«Алгоритмдеу» мазмұндық желісі бойынша Оқушылар білуі тиіс:
алгоритм ұғымын, алгоритм қасиеттерін;
атқарушының командалар жүйесі ұғымын;
шамалардың негізгі сипаттамаларын (аты, типі, мәні, өлшемі);
негізігі алгоритмдік құрылымды;
алгоритмдердің әртүрлі жазылу тәсілдерін;
программалау тілдерінде алгоритдердің жазылу ережелерін;
программалау жүйелерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
алгоритм ұғымын және оның қасиеттерін нақты мысал арқылы көрсетуді;
нақты мәселелерді шешу үшін атқарушыны қолдана білу мүмкіндігін анықтауды;
әртүрлі тәсілдермен алгоритмдер құруды;
программалау тілдерінің негізгі құрылымын қолдана отырып, оқу есептерін шешу алгоитмін жазуды және орындауды;
программаны құруды, теруді, түзетуді және жұмысқа қосуды.
«Информатика» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар «Информатика» оқу пәнін оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Информатиканы негізгі және бағдарлы бағдарламалар бойынша оқытуды информатика, математика және информатика, физика және информатика пәндері бойынша жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімді мұғалім (оқытушы) квалификациясы бар педагог және ғылыми педагогикалық жұмыстармен айналысатын мамандар және білім қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру иниституттарында арнайы қайта даярлықтан өткен жоғары техникалық білімі бар мамандар жүзеге асырады.
«Информатика» пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету келесі оқу жылына арналған орталық атқару органы жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылына оқыту жылында жөніндегі нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асады.
«Информатика» пәні бойынша материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар«Информатика» пәні бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру оқу-есептеу техникасы кешенімен, қолданбалы программалық құралдармен, оқыту мақсатында қолданылатын программалық құралдармен, оқытудың техникалық құралдырымен, диапозитивтермен және диафильмдермен, кино және бейнфильмдермен жабдықталған арнайы кабинетте орындалады. Оқытудың қажетті техникалық құралдарының тізімі білім беруді басқару ұйымдарының нормативті құжаттарында көрсетіледі.