Еншілес шаруашылық серіктестіктері. Егер басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қордағы басымырақ қатысуына қарай не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес не мұндай серіктестік қабылдайтын шешімдерді өзгеше түрде белгілеу мүмкіндігі бар шаруашылық серіктестік еншілес серіктестік деп танылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің борыштары бойынша жауап бермейді. Негізгі шаруашылық серіктестігі еншілес шаруашылық серіктестігімен жасалған шарт бойынша соңғысына ол үшін міндетті болып табылатын нүсқау беруге құқылы, ол мұндай нұсқауларды орындау үшін еншілес шаруашылық серіктестіпмен жасасқан мәмілелер бойынша онымен бірге субсидиялық жауапты болады Негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған жағдайда негізп шаруашылық серіктестігі оның борыштары бойынша жәрдем көрсету жөнінен жауапты болады. Еншілес шаруашылық серіктестігінің қатысушылары (акционерлері) негізгі шаруашылық серіктестігінен оның кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігіне келтірілген залалдарды өтеуді,
егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, талап етуге құқылы.