Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы)



бет13/35
Дата12.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#49636
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
kur -esepter-shygaru-arqyly-informatikany-oqytu

жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);

  • оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы);

  • оқушылардың білімін шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.

    Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады., Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және олардың бірнеше артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты жедел педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
    Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П. Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндік береді.


    Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтау



    Оқу сабағының түрі



    Сабаққа тән дидактикалық функциялар



    Сабақ




    Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерді қалыптасытыру; оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару.

    Лекция (теориялық оқыту)

    Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу лекция жазу жоғары оқу орнындағы оқу түріне дайындау іскерлігін қалыптастыру.

    Семинар (теориялық оқыту)

    Өтілген тақырып бөлім бойынша білімді жалпылап жүйелеу; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру; Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын жазу; оқылғанды конспектілеу; көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану.



    Конференция (теориялық оқыту)



    Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдету; қосымша информация көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

    Әңгімелесу (теориялық оқыту)

    Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.

    Консультация (теориялық оқыту)



    Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.

    Фронтальдық лабораториялық


    теориялық жұмыс

    Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту бекітілген маетриалды тексеру), жеңіл есептеррді орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.

    Практикум

    Күрделі программалармен және ПҚ-дің қосымшалармен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.



    Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:



    • оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқару;

    • оқушының информациялық процестерді басқаруы;

    • оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптасытыру және дамыту.

    Аталған аспектілерге сәйкес:

    • оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері: класс-сабақ жүйесі және т.б.

    • оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтік топтық;

    • тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, -болып бөлінеді.

    Педагогикалық оқу іс-әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады:

    • түсіндірмелі-иллюстрациялы;

    • программаланған;

    • модельдік;

    • эвристикалық;

    • проблемалық.

    Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы ретінде жоспарланғанда пайдалануға болады. «Графикалық операторлар» бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды қайталау, қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарапайым программа жазу.
    Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет алынатынын біледі, бірақ суретті салу -әр оқушыға жеке тапсырма. Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса, ол оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.
    Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады. Одан кейін соңғы нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс енгізіліп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанады. Аталған оқыту әдістері әртүрлі формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:

    • ұйымдастыру;

    • қайталау;

    • жаңа материалды өту;

    • бекіту;

    • бақылау;

    • оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарды толтыру.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет