Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістемесі бойынша



бет10/35
Дата12.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#49636
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
kur -esepter-shygaru-arqyly-informatikany-oqytu

1.2. Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістемесі бойынша
жүргізілген зерттеулер

Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде өзгеріске түсті. Ол автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза техникалық сала – computer science (компьютерлік ғылымдар ) атты жеке ғылыми бағытқа бөлініп шықты. Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылдары А.П.Ершов, В.Н. Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Информатика пәнінің мектеп пәні ретінде енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы уақыт ішінде информатика пәнінің мазмұны күн арта өзгеріске ұшырау үстінде. А.П.Ершовтың «Компьютерлік сауаттылық –екінші сауаттылық» ұранын негізге алып, оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға байланысты информатика пәні 1985-1987 жылдары 9-10 сыныптарда компьютерлі және компьютерсіз вариантта оқытылып келді. Аталған уақыт аралығының өзінде мектепке түрлі типті компьютерлер орнатыла бастады. Мұндай жағдайда информатика мұғалімдерінің білімін үздіксіз көтеру қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу барысында 9-10 сыныптарға жасақталған оқулықтың мазмұнын, құрылымын және әдістемелік құрылымын үйретуге негізделген сыныптар бойынша курстар ұйымдастырылды.


Информатиканың маңызды ерекшелігі –оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда және сауда операцияларында қоршаған ортаны қорғауда, криминалистік медицинада және т.б. орындарда қолданылуы. Сондықтан оның мазмұнын жан-жақты өзгертіп, оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыратындай етіп, өзгерту қажеттілігі туындады. Аталған қажеттілікті шешу бағытында профессор Ж. Қараевтың және доцент Н. Ермековтың ғылыми басшылықтармен Алматы қаласы мұғалімдерінің шығармашылық тобынан құрылған топ «Информатика» пәнінің 7-11 сыныптарда оқытудың мемлекеттік құжат негізінде оқу әдістемелік кешені құрастырылды. Құрастырылған информатика курсының мазмұны ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету мен жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамы болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерін түсіндірумен қамтамасыз етілді.
А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» оқулығында информатиканың мазмұны мына ұғымдарға бағытталып, құрастырылған: ақпарат-алгоритм-программа.
А.Г.Гейннің, В.Г.Житомирскийдің, Е.И.Линецкий және М.В.Сапирдің «Информатика және есептеуіш техника негіздері» оқулығының мазмұны мына ұғымдарға сай құрастырылған: модель-алгоритм-компьютерлік эксперимент. Аталған оқулықтың негізігі идеясы есептерді шешудің барлық кезеңдерін компьютер көмегімен модельдеу мүмкіндіктерін үйретуге бағытталған.
Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің ғылыми –теориялық негіздемесі А.Кузнецовтың ғылыми еңбегінде жан-жақты зерттелген. Бұл еңбекте информатиканың базалық ұғымдарын біртіндеп қалыптастыру мен дамыту арқылы мазмұндық құрылым жүйеленіп, қарастырылған. Жаңа ақпараттық технологиялардың жеделдетіп дамуына байланысты информатиканың мазмұны да үздіксіз өзгеріп отырады. КӨптеген ғалым педагогтар зерттеулер жүргізіп информатиканы оқытудың әдістемелік жүйелерін құрып, білім беруде ақпараттандыру құралдарын пайдаланып келеді. Әр түрлі оқу орындарында дистанциялық ооқытуды тиімді ұйымдастырудың арннайы ерекшеліктерін зерттеуге Д.М.Жүсіпалиеваның еңбектері арналады. Г.К.Нұрғалиеваның жетекшілігімен электронды оқу құралдарымен, мултимедиалық оқыту программаларын құрастырудың модулді және функционалды техниканың тұжырымдамасы жасалды.
Халықова К.З “Оқушыны компьютер негізінде дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері ” еңбегінде компьтермен оқыту жағдайында оқушыны дербес оқытуды басқару үлгісінің оқыту тиімділігін арттыратын көрсеткіштері, информатиканы оқытудың бағдарламасы мен әдістемесі жасалды. 2002 жылы «Информатиканы оқыту әдістемесі» кітабы жарық көрді.
Талпақов Н.Ә. «математикалық логика элементтері мен логикалық бағдарламалауды мектеп информатика курсында оқыту әдістемесі» еңбегінде алғаш рет логикалық бағдарламалау тілінің қызметін іс жүзінде іске асыру мақсатында, қазақ тілін пайдалануға арналған “ПРОЛОГ -Б” бағдарламалау жүйесінің әдістемесі жасалынды.
Смагулова Л.А. «Орта мектептегі информатика курсында компьютерлік модельдеудің оқыту әдістемесін жетілдіру» нәтижесінде компьютерлік модельдеуде пайдаланылатын бағдарламалық әдістемелік кешендер құрамы дұрыс анықталып, оларды оқу процесінде пайдалану жолдары көрсетілді.
Шекербекова Ш.Т. «Гуманитарлық бағыттағы жоғарғы сынып оқушыларын “мәліметтер қоры және оның қолданылуы ” курсын оқыту әдістемесі» нәтижесінде оқытудың әдістемелік негіздері анықталып, әдістемелік құралдары жасалды.
Сагимбаева А.Е. «Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау әдістемесі» еңбегінде бақылаудың ғылыми негізінде информатика курсынан жекелеген тесттік тапсырмалар құру әдісі, олардың ақпараттық моделін жасау, компьютерлік моделдеу оқушылардың білім сапасын бақылау нәтижесінің информатика курсының мазмұны анықталды.
Байғожанова Д.С «Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланас негізінде оқыту әдістемесі» еңбегі жасалды.
Абдыкеримова Э.А «Компьютерлік моделдеудің негізінде мектеп физикасын оқытудың әдістемесі» нәтижесінде “Атомдық физика ” және “Атом ядросының физикасы” тарауларындағы құбылыстар мен процесстердің компьютерлік моделдері жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет