Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министірлігі


Әдебиеттермен жұмыс істеу тәртібі



бет8/15
Дата18.10.2023
өлшемі245 Kb.
#119077
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Әдебиеттермен жұмыс істеу тәртібі:
Бұл әдістің мәртебесі – студент өзіне қолайлы қарқында және өзіне қолайлы уақытта қайта-қайта оқу ақпаратын өңдеуге мүмкіндік . Оқулықтар өзінің барлық қызмет түрлерін жемісті орындайды: оқытушы, дамытушы, тәрбиелеуші, оятушы, бақылаушы-түзетуші.
Әдебиетпен жұмыс - студент үшін күрделі әрі қиын оқыту әдісі. Студенттердің көпшілігі өз мерзімінде ондағы оқу материадарын толық меңгермейді немесе меңгеруге үлгермейді: оқи алса да, оқығанын толық түсіне алмайды. Сондықтан бұл әдістің көлемін жалпы жүйеде өсіру қажет.
Әдебиетпен жұмыс әдісіндегі кемшілік уақыт пен күштің көп жұмсала - тындығында, сондықтан аталған әдіс аз күш жұмсайтындарға қолайлы. Сонымен бірге, ол студенттердің жеке ерекшеліктерін ескермейді. Нашар құрастырылған кітаптар оқу үдерісінде өзін-өзі бақылауға және басқаруға қажетті материалдар мен қамтылмаған. Сондықтан ұстаз жақсы құрастырылған кітаптарды дұрыс таңдап, бұл әдісті басқа әдістермен сәйкестендіру арқылы оқу үдерісін жемісті жүзеге асыруы шарт.
Ақпараттық технологиялар
Бүгінгі күні білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалану бұл оқытушының білімі мен іскерлігінің және кәсіптік педагогикалық шеберлігінің элементі ретінде қарастыру қажет. Қоғамдық мәні бар барлық адамзат қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған адамзат өркениетінің ортақ, кезек күттірмейтін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап, ХХІ ғасырдың басына дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру деп атайды.
Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар – адамзаттың интеллектуал дық жетістіктерін өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге қабілетті құрал.
Кейс технологиясы
Студенттердің білім алу барысында шығармашылығы мен өзіндік ізденісін арттыратын тиімді әдістердің бірі - кейс әдісі. «Кейс әдісі» латын тілінен «шиеленіскен» немесе «ерекше жағдай» дегенді білдіреді. Оқыту процесінде кейс әдісін интерактивті әдістің бір түрі ретінде немесе кәсіби әрекеттің белгілері бар іскерлік ойын ретінде сипаттауға болады. Кейс технологиясында оқу материалы студенттерге проблемалық жағдайлар арқылы ұсынылады, студент шешім қабылдау барысында белсенді зерттеу және шығармашылық әрекетіне сүйеніп, шыңдайды.
Кейс - оқыту мақсаты үшін бейімделінген проблемелық сипаттағы кәсіби қызметтің нақты немесе ойдан шығарылған жағдайының сипаттамасы. Кейстің мазмұны тақырыпқа «байланған», оның шешімі мәселенің мән-мағынасы мен одан шығу жолдарын анықтауды ұйғарады. Қашықтықтан оқыту жүйелерінде бұл термин студентке берілетін немесе жөнелтілетін дәстүрлі оқу материалдарының жинағын белгілеу үшін жиі пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет