Компоненттер
|
Тапсырмалар саны
|
1 тапсырмаға қойылатын жоғары балл
|
Балл
|
Лекциялық сабақтар (сұрақ-жауап)
|
15
|
1
|
15
|
Аралық аттестация (коллоквиум)
|
2
|
5
|
10
|
Өзіндік жұмыс (курстық жұмыс)
|
1
|
20
|
20
|
Сабақтағы белсенділік
|
30
|
0,5
|
15
|
Емтихан
|
|
|
40
|
Барлығы:
|
|
|
100
|
Пәннің мазмұны
Кесте 3
Лекция сабақтары
№
р/н
|
Апта
№
|
Лекция тақырыптары
|
Әдебиеттер
|
1
|
1
|
Лекция 1. Кіріспе. Тасымалдауды басқару мен ұйымдастырудың негізі түсініктері және классификациясы. Бірыңғай көлік жүйесін басқару және ұйымдастыру
|
[1,2,3,4]
|
2
|
2
|
Лекция 2. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру және жоспарлау.
|
[1,2,3,4]
|
3
|
3
|
Лекция 3. Кәсіпорынды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау.
|
[1,2,3,4]
|
4
|
4
|
Лекция 4. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Еңбекақыны мөлшерлеу формалары.
|
[1,2,3,4,7]
|
5
|
5
|
Лекция 5. Жаңа техникаларды өндіріске енгізу және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының тиімділі-гін анықтау.
|
[1,2,3,4]
|
6
|
6
|
Лекция 6. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің есебі және оны талдау.
|
[1,2,3,4,7]
|
7
|
7-8
|
Лекция 7. Басқарудағы жүйелік көзқарас негіздері. Менеджменттің дамуы.
|
[1,2,3,4,7]
|
8
|
9
|
Лекция 8. Кәсіпорынның сыртқы және ішкі жағдайлары.
|
[1,2,3,4,7]
|
9
|
10
|
Лекция 9. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы. Басқарудың қазіргі заманғы құқықтық-ұйымдастыру формалары.
|
[1,2,3,4,7]
|
Кесте 4
Тәжірибелік сабақтар
№
|
Апта
№
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары
|
Әдебиеттер
|
1
|
1-2
|
Автокөлік кәсіпорындарында жүктерді тасымалдау жоспарын құру.
|
[1,2,3,8,9]
|
2
|
3-4
|
Автокөліктерді пайдалану бойынша өндірістік бағдарлама құру.
|
[1,2,3,8,9]
|
3
|
5
|
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жоспарын құру.
|
[1,2,3,8,9]
|
4
|
6
|
Материалдық-техникалық жабдықтау шығындарын есептеу.
|
[1,2,3,8,9]
|
5
|
7
|
Еңбек пен жалақыны жоспарлау және есептеу.
|
[1,2,3,8,9]
|
6
|
8
|
Автомобильдермен тасымалдаудың өзіндік құнының жоспарын жасау.
|
[1,2,3,8,9]
|
7
|
9
|
Кәсіпорыннның түсімінің, пайдасының және рентабельдіктің жоспарын құру.
|
[1,2,3,8,9]
|
8
|
10
|
Қорытынды сабақ. Өзіндік (курстық) жұмысты қабылдау.
|
|
Білімгерлердің өзіндік (курстық) жұмыстарын орындауға арналған тапсырма
Кесте 5
№
р/н
|
БӨЖ (КЖ) тақырыбы
|
Тапсырма алу мерзімі
|
БӨЖ-ді қабылдау
|
Жұмыстың орындалу шарты мен көлемі
|
1
|
Көліктік қаржы жоспарын жасау
|
2 апта
|
10 апта
|
БӨЖ (КЖ) тапсырмасын әрбір білімгер вариант бойынша алады, жұм-ыстың көлемі 20-25 бет
|
Білімгерлердің өзіндік (курстық) жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен (еспетеулер) және қорытындыдан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тасымалдау мен өндірісті жоспарлаудың жалпы сұрақтары жазылады.
Негізгі бөлімде білімгерлер вариант бойынша алған тапсырмаларына сәйкес технологиялық көліктік қаржы жоспарын құрастыру есептерін шығарады.
Қорытындыда білімгердің жасаған көліктік қаржы жоспарын құрастыру есептеріне талдаулар жасап келтіреді.
БӨЖ тапсырмасын алу үшін вариант номерлерін оқытушы топ тізімі бойынша береді. СӨЖ тапсырмасы төмендегі 6-кестеде берілген.
Кесте 6
Көрсеткіштер
|
варианттар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Тасымалдау көлемі (Qжыл), млн. т
|
2,8
|
3,1
|
2,5
|
2,9
|
3,0
|
3,1
|
3,3
|
3,5
|
3,5
|
2,8
|
Автопркті пайдалану жаңдайы (категория)
|
2
|
3
|
3
|
3
|
2
|
3
|
1
|
1
|
3
|
3
|
Автопаркті пайдалану орны (қалалық жолдар, қала сыртындағы жолдар)
|
қала
|
қала
сырт.
|
қала
сырт.
|
қала
|
қала
сырт.
|
қала
сырт.
|
қала
|
қала
сырт.
|
қала
сырт.
|
қала
|
Автопарктің жұмыс режимі, күн (Др)
|
305
|
305
|
357
|
365
|
305
|
357
|
357
|
305
|
365
|
357
|
Парк құрамы, %%
-жаңа
-күрделі жөндеуден өткендер
|
-
100
|
40
60
|
50
50
|
30
70
|
20
80
|
10
90
|
-
100
|
-
100
|
10
90
|
15
85
|
Жүктің аттары, % және тасымалдау қашықтығы, км
-шағал, lорт= 4
-топырақ, lорт = 3
-кірпіш, lорт = 16
-темірбетон, lорт = 15
-рубероид lорт = 12
-шифер lорт = 9
-сығылған мақта,
lорт = 20
- ыдыс(жәшік), lорт = 15
-маталар, lорт = 20
-ұнтақ, lорт = 16
- төкпелі көкөніс,
lорт = 16
-бензин , lорт = 26
|
20
-
15
15
-
15
15
-
-
-
10
10
|
-
10
10
20
15
10
-
10
-
10
-
15
|
-
15
-
20
-
-
20
-
15
-
20
10
|
10
-
10
10
-
10
-
10
15
15
-
20
|
-
20
10
20
-
-
15
-
-
-
10
15
|
15
-
-
15
15
-
15
15
-
10
-
15
|
15
-
15
-
10
10
-
-
20
-
20
10
|
5
-
10
20
-
15
-
20
-
20
-
10
|
10
-
15
10
5
-
10
-
15
10
-
25
|
-
15
10
10
15
15
-
-
10
-
10
15
|
Пән бойынша лекция сабақтарының қысқаша мазмұны
Лекция 1. Кіріспе. Тасымалдауды басқару мен ұйымдастырудың негізі түсініктері және классиффикациясы. Бірыңғай көлік жүйесін басқару және ұйымдастыру
«Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәні өндірістік- шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін кәсіпорындардағы өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін қарастырады.
Жоғарыда айтылған кәсіпорындардағы өндірісті « ұйымдастыру», « жоспарлау», « басқару » түсініктерін анықтауға мүмкіндік береді.
«Өндірісті ұйымдастыру» – бұл өндірістік қатынастардың белгілі-бір жүйесі негізінде еңбек құралдарын, еңбек заттарын және орындаушылардың өз еңбегін уақыт пен кеңістікте тиімді пайдалану қалыптары;
«Өндірісті жоспарлау» – дегеніміз орындау әдістері мен мерзімдерін, нақты орындаушылар мен орындалуды бақылау қалыптарын көрсете отырып, орындалуға тиісті міндеттердің қойылымы.
«Өндірісті басқару» - бұл соңғы өнімді алу үшін қызмет түрінің мақсатқа сайлылығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын қорларына әсер ету процесі. Еңбек ұжымын басқару- дегеніміз оның еңбек қорларына әсер ету процесі.
Жүк тасымалдауларын жоспарлау қағидалары.
Жүк тасымалдауларын жоспарлау келешектегі, ағынды және шұғыл жоспар-лау болып табылады.
Келешектегі (стратегиялық) жоспарлаудың құрамына шаруашылық қызметінің көрсеткіштері мен негізгі бағыттарын 5 жылдан 15 жылға дейін ұзақ кезеңге жоспарлау кіреді. Ондағы барлық есептеулер нарықтық коньюнктураны сараптамалау және аймақтағы экономикалық-әлеуметтік процестердің дамуын болжамдау негізінде орындалады. Келешектегі жоспарлау – кезінде болжамдаудың осы заманғы әдістерін дұрыс пайдалану үлкен мәнге ие болады.
Ағынды жоспарлау бір жылға жүргізіледі. Бұл жағдайда бұл жұмыстың мүмкін боларлық көлемі мен оны орындау үшін қажетті қорлар қолда бар және жасалуға дайындалған келісім- шарттар негізінде есептелінеді.
Жұмыстар көлемдерін келісім-шарт бойынша игеру үшін қажетті қорларды есептеу кезінде бір реттік тапсырыстарды орындау мүмкіндігі мен ЖТ (ПС) қорын өндіруді ескеру қажет қор коэффмцментін пайдаланады.
Шұғыл жоспарлау - дегеніміз жоспарлық тапсырмаларды орындау уақытында, кеңістікте (өндірістік тапсырмаларды орындау орындары бойынша), басқарылатын нысан өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылу өзіндік ерекшелігі бойынша ( ЖТ, ПРМ құрылымы, технологияны таңдау және т.с.с.) нақтыландыру. Шұғыл жоспарлаудың құрамына тұтас алғандағы АТО және нақты АТС пен жүргізушілердің бір ауысымға берілген жұмыс жоспарларын жасап шығару кіреді. Шұғыл жоспарлау барысында келесі міндеттер шешіледі.
АТО тасымалдау мүмкіндіктерін есептеу;
ЖТ қозғалысының тиімді бағыт жолдарын есептеу;
ЖТ жұмысының сағаттық кестелерін құрастыру;
клиентура бойынша жұмыс жоспарын құрастыру;
тасымалдауларды орындау үшін қажетті қорлар мен күтіліп отырған шығындарын есептеу;
АТО жұмысының ауысымдық-тәуліктік жоспарын, ЖТ-ті жол бойына шығару кестесін құрастыру және жолдама құжаттамасын рәсімдеу.
Шұғыл жоспарлаудың негізгі құжаты ауысымдық –тәуліктік жоспар болып табылады.
ЖТ – ті келісімдік пайдалану кезіндегі ауысымдық – тәуліктік жоспардың құрамына келесі көрсеткіштер кіреді:
тасымалдауға тапсырыс немесе тасымалдауға жасалған келісім шарт нөмірі.
Автомобиль жолаушылар көлігі еліміздің бірегей көлік жүйесінің құрама бөлігі болып табылады. Көлік жүйесі – дегеніміз қатынау жолдарының, тасымалдау құралдарының, техникалық құралдар мен механизмдердің, басқару және байланыс құралдарының, технологиялық, техникалық, ақпараттық, құқықтық және экономикалық қатынастар жүйесімен біріктірілген көліктің барлық түрлерінің өзара жиынтығы.
Өз кезегінде, көлік жүйесі темір жол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль көліктерін, газ мұнай құбыры мен көліктің өндірістік түрлерін біріктіреді. Қала көлігінің өз алдына орны бөлек.
Қатынау жолдары –жылжымалы тізбек қозғалысы үшін жарақталып, жабдық-талған құрылымы әртүрлі автомобиль жолдары, әуе жолдары, құбырлар.
Тасымалдау құралдары – бұл жылжымалы тізбек, құбырлар, контейнерлер, поддондар, айналымдағы және бір реттік ыдыс.
Жылжымалы тізбек – локомотивтер, вагондар, кемелер, ұшақтар, тікұшақтар, дирижавльдер, автомобильдер, жартылай тіркемелер, көлік тракторлары мен көлік капсулалары.
Техникалық құралдары мен механизмдер - жүк тиеу –түсіру машиналары, конвейерлер, қаптама түзетін бункерлер, сұрыптау машиналары мен т.с.с.
Басқару және байланыс құралдары - бұл ақпаратты жинақтауды, сақтауды, өңдеу мен таратуды қамтамасыз ететін қондырғылар кешені.
Көлік түрлерін жарақтау – темір жол станциялары, вокзалдар, әуежайлар,пристаньдар, гараждар, тұрақтар, доктар, жөндеу шеберханалары мен зауыттары, қоймалар, жүк тиеу- түсіру пунктері, техникалық баптау станциялары және т.с.с.
Көлік жүйесі - дегеніміз тасымалдауларды орындау кезінде өзара әрекет ететін және бір-бірінен тәуелді көліктің алуан түрлерінің кешені. Әдетте « көлік жүйесі » термині мемлекетке, аймаққа немесе ірі қалаға қатысты қолданылады.
Қазіргі уақытта көлік жүйесінің құрамына көліктің келесі түрлері кіреді: темір жол көлігі, кейде рельстік көлік деп те аталады, теңіз, өзен (дәлірек айтсақ ішкі су көлігі); автомобиль, әуе көлігі, құбырлық көлік құбырларынан, өнім құбырынан (негізінен мұнай өңдеу өнімдерін айдау үшін арналған) тұрады және газ құбыры.
Көлік жүйесінің элементтеріне сондай-ақ келесілер: көліктің алуан түрлерінің кешені болып табылатын қала көлігі (метрополитен, трамвай, троллейбус, автобус және т.б.), өндірістік сондай-ақ ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың тікелей ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өндірістік көлік.
Достарыңызбен бөлісу: |