Меншік құкының түрлері. Меншіктің үш түрі белгілі болды. Олар:
Квириттік меншік
Преторлық меншік
- Перегриндік меншік
Квириттік меншік ерте Римдегі меншіктің ертеректегі түрі болып саналады. Квириттік меншік құқығының белгілері: квириттік меншіктің субъектісі болып тек рим азаматы саналатын; квириттік меншіктің объектісі тек манципациялық заттар; квириттік меншік құқығы тек манципация жолымен пайда болатын. Шаруашылық өмірдің дамуына байланысты азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындады және рим емес азаматтардың құқықтарын қорғау қажет болды. Біртіндеп меншіктің жаңа түрі пайда болды және ол квириттік құқықпен танылмады және қорғалмады, бірақ претордың қорғауында болды. Претордың қорғауымен жүзеге асырылған меншіктің түрі преторлық меншік деп аталды. Преторлық меншік бойынша манципациялық заттар манципациялық емес жолмен иеліктен шығарылатын. Квириттік меншік бойынша мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылып, виндикациялық талап берілетін және бұл азаматтық айналымның тұрақтылығьна кері әсерін тигізетін. Кейін мұндай нысан шаруашылықтандырудың жаңа нысанына сәйкес келмеді. Сондықтан претор мұндай жағдайда жауапкердің құқықтарын қорғайтын, және мәміле орындалған болса, претор судъяға талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жазба жазатын.
Перегриндік меншік преторлық меншікпен қатар дамыды және ерекше түрі ретінде қарастырылды. Себебі перегриндар ерекше мәртебеге ие болды, нақтырақ айтқанда олар рим азаматтарына қарағанда құқықтары шектелген болатын. Меншік сонымен қатар ортақ болуы да мүмкін, егер екі немесе одан да көп тұлғаға тиесілі болатын болса. Ортақ меншік иелері ортақ пайдалану және иелену құқығына ие болды. Өнімдер де олардың үлестеріне қарай бөлінетін. Егер де затты пайдалану әдеттегі тәртіптен шығып кетсе, онда басқалардың келісімі қажет болатын.
2. 1. Меншік құқығының пайда болу тәсілдері бастапқы және туынды тәсіл деп екіге бөлінетін. Бастапқы тәсіл дегеніміз затқа меншік құқығының алғаш пайда болуы. Мұндай тәсілдерге басып алу (оккупация), иелену көнелілігі бойынша меншік құқығының пайда болуы, қойма, спецификация жататын.
Туынды тәсіл дегеніміз меншік құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі. Бұған: заттарды беру, өсиет бойынша бас тарту, бөтен біреудің меншігін пайдаланудан түскен кіріс, өнім және шарт негізінде меншік құқығының ауысуы жатады.
Оккупация дегеніміз ешкімге тиесілі емес затты өз меншігіне айналдыру. Басып алу иесіз заттарға қатысты қолданылады. Ешкімге тиесілі емес заттарға - иесіз заттар, жабайы аңдар, құстар, балықтар, табиғи емес заттар;
- бас тартқан заттар, сынған заттар, бүлінген заттар;
- бұрын рим азаматына тиесілі болмаған жаулап алу және соғыс кезінде алынған заттар жатады.
Жоғалтылған және жасырылған заттар екіге бөлінді: олжа жэне қойма деп.
Достарыңызбен бөлісу: |