Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар – жоғары да көрсетілген өзіндік жұмыстар түрлерін орындау үрдісінде жүзеге асады. Мысалы, жаңа эмпирикалық және практикалық білім алу үрдісінде теориялық білім бекітіліп, жүйеленіп отырады. Сондай-ақ білік пен дағды қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар да осы міндеттердің орындалуына септігін тигізеді. Бірақ бұл жұмыстар сапалы білім алуда үлкен маңызы болғанымен, білімді жүйелеу мен бекітудің барлық міндеттерін шеше алмайды.
Кәсіптік түрде бағытталған және педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар, студенттердің кәсіби дайындығын дамытуға тиімді жағдайлар жасайды. Бұл мәселелерді шешу жұмыс істеуге жағдай жасау, уақыттағы тиімді пайдалану, орындайтын тапсырмаларды жоспарлай және ұйымдастыра білу тәсілдерін игеру арқылы мүмкіндік болады.
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты
Жалпы ереже Оқу жүйесі студенттердің өзіндік жұмысын қарастырады, яғни студент оқытушысының басқаруымен аудиторияда және өздігінен орындайтын.
Өзіндік жұмыс маманның жаңа типін қалыптастыруға мақсатталған, яғни ол өздігінен қажетті мәліметті таңдауға, өңдеуге, талдауға үйреніп және оны қажетті кезеңде тиімді пайдалана білу.
Мақсатқа жетуде студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру қажетті болып табылады осыған байланысты студенттердің білім санасы және тереңдігі және жалпы оқытудың нәтижесі беріледі.
Ол төмендігі бөлімдерді қамту қажет:
Аудиторияда алған білімдерін кеңейтуге, бекітуге және тереңдетуге;
Жаңа білімдерді активті қалыптастыру
Қарастырылып отырған мәселелерді шешуде шығармашылық әдісті дамыту.
Студент индивидуалдылығын көрсетеді
Ситуациялық мәселелерді шешудегі практикалық қалыптастыру.
Өзіндік жұмыс студенттің бойында төмендегідей іс-әрекеттерді қалыптас тырады арнайы әдебиетпен, анықтамалық әдебиетпен, мерзімді басылымдармен Интернетпен; жұмыс істей білу. Сонымен қатар қарастырылып отырған міндетті шешуде, ұйымдастырушылық, тәртіптілікті, активтілікті көздейді.
Өзіндік жұмыстың келесі формалары кеңінен қолданылады:
Сарамандық және зертханалық сабақтарға дайындалу.
Сұрақтарға, коллоквиумдарға дайындалу.
Тестілеуге дайындалу, аудиториялық бақылау жұмысына дайындалу.
Үйге берілген бақылау жұмысына және тапсырмаларға дайындалу.