Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министірлігі



бет2/15
Дата18.10.2023
өлшемі245 Kb.
#119077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Пререквизиттер: жалпы физика курсы, философия, математика, информатика.
Постреквизиттер: оптика, атом, атом ядросының физикасы, кванттық механика.

Өзіндік жұмыс
Оқытудың шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселесі
Өзіндік жұмыс - студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктіліктерін дамытуда, олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Оны оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема.
Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы - оқытуда маман даярлауында ғана емес, ең бастысы ізденімпаздыққа, оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен дербестігі, нәтижелі саналы еңбекке ұмтылуына байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырадыда, ол танымдық еңбекті студент өзі жүзеге асырады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған, бірақ оның қызметін, ерекшеліктерін, ұйымдастыру мазмұнын анықтауда қалыптасқан бір көзқарас жоқ.
Р.Г.Лемберг пікірінше, өзіндік жұмыста оның мақсатын айқын түсіну, оның нәтижесіне жетуге ұмтылу және қызығу маңызды деп түсіндіреді.
П.И.Пидкасистый өзіндік жұмысты танымдық іс-әрекетті дамыту құралы ретінде қарастырылады.
Б.П.Есипов: «Оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады».
Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіріледі.
А.Н.Леонтьев жоғары оқу орындарында терең теориялық білім беруге, кәсібіне қатысты зерделеу сияқты қасиеттерге дұрыс ұйымдастырылған оқыту жұмысы мен аудиториядан тыс жүргізілетін өзіндік жұмыс негізінде қол жеткізуге болады деген пікір айтуға болады. Оның пікірінше, адамның жеке қасиеттерінің шын мәнінде қалыптасуы тек жеке бас ерекшеліктері мен табиғи дарындылықтарына ғана емес, осы бағыттағы нақты жүргізілетін жүйелі жұмыстарға да байланысты.
Кейбір авторлар өзіндік жұмысты оқытушының нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (А.К.Маркова, М.И.Низамов, Ә.М.Құдайқұлов т.б.), басқалары өзіндік жұмысқа оның мақсаты арқылы баға береді (В.Б Бондаревский, Н.Д.Хмель, Р.С.Омарова т.б).
Н.Д.Никондров пікірінше, өзіндік жұмыс оқытушының бағыттауы және ұйымдастыруымен, тапсырманы студенттің өз бетімен орындауы.
Өзіндік жұмысты болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіріледі.
Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін, дидактикалық сипатын көрсетеді.
Өзіндік жұмыс мәселесі төңірегінде жазылған еңбектерді талдай отырып, оның негізгі мағынасы әр түрлі бағытта талқыланатынын байқауға болады.
Сонымен, өзіндік жұмыс - студенттердің ойлау қабілетін дамытып олардың белсенділігін және танымдық бағдарын, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптас тыратын және танымдық біліктерін қажет ететін шығармашылық сипаттағы оқу жұмысы.
Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының мақсат-міндеттерін қамти отырып, танымдық қызмет атқарады. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығы мен қатар, белгілі бір дағды мен біліктерінің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білімді маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын біліктілік белгісі ретінде маңызы бар. Сондықтан жоғары оқу орындарында әрбір курста оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыстары тыңғылықты іріктеліп жүйелі жүргізілуі керек.
Өзіндік жұмыс - болашақ қызметінде маңызды білімі мен біліктігін қамтитын, стандартты емес шығармашылық тәжірибелерді жинақтайтын, танымдық ой-өрісті кеңейтуге маңызды, студенттердің оқу және одан тыс уақыттарда орындайтын әр түрлі тапсырмалар жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Өзіндік жұмыс істеу шеберлігі өзінен-өзі пайда болмайды, ол оқу мақсатына сәйкес, түрлі танымдық тапсырмаларды орындау, ізденімпаздықпен жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асады.
Кәсіби бағдарланған және педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар студенттердің кәсіптік даярлығын шыңдауға қолайлы жағдайлар жасайды.
Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, студенттердің өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктілігінің қалыптасу шарттарына: студенттің өзіндік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын төменгі курстан бастап меңгеруі; оқу жұмыстары, тапсырмалары студенттердің танымдық қызығушылығымен қажетсінуін қамтамасыз ететіндей деңгейде болуы; танымдық тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі мен деңгейлерге жіктелінуі, танымдық іс-әрекет нәтижелерінің тексеріліп, дұрыс бағаланып отыруын қамтамасыз ету қажеттілігі айқындалады.
Өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктіліктерін қалыптастыру: танымдық іс-әрекет мән-мағынасын, мақсатын түсінуді; оған деген ызығушылық пен қажеттілікті қамтитын мотивтерді; танымдық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім мен біліктілікті, дағдыларды және студенттің жеке басына тән интеллектуалдық қасиеттерін қамтитын, іс-әрекетті алдын-ала жоспарлай білуді, оны ұйымдастыра алуды; іс-әрекеттің нәтижесіне деген жауапкершілікті сезінуді қамтитын; өз іс-әркетіне есеп беріп, реттеп отыруды; нәтижені бағалай білу және саралай білуді қамтитын реттеуші – бақылау түрінде анықталады.
Демек, болашақ мамандардың теориялық білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылық ұмтылысына, мәдениеттілігіне, біліктерінің қалыптасуына дұрыс ұйымдастырылған оқу ісі мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізе алады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру түрлі әдістері, тәсілдері мен принциптерге байланысты.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мынадай принциптерге негізделеді:
1.Жоспарлау принципі - студенттердің оқу танымдық жұмыстарын ұйымдастыруды аудиториялық және одан тыс уақыттағы жұмыстарын тиімді ұштастыруға олардың өз уақыттарын ұтымды пайдалана білуге негізделеді. Қажетті шарты мыналар болып табылады:

  • сабақ кестесінің тиімді болуы;

  • өзіндік жұмыс көлемінің анықталуы және олардың негізділігі;

  • өзіндік жұмыс формаларының оқу жоспары мен сабақтастығы;

  • өзіндік жұмыстардың көкейтесті мәселені қамтуын, студенттердің қажетті біліктілігін дамытуға т.б. бағыттылығын ескеру;

  • өзіндік жұмыстар көлемін, берілетін уақытты, нәтижесін бағалау т.б. жоспарлау.

2.Студенттің танымдық белсенділігі - өзіндік жұмыста студенттердің білімі мен біліктілігін ұтымды, әрі белсенді пайдалана алуы нәтижесінде шығармашы лық сипатта еңбек етуіне негізделеді. Мынадай шарттар ескерілуі қажет:

  • уақытты тиімді пайдалану;

  • танымдық қызығушылығының болуы;

  • танымдық біліктерінің жеткілікті деңгейі;

  • танымдық ізденімпаздығының жоғарғы деңгейі.

3.Өзектілік принципі – мәселені, тапсырманы шешуде және өзіндік танымдық іс-әрекеттерде өзекті проблемаларды таңдау, проблемалық ситуацияларды дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы нәтижеге жетуге негізделеді.
Шарттары:

  • ғылымның көкейтесті мәселелерін шешуге ұмтылу;

  • танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ой өрісін жетілдіруге ұмтылысы;

  • дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалана білу;

  • жаңашылдыққа құмарлық;

  • нәтижеге жетуге ынтызарлық, мақсаткерлік.

4.Өзіндік жұмыстардың болашақ маңыздылығы мен сабақтастық принциптері – студенттердің болашақтағы кәсіби қызметі мен байланысы және кәсіби маңызды біліктерінің жетілдіруге бағытталуына негізделеді:

  • өзіндік жұмыстар мазмұны кәсіби қызметінен тығыз байланыста болуы;

  • кәсіби біліктерін дамытуға бағытталуы;

  • теориялық білімі мен біліктерін нақты жағдайда пайдалана алуы т.б.

5.Өзіндік жұмыстардың бір ізділігі, жүйелік принципі – студенттердің танымдық іс-әркеттерінің жүйелі жүргізілуі және біртіндеп күрделендіре отырып, ғылыми нәтижеге жетуге бағыттауға негізделеді.
6.Бақылау, бағалау принципі - оқытушының, студенттердің бір-бірін, өзіндік бағалауы, жұмысқа дұрыс баға беруге бағытталады.
Өзіндік жұмыстар қызметтерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • өзіндік тапсырмаларды орындау кезінде студенттің кәсіптік-ақпараттық ой-өрісін, сенімін және кәсіптік маңызды біліктерінің қалыптасуын жүзеге асыру;

  • студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білімдерін бекіту;

  • өз бетімен кәсіби маңызды және жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған танымдық іс-әрекетін дамыту;

  • студенттердің кәсіптік бағдарлауын, қабілеті мен мүмкінділігін, кәсіби ынтасын ескере отырып өзіндік жұмыстарды, танымдық тапсырмаларды орындау барысында ізденімпаздығы мен шығармашылық бағытын қалыптастыру;

  • озат тәжірибе мен алдыңғы қатарлы ғылыми идеяларды практикада шығармашылықпен пайдалануға баулу:

Р.С.Омарова өз зерттеулерінде жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық өзіндік жұмыстарды дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай 5 топқа жіктейді:

  1. Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар;

  2. Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар;

  3. Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар;

  4. Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар;

  5. Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет