Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет6/27
Дата31.12.2021
өлшемі394 Kb.
#23524
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
УМКД ОПиМП каз 2021-2022

«Бірыңғай көлік жүйесі» - бұл көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық бірлігін айқындайтын түсінік.

Көлік жүйесі дегеніміз- еліміздің немесе жекеленген аймақтық (қаланың) қоныстанған пунктерін байланыстыратын барлық қатынау жолдарының өзара жиынтығы. «Бірыңғай көлік торабы» түсінігі әртүрлі қатынау жолдарының әлеуметтік-экономикалық бірлігі мен өзара әрекетін айқындайды. Техникалық –экономикалық тұрғыда « көлік торабы » көліктің қуатын және белгілі бір аймақ немесе тұтас алғандағы еліміздің потенциалдық көлік қызмет көрсету деңгейін сипаттайтын маңызды элементтердің бірі болып табылады.

Жалпы пайдаланудағы көлік – бұл іс жүзіндегі заңға сәйкес тапсырыс берушіден тәуелсіз, мейлі ол кім болмасын: мемлекеттік кәсіпорын немесе мекеме болсын, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға болсын, жүктер мен жолаушылардың тасымалдануын жүзеге асыруы қажет көлік.

Жалпы пайдаланудағы көлікке төмендегілер жатады.



  • темір жол көлігі;

  • теңіз көлігі;

  • өзен көлігі;

  • автомобиль көлігі;

  • әуе көлігі;

  • ҚР автомобиль көлігінің министрліктері мен ведомстваларына қарасты қаланың қоғамдық көліктің барлық түрлері (метро, трамвай, троллейбус, автобус, такси).

Жалпы пайдаланудағы көлік мемлекеттің бірегей көлік жүйесінің негізін құрайды. Нақ сол барлық салалардың өзара әрекетінен және өндірісті кооперациялау қажеттілігінен туындайтын еліміздің тасымалдаулардағы негізгі қажеттілігін қамтамасыз ететін өз алдына жеке « көлік өнеркәсібі » болып табылады.

Жалпы пайдаланудағы емес көлік - бұл тек өз ведомоствосының ғана тасымалдауларын орындайтын және барлық басқа клиенттердің талаптарын қанағаттандыруға міндетті емес ведомостволық көлік. Өндірістік кәсіпорын-дардың ведомостволық көлігін өндірістік көлік деп жиі атайды, ол шағын жолдар, мысалы, қоймаларға тартылған жолдар-подъездік жолдар деп аталады. Жалпы пайдаланудағы емес көлік құралдары ретінде сәйкес көліктік емес министрліктерге, ведомстволар мен кәсіпорындарға қарасты темір жолдар, теңіз, өзен, автомобиль және әуе көліктері, құбыр көлігі, сондай-ақ конвейлерлік, және т.б. бірқатар көлік түрлері қолданылады.

Мұнайды, мұнай өнімдері ( бензин, керосин, дизельдік отын және т.т.) мен газды айдау үшін арналған құбыр көлігі ерекше жағдайға ие болады. Бұл көлік түрлері жалпы пайдаланудағы емес көлікке жатқанымен, іс жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларының мүдделерін қамтитын арнайы министрліктер мен ведомостволармен пайдаланылады.

« Магистраль көлігі » - бұл термин бір мағынаға ғана ие болмайды және көбінесе жалпы пайдаланудағы көлікті айқындайды. Бұл мағынада магистральді емес көлік болып өндірістік көлік пен қала көлігі саналады. Мұнымен бірге кейде «магистральді көлік» термині еліміздің немесе ірі аймақтың маңызды қалалары мен өндірістік орталықтарын байланыстыратын қатынау жолдарын белгілеу үшін қолданылады.

Әмбебап көлік дегеніміз - тәжірибе жүзінде тасымалдаулардың барлық түрлерін: жүк және жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыруға қабілетті көлік.

Темір жол, теңіз, өзен, автомобиль және әуе көліктері, сондай-ақ қалалық және өндірістік көліктің сәйкес түрлері көліктің әмбебап түрлері болып табылады.



Әмбебап емес көлік – бұл жүктердің тек бір ғана түрін сусымалы, сұйық жүктердің тасымалдау үшін немесе тасымалдаулардың қандай да бір ғана түрін жүк немесе жолаушылар тасымалдауларын орындау үшін бейімделген және арналған арнайы мамандандырылған немесе арнайы көлік.

Дискреттік көлік – бұл ондағы тасымалдау заттары ( жүктер мен жолаушылар) жол бойында өзара тәуелсіз қозғалатын көлік бірліктерінің ( автомобильдерінің, пойыздардың, кемелер мен ұшақтардың және т.с.с.) көмегімен бірліктерімен немесе жекеленген топтармен ( партиялармен ) орын ауыстыратын кез-келген көлік түрі.

Үздіксіз көлік дегеніміз – тасымалдау заттары алуан текті икемді ленталардың, шпектердің, экскалатордың және т.б., сондай-ақ құбырлардың көмегімен үздіксіз ағын түрінде орын ауыстыратын көлік.

«Көлік процесі» - бұл жүктер мен жолаушылардың тасымалдауларын қамтамасыз етуге бағытталған көлік қызметін білдіретін термин. Бұл термин өндірісте қабылданған «өндіріс процесі» түсінігінің ұқсас түпнұсқасы болып табылады. Синоним ретінде жүктер мен жолаушыларды жөнелту пунктінен жеткізу пунктіне тасымалдау кезінде орындалатын операциялар кешенін айқындайтын «тасымалдау процесі» термині де пайдаланылады.

Көліктің әрбір түрі өз бернесін тасымалдау процесіне тікелей және жанама түрде қатысатын техникалық құралдар кешенінің немесе күрделі техникалық жарақтардың көмегімен орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет