Заттарды біріктіру. Заттарды біріктіру бір затты екінші затқа қосу және оның бір құрамдас бөлігі болу. Заттарды біріктірген кезде әр түрлі меншік иесіне тиесілі заттар бірігеді. Қозғалатын заттар ұнтақталатын заттар және ұнтақталмайтын заттарды араластыру нәтижесінде бірігетін. Біріктірген заттардың қайсысы негізгі зат деген сұраққа заттың шаруашылық бекітілу маңыздылығына, құндылығына байланысты анықталды. Жаңадан пайда болған заттың меншік иесі біріктірілген заттың құнын төлеуге міндетті болды.
3.Меншік қүқығын корғау кез-келген қүқық бұзушыға қарсы әрекет еткен заттық талаптармен жүзеге асырылды. Меншік құқығын корғауға байланысты 70-тен астам талап болды. Негізгі талаптар виндикациялық және негаторлық бодды.
Өзінің заңды иеленуін қайтару үшін меншік иесі арнайы виндикациялық талап коюға құқылы болды.
Виндикациялық талап меншік иесінің еркінен тыс шыққан затын қайтарып алу туралы талабы, яғни бөтен біреудің заңсыз иеленуінен затты қайтарып алу туралы талап. Талапкер болып меншік иесі танылады, ал жауапкер дау туған кездегі затты иеленуші кез-келген түлға. Меншік құқығын дәлелдеу талапкерге жүктелді, егер дәлелдей алмаса жауапкер оны құқықтық салдар туындататын айьштау құқығына ие болатын. Дәлелдеген жағдайда затқа меншік құқығы арнайы соттың бұйрығынсыз, бірақ сот шешімін орындау тәртібімен бұрынғы меншік иесіне өтетін. Егер де жауапкер талапкерге затты қайтармаса сот шешім шығарған кездегі заттың құны бойынша жауапкершілікке жүктелетін. Осы талаптың көмегімен Пампониийдің айтуы бойынша, тек жекелеген заттар ғана емес, атарларды да виникациялауға болатын. Бүл жерде табын, үйір т.б. топ-тобымен жүретін малдарға қатысты да айтуға болады, яғни жекелеген мал емес тобы біздікі болса, виндикациялауға болады. Сонымен қатар, егер кімде-кім бөтен біреудің тастарынан өз учаскесінде үй тұрғызса, ол үйді виндикациялай алады.
Талаптың басты мақсаты затты барлық өнімдерімен қалыпты жағдайда қайтару. Бірақ судья затты талапкерге қайтару кезінде жауапкер адал иеленуші болса, затты сақтауға кеткен шығындарды өтеу туралы міндетті жүктей алатын. Ал, адал емес иеленуші затты қайтара отырып, өнім мен кіріс құнын қайтаруға міндетті болды. Сонымен қатар адал емес иеленуші заттың жойылғаны үшін барлық жағдайда да жауап беретін.
Достарыңызбен бөлісу: |