Шарттың тараптары. Шартты жасаушы түлғалар шарттың тараптары немесе субъектілері деп аталды. Рим құқығы тараптардан шартты тікелей өздерінің жасауын міндеттеді.
Тек кейіннен ғана кейбір шарттар бойынша өкіл арқылы шарт жасау қарастырылды. Шарт тек әрекет қабілетті түлғалар үшін ғана өз еркімен шарт жасау мүмкіндігін берді. Әрекет қабілетсіз тұлғалар үшін шартты олардың занды өкілдері жасады. 7 жастан асқан әрекет-кабілетсіздер тек өзіне тиесілі мүлік көлемін көбейтуге қатысты ғана мәмілелерді жасай алатын.
Кейбір жағдайда шартқа бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысатын. Егерде міндеттеме пәні бөлінбейтін болса, одан туындайтын міндеттемені әр қатысушы өзінің үлесіне қатысты орындайтын. Бұл үлестік міндеттеме. Ортақтасқан жауапкершілікте бірнеше субъектінің әрқайсысы міндеттемені тұтас орындайтын болды немесе тұтас талап етуге қүқылы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |