Акционерлік қоғам. Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп танылады. Акционерлік қоғамның қатысушылары (акционерлер) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Ашық және жабық акционерлік қоғамдар.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы. Ашық акционерлік қоғам жалпыға бірдей мәлімет беру үшін жыл сайын жылдық есеп, бухгалтерлік баланс, пайда мен шығындардың есебін жариялап отыруға міндетті.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ. Өз акцияларын сатқысы келетін жабық ақционерлік қоғамның акционері оларды қоғамның басқа қатысушыларына немесе қоғамның өзіне сатып алуды ұсынуға міндетті. Егер қоғамның қатысушылары немесе қоғамның өзі акцияларды сатып алудан бас тартса, акционер қоғамның келісімімен (немесе сауал салынған күннен бастап бір ай ішінде жауап алынбаса) акцияларды үшінші жақтарға сатуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |