Лекция №2. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру және жоспарлау.
Мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігі көбінесе, ондағы өндірістің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғандығынан тәуелді болады. Өндірісті ұйымдас-тыру жөніндегі қызмет түрінің бағыттары кәсіпорынның салалық бағытынан тәуелді болады. Мысалы, автомобиль көлігінің кәсіпорындарында өндіріс жүктер мен жолаушылар тасымалдау процесі, сондай-ақ жылжымалы тізбекті техникалық баптау мен жөндеу процесі болып табылады. Жол шаруашылығының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін өндірісі жаңа автомобиль жолдарын салу немесе іс жүзіндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау (жөндеу және пайдалану) процесі болып табылады. Мемлекеттік автоинспекция бөлімшелеріндегі «өндіріске» қатысты МАИ қызметкерлерінің жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы сөз қозғауға болады.
Өндірістік жүйеме алға қойылған мақсатқа сай берілген кеңістік пен уақытта жұмыс істейтін белгілі-бір мөлшерлік және сапалық қатынастарда алынған еңбек құралдары мен заттарының және еңбектің өзінің байланысы болып табылады.
Кәсіпорынның технологиялық жүйемесін ғимараттардың, үймереттердің, машиналардың, жабдықтар мен материалдардың, энергияның, аспаптар мен технологиялық процестердің және т.б. өзара жиынтығы құрайды.
Кәсіпорынның экономикалық жүйемесі өзге кәсіпорындармен жоғары тұрған ұйымдармен, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен экономикалық өзара қатынастар арқылы сипатталады.
Кәсіпорынның әлеуметтік жүйемесі – бұл еңбек ұжымы, жұмыс істеушілердің біліктілік деңгейі, олардың өндірістік қорларды пайдалану жөніндегі жұмыс істеу әдістері, өзара құрмет пен серіктестікке негізделген өндіріс барысындағы ұжым мүшелерінің арасындағы қатынастар.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық жүйемесі кәсіпорындағы (бөлімшелер мен қызметтердің бағыныштылығын сипаттайтын) вертикаль бойынша, сондай-ақ (бригадалар, аумақшалар, цехтар, бөлімдер мен басқа да бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттерді сипаттайтын) көлденең бойынша ұйымдастырушылық және өндірістік байланыстардың өзара жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорындардағы өндірісті ұйымдастыру негізінде үш негізгі құраушы бөліктер жатыр:
өндірістік процестерді ұйымдастыру;
басқаруды ұйымдастыру;
еңбекті ұйымдастыру.
Өндірістік процестерді ұйымдастыру еңбек құралдары(өндірістік процесті жүзеге асыратын жабдықтар, аспаптар мен техника) еңбек заттары ( өнімді шығаратын шикізат пен материалдар) және еңбектің өзінің арасындағы өзара арасындағы өзара қарым-қатынастарды байланыстыру жөніндегі қызмет түрі болып табылады.
Басқаруды ұйымдастыру кәсіпорындар мен басқару құрылымдарының үздіксіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді қабылдау әдістерінің өзара жиынтығын сипаттайды.
Еңбекті ұйымдастыру ғылым мен техника жетістіктерін және алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибиені пайдалануды ескере отырып, адамның тиімді қызметін қамтамасыз ететін қалыптар мен әдістердің өзара жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру негіздерін қарастыруда өндірістік процестерді ұйымдастырудан бастаған жөн.
Өндірістік процестердің алуантүрлілігін сараптамалаудың көрсетіп отырғанындай, оларды қарапайым және күрделі, негізгі және қосымша, дайындық және қорытынды процестер деп бөліп көрсетуге болады.
Қарапайым өндірістік процес келесімен сипатталады, өндіріс нысаны құрама бөліктерге бөлшектенбейтін еңбек заты болып табылады. Мұндай процесс кезінде еңбек заты өңдеудің бір ғана сатысынан өтеді ( мысалы, асфальтбетон төсемін бір реттік төсеу немесе жөндеу жұмыстарын бұзылған агрегатты жаңа агрегатпен алмастыру әдісімен жүргізу).
Негізгі өндірістік процесс- бұл материалды өнімге түрлендіру процесі. Бұл процестеркәсіпорындағы негізгі өндірісті қалыптастырады ( автомобиль көлігінің кәсіпорындарында-тасымалдау процесі, жол шаруашылығы кәсіпорындарында-жолдарды салу және пайдалану процесі).
Күрделі өндірістік процесс дегеніміз - өндірісі бірнеше қарапайым өндірістік процестерді қажет ететін көптеген құраушы бөліктерге бөлшектенуі мүмкін еңбек өнімінің күрделілігімен сипатталатын процесс.
Қосымша өндірістік процестерге әртүрлі энергияны өндіру, негізгі өндіріс қалдықтарын регенерациялау және рекуперациялау жатады.
Дайындық процестері - бұл өндірісті дайындау жұмыстарымен байланысты болатын процестер.
Қорытынды процестер – бұл өндірісті аяқтаумен байланысты болатын процестер, бұл кезде жасап шығарылған өнім өндіріс саласынан жөнелтіліп, тұтыну саласына келіп түседі.
Басқарудың негізгі экономикалық әдістерінің бірі шаруашылық есебі болып табылады, оның мән-мағынасы келесіде, кәсіпорын өз шығындарын өндірістік – шаруашылық қызметінің нәтижелерінен түскен табыстар есебінен жабуы қажет.
Басқарудың тиімді экономикалық әдісі кәсіпорынның негізгі қорлары мен айналым қаражатын қалыптастыру үшін кеңінен қолданылатын банк несиелері болып табылады.
Әкімшіліктік-құқықтық әдістер келесіге негізделген, мемлекет ұлттық өнімнің өндірісін, үлестірілуін, алмастырылуы мен тұтынылуын реттейтін әртүрлі әкімшіліктік-құқықтық актілерді шығара отырып, бүкіл халық шаруашылығының басқарады. Бұл актілер міндетті түрдегі күшке ие болады және басқарылатын нысанға тікелей әсер етеді.
Басқарудың ұйымдастырушылық әдістері – бұл басқару құрылымын анықтау, кадрлады таңдау және орналастыру, орындалатын шешімдерді шұғыл бақылау және сараптамалау, өндірістік нұсқаулық, тәртіп сақтау, сондай-ақ ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану негізінде басқару жүйесін тиімді пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық әдістері басқарудың тиімді ұйымдастырушылық құрылымдарын жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Кадрларды таңдау және орналастыру кезінде біліктілік, өндірістік тәжірибе мен еңбекке деген қатынас жұмыс нәтижелерін анықтау үшін үлкен мәнге ие болады. Сондықтан кадрларды дұрыс таңдау және орналастыру өндірісті ойдағыдай басқаруға кеплдік береді.
Өнім ету бернелеріне, шұғыл бақылау мен тәртіпке келесілер жатады:
басқару аппараты қызметкерлерінің нақты құқықтары мен міндеттерін орнату;
қабылданатын шешімдерді егжей-тегжейлі дайындау, олардың орындалуын шұғыл бақылау және сараптамалау;
басқару аппаратының барлық жетектерінде тәртіптің жоғарғы деңгейін сақтау.
Басқарудың тәрбие әдістері – бұл мемлекеттік жоспардың тапсырмаларын және кәсіпорынға жүктелген басқа да міндеттемелерді орындауға тікелей қатысу нәтижелерінен тәуелді еңбек ұжымының мүшелерін моральдық жағынан марапаттау немесе сөгіс жариялау.
Басқарудың құрамына бес негізгі бернелер кіреді: жоспарлау, ұйымдастыру, кадрларды таңдау, орындауды координациялау және бақылау.
Жоспарлау, басқару бернесі ретінде, басқару жүйесінің мақсаттарын анықтаудан, келешектегі дамудың болжамы мен бағалануынан, күтіліп отырған нәтижелерді анықтаудан, алға қойылған мақсатқа қол жеткізу бойынша әрекеттердің бағдарламасын қалыптастырудан, шығындар сметасын және қажетті басқарма құжаттарын құрастырудан тұрады.
Ұйымдастырудың құрамына, басқару бернесі ретінде жұмыстардың құрамын анықтау және оларды үлестіру кіреді, бұлар жұмыстың тиімді және үнемді орындалуын қамтамасыз етеді.
Кадрларды дайындау – бұл орындаушыларға қойылатын талаптарды анықтау, сәйкес қызметке қажетті біліктілік пен іскерлік сапарларға ие болатын тұлғаларды анықтау және тағайындау, кадрлар біліктілігін жоғарылату. Бұл берне қызметкерлерінің қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасап шығаруды көздейді.
Басқару бернесі ретінде координациялау дегеніміз – тапсырмаларды нақты қызметкерлер арасында үлестіру, орнатылған тапсырмаларды шартсыз орындауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердіынталандыру, қажетті ақпараттың тиімді таратылуына септігін тигізетін жағдайларды жасап шығару және жұмыстың қайталануының немесе ондағы диспропорцияның алдын-алу үшін жекеленген атқарушылар жұмысын өзара үйлестіру.
Орындалуды бақылау басқару бернесі ретінде – бұл жоспарланған және факт жүзінде алынған жұмыс нәтижелерінің өзара сәйкестілігін бағалауға, жұмыс нәтижелерін өлшеуге мүмкіндік беретін нормативтер( қалыптар) жүйесін жасап шығару, жұмыстың соңғы нәтижелерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде түзеткіш әсерлерді енгізу.
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін әрбір кәсіпорнын қажетті негізгі өндірістік қорлар мен айналым құралдарына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |