеді. Компьютерлік әлемді үйрену оқушылардың ізденушілік зерттеу іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады, мысалы, компьютердегі «ойын ережесін», логикасын меңгеру тәрізді.
Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері. Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктаж жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратан жаңалығы мен оқушылардың ізденушілік белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде іс-әрекеттің стандартты түріне бара-бар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болып табылады. Дайын программамен диалогты меңгеруде және пернетақта мен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс емес программалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл – бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Программалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі –ашық прогаммалар әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі шағын, ол информатиканың жас ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.
Эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі. Эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасы процесінде пайда, болып таратылады. Мектеп практикасында оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер жинақталды. Педагогтың жеке басының үлгісін, оның ісәрекетін, оқушыларымен, әріптестерімен және қоғаммен қарым қатынасын компьютерлік желі арқылы бағалау мүмкін емес.
Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытудың сөздік әдісі. Я. Коменский информацияны кітаптан, лекциядан алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін атап көрсеткен.
Көрнекілік әдісі. Информатика курсындағы көрнекілік әдісі –оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау.
Иллюстрация. Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік бар. Бәрінен бұрын көзге көрінбейтін нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету (ЭЕМ-нің барлық үлгісін, зерденің ұяшықтарын көрсету). ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген пернетақтаны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ пернелердің қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.
Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әркеттің үлгісін үндемей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез-келген компилятор қателердің орны мен мәнін демонстрациялай алады. Оқушылар өзінің жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің атқарылу процесі атқарылу кестесінің көмегімен демонстрацияланады. Е-практикум жүйесін кестенің атқарылу мысалы ретінде түсінуге болады. Сондай-ақ, оқу орындарындағы іс-әрекет процесін демонстрациялауға да болады.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер. Қарастырылып отырған жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика білімнің үш түрлі көзін үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып (сөз), мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып (заттық әдіс), оқушылар компьютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін бірі толықтырады.
Информатикадағы теория мен практика. Информатикадағы теория мен практика ұғымы жалпы ғылыми категориямен толық үндеседі. Информатика тілінде теория компьютерлік әлемнің жұмысын, қасиеттерін түсіндіру немесе болжау құралы, ал практика –теория мен теорияларға арналған гипотезалар көзін тексеру құралы. Мысалы, лекция сабағында мәліметтер қорын басқару жүйесіне қатысты теория: іздеуге сұранысты құру ережесі және т.б. Практикада оқушы машинамен меңгерген командаларын тексереді. Семинар сабағанда алгоритмнің нақты орындалуын түсіндіру, лабораториялық сабақта алгоритмді тексереді. ЭЕМ-сыз алгоритмнің дұрыстығын дәлелдеу таза теориялық әдіспен жүргізіледі. Бірақ, бұл тәсіл аса күрделі емес алгоритдермен шектеледі.
Алгоритмді құру немесе түрлендіру –бұл оқушының жұмыс істеуіне, нұсқауына негізделген теориялық іс-әрекет. Практиканың негізгі түрі ешқандай ережесіз компьютерлік ортаны зерттеу болып табылады. Тіпті, ағылшын тіліндегі нұсқау қолда болғанмен, оның мазмұны барлық уақытта түсінікті бола бермейді. Жұмыстың комбинацияланған әдісі программаны жүргізу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |