Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Орта мектепте информатика курсының мазмұны



бет9/35
Дата12.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#49636
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
kur -esepter-shygaru-arqyly-informatikany-oqytu

Орта мектепте информатика курсының мазмұны

Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері курсының мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама –қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді. 1) Ғылыми және практикалық факторлар. ИЕТН оқу пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс. 2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі, іскерлігі, дағдыларына сай болуы тиіс. Сондай-ақ, ИЕТН курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтерді қамтуы қажет. Мектептегі информатика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің күрделіленген талаптарына жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы қажет.


Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:
Информация –алгоритм –ЭЕМ .
Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады. Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компонанттерінен құралады. ИЕТН курсының мазмұнынын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе –курсты оқыту реті. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негізде енгізілуі керек. Мектептегі информатиканы және ИЕТН мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады. Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні. Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы нұсқалары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бірақ олар барлық білімді информатикаландыру негізінде құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін оқыту мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жекеленіп ашылмаған. Сонымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оқу процесіне енгізілді.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Енді мектептегі информатика курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталайық:
1. Мектептегі «ИЕТН» курсының мазмұны «информация –алгоритм ЭЕМ » деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысты қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеру үшін беріледі.
2. «ИЕТН» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысы. Мектептегі информатика курсының орнын жалпы ғылымдар жүйесіндегі философия ғылымының орнымен салыстыруға болады. Информатиканы оқу барысында алған білім мен іскерліктерін басқа пәндерді оқу барысында кеңінен қолдана алады.
3. Мектептегі білім қорына информатика курсы арқылы енгізілген жаңа маңызды білім-шамалар ұғымының кеңейтілуі. Оқушы бұған дейін сандық мәндерге ие болатын айнымалы шамалар мен ғана жұмыс істеді. Ал, информатика курсында әртүрлі типтегі шамалармен жұмыс істеуге тура келеді: сандық, литерлік, графикалық шамалар т.б.
4. Мектепте информатика негіздерінің енгізілуне байланысты мектеп тарихында алғаш рет оқушыларға есептің қойылысынан бастап, алынған нәтижені талдауға дейін үйрететін практикалық есепті шығарудың барлық кезеңдері туралы мағлұмат беріледі. Оқушыны кез-келген есептің математикалық моделін құра білуге үйретеді. Бұл информатиканы басқа пәндермен тығыз байланыстыратын буын. Сонымен мектепке енгізілген информатика пәні дәстүрлі әдістегі іскерлік пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндерді оқытуға өзінің ерекше үлесін тигізеді.
Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептегіш техника негіздері» курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі –информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет