Бақылау сұрақтары:
Мiндеттеме. Натуралдық мiндеттемелер
Мiндеттеменiң пайда болу негiздерi
Мiндеттемелердi классификациялау
Бiр жақты және екi жақты мәмiлелер
Контрактiлер мен пактiлер
Бiр жақты және синалагматикалық шарттар.
Ерiк және ерiктi бiлдiру
Өкiлдiктiң шарттары мен мерзiмдерi.
8-тақырып. Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі
Мақсаты: Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі, соның ішінде бір жақты және екі жақты шарттарды, шарттың тараптары мен шарттарды топтастырудың ерекшеліктерін оқыту.
1.Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі
2.Вербалдық шарттар ұғымы
1.Шарт - бұл екі немесе одан да көп тараптардың кандай да болмасын міндеттемені бекітуі туралы келісімі. Римде міндеттеменің ең көп кездесетін қайнар көзі шарт(contractus) болды.
Контракт термині орыстың шарт терминінің синонимі. Бастапқыда ол тек шартқа қатысты ғана емес басқа міндеттемелерге қатысты да қолданылды.
1 и 2 Б. 1.3 фрагменттерді қатар қарастырсақ, біз Папинианның Демосфеннің аудармасына анықтама бере отырып, соntrahuntur деликті туралы жазады; алдау, қылмыс жасау fraudem contrahare, сrimen соntrahare сөздерімен көрсетіледі. Бірте-бірте contrahare, contractus сөздері жақын сөздер бола бастады және ол міндеттеме ретінде тараптардың келісімі арқылы пайда болатын және талаппен қорғалатын шарт түсінігіне катысты қолданылды.
Кейіннен римнің құқықты жүйелеушілері жалпы ұғым conventinio-келісімді қолдана бастады. Бүл мынадай түрлерге бөлівді: а) contractus - талаппен қорғалатын шарт, б) pactum - келісім, ех nudo расtо асtіо non nascitur (Сентенции Павла, 2.14.1) ережесінесәйкес талап берілмеді.
Ульпиан conventio сөзін түсіндіре отырып: адамдар әртүрлі жерден бір жерге әртүрлі мақсатпен бірігеді, олар бір нәрсеге келіседі.
Кез-келген шартта екі тараптың еркі білдіріледі, сондықтан шарт-бұл екі жақты мәміле. Міндеттердің бір тарапқа бекітілуі немесе екі тарапқа да бекітілуіне байланысты мәміле бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, сатып алу-сату шарты екі жақты шарт, себебі тараптардың екеуінде де міндет те, құқық та бар. Сатушының құқығы сатылған тауарына ақша сомасын алу, сатып алушының сатып алынған тауарды алу. Міндеттері: ақша төлеу, екіншісінікі тауарды беру. Ал, қарыз шарты біржақты. Шарт жарамды деп есептелінеді, егерде шарттың міндетті талаптары сақталса. Бұл талаптарға: шарттың бекітілген нысанын сақгау; ерік пен ерік білдірудің сәйкес келуі; шартта мәнді талаптардың болуы; шарт негізінің болуы. Ерік- тұлғаның шарт жасауға ниеті. Ерік білдіру- еріктің сыртқа шыққан көрінісі. Ерік білдіру ерікке сәйкес келмейді деп есептелінеді, егерде шарт қорқыту, алдау, адастыру негізінде жасалған болса. Бірақ барлық адасудың құқықтық маңызы болған жоқ. Құқықтық адасу мәміле сипатындағы қате, мәміле пәніндегі, міндеттеме мақсатындағы қате. Келісімде тараптардың еркі еркін көрсетілуі тиіс. Кез-келген мәміледе ерік мүлде болмайды, егер мәмілені бала жасаса, ақыл-есі жоқтар жасаса. Сонымен қатар шарт деп танылмайды қалжың салдарынан жасалған мәміле, бүркемелеу мақсатында жасалған мәміле. Бүркемелеу арқылы жасалған мәміле дегеніміз- бір мәміле екінші мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын болса. Заңды түрде танылған ерік шартта ( мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан шарттың мәнді талаптары деген түсінік болды. Бүл талаптар оларсыз шарт болуы мүмкін емес және жасалмаған деп саналатын талаптар. Кез-келген шарттың өзінің мәнді талаптары бар және оны тараптар оған келісуі керек. Шарт өзінің мақсатына және мазмұнына сәйкес анықталған болуы кажет. Шарт анықталған болуы керек мазмұны бойынша, соның ішінде әрекет және затқа қатысты, сонымен қатар несие берушінің мүддесін көрсетуі тиіс. Шарт құқық қабілетті және азаматтық мәртебесі бар тараптармен жасалган кезде заңды деп саналады. Шарттың пәні заттар, ақша, жұмыс, қызмет болуы мүмкін. Шарттың пәні топтық белгілермен немесе жеке белгілермен анықталған зат болуы мүмкін. Жеке белгілерімен анықталған зат жойылған кезде міндеттемені табиғи түрде орьндау мүмкін емес болды немесе жойылған затты ауыстыру мүмкін болмайтын. Борышқордың кінәсінсіз топтық белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде міндеттеме тоқтатылмайды, себебі жойылған затты ауыс-тыру мүмкіндігі сақталды.
Шарттың мәнді талабы мерзім болуы да мүмкін. Мерзім- шарттың әрекет ету немесе тоқтату кезеңін білдіретін уақыт аралығы. Мерзім күнтізбелік, анықталмаған немесе шартты болуы мүмкін.
Шартты мерзім кезінде міндеттеменің пайда болуы немесе тоқтатылуы белгілі бір жағдайларға байланысты. Шартты мерзім пайда болуы кейінге қалдырлатын немесе тоқтатылуы кейінге қалдырылатын мерзім болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |