Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан
Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй.
Меншік иесі: “Төлеби туы кz” қоғамдық-саяси газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Газет Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде 2013 жылғы 20 маусымда тіркеліп, №13704-Г куəлігі берілген.
ЖШС директоры ─
бас редактор
Əбдімəлік
Түймебекұлы
РАХМАНҚҰЛОВ
Телефондар: Бас редактор 6-20-14, факс
(872547) 6-20-14, бас редактордың
орынбасары, секретариат 6-19-99, бөлім-
дер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет, тұр-
мыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,
бухгалтерия 6-19-52.
Газет айына бір рет шығады. Редакция
материалдардағы фактілердің дұрыс-
тығына автор жауапты екенін ескертеді.
Газет редакцияның компьютер
орталығында теріліп, “АР-принт”
ЖШС-нің баспаханасында басылды.
Баспахананың мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Тəшенов
көшесі, №24 үй.
Газетке жазылу индексі 66745
Таралымы 1872
Тапсырыс №
8
21-наурыз 2015 жыл
Áiëiì ´ëåìi
Оқу мен оқытудың өзара қарым-қатынасы барлық
уақытта педагогиканың өзекті мəселесі болып отыр.
Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми
негізін іздестіруді бастаған, соның негізінде əрбір
оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының
даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта
оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.
Бұл мəселеге орыс педагогикасының негізін салушы
К.Д.Ушинский де назар аударған. Ол өзінің «Адам
тəрбие пəні» атты еңбегінде баланың түрлі жас
ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму
ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті
факторы оқу мен оқыту деп жазды.
Оқыту мен тəрбиелеудің арақатынасы жөніндегі
мəселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ.
Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі
Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқу мен оқытудың
арақатынасы мəселесін шешудің өзіндік тəсілдерін
ұсынды.
Ең бiрiншi кезекте мұғалiмнiң «өзiндiк жаңалығы»
болуы керек. Ғылым жаңалығын түрлендiруде өз үлесiн
қосу арқылы жасаған нəтижелi жұмысы өзгелердiң
тəжiрибесiн алмай, жаңа ортаға икемдеп, өзiндiк iс-
əрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай бір нəтижеге қол
жеткiзу керек деп ойлаймын.
Айтатын болсақ, ол – оқыту əдістемесіне, əдiсiне жаңа
элементтер ендiру, оның нəтижесі арқасында уақытты
тиiмдi пайдаланып, сапалы да саналы білімді биiкке
көтеру. Мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк
педагогикалық ынтымақтастық жолдарын таба отырып,
дарынды, талантты, уақытша үлгерiмi төмен оқушы-
лармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа əдiстерiн
ендiру.
Сабақты ұйымдастыруға Л.Т. Охитина:
1) мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруы:
а) жұмыстағы шығармашылық көңіл-күй,
б) сыныппен психологиялық қарым-қатынас
2) мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін
ұйымдастыруы:
а) бақылау мен қабылдауды ұйымдастыру,
б) зейінді ұйымдастыру,
в) есті жаттықтыру,
г) түсініктерді қалыптастыру д) ойлауды дамыту
е) қиялдауды тəрбиелеу,
ж) дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды
жатқызады.
Оқу мен оқытудағы маңызды міндеттердің бірі —
оқушыларды оқу ынтымақтастығына дағдыландыра
оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың
ынтымақтастығы негізінде жасалады. Ол оқу
бірлестігіңдегі үш басты сипаттамаларды ажыратады:
— өзара əсердің симметриясыздығы (бала үлкен
адамды қабылдамайды, ол өзіне қажетті білімді іздес-
тіреді, ал мұғалім баланың ізденісін ретттеп, тиім-
дендіреді);
— баланың танымдық инициативасы;
— жаңа білімге нақты сұраныс жасау.
Н.БАЙҒОНОВА,
П.Тəжібаева атындағы №3 жалпы
орта мектептің тарих пəнінің мұғалімі.
Жаңаұйым шағын
жинақты жалпы орта
мектебінде мектепішілік
бастауыш сыныптар
апталығында əдістемелік
жетекшісі К.Карабалаева
мен бастауыш сынып
мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен «Ең
үздік əрі өнерлі оқушы»
байқауы болып өтті.
Байқау 5 бөлімнен тұрды.
1. Таныстыру.
2. Үй тапсырмасы
(қолөнер)
3. Егер де сен...
(жағдаяттан шығу)
4. Шығармашылық жұмыс (өз ауылының болашақ көрінісі)
5. Өз өнері (əн, би, қара сөз, оқу шебері, көрініс)
Байқауды əділ бағалап, тақырыпқа сай өнерлі оқушыны əділқазы мүшелері таңдап
берді. Бұл байқаудың мақсаты -- бала бойындағы өнерін ашу.
Əділқазы мүшелері өз өнерімен ерекшеленген 2 «А» сынып оқушысы Ниязбек
Мұхамедғаниды ең үздік əрі өнерлі оқушы деп танып, бас жүлдені берді. 2 «А»
сынып оқушылары Жанна Серікбай «Көрермен көзайымы», Əлжазира Бектай
«Полиглот», 3-сынып оқушылары Ұлбосын Оңғарбай «Шебер биші», Замира
Тайбағар «Көшбасшы», 2 «Ə» сынып оқушылары Айдын Базарбай «Қолөнер
шебері», Сұлтанбек Жанарыс «Парасатты оқушы», 4-сынып оқушылары Тұрғынбек
Жанберік «Сегіз қырлы, бір сырлы», Əсел Шырынбекова «Ақылына көркі сай»
номинацияларымен марапатталды.
Ұлбосын УНЕРБАЕВА,
Жаңаұйым орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Момынай орта мектебінде бастауыш
сынып мұғалімдері аудандық білім
бөлімінің əдіскері Əуелбекова Анар
Бердібекқызының бастамасымен "Бас-
тауыш сынып оқушыларының функцио-
налдық сауаттылығын арттыруда білім
берудің заманауи əдістемелері мен
тиімді педагогикалық технлогияларын
оқу үрдісіне енгізу" тақырыбында
семинар өткізді. Сол семинар аясында
мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі,
аудандық шығармашыл топтың мүшесі,
ІІІ деңгейдегі сертификатталған мұғалім
Қарлығаш Қарабалаева "Бастауыш
сынып сабақтарындағы критериалды
бағалаудың тиімділігі" тақырыбында ше-
бер сабақ өткізіп, ұстаздарымызға
оқушыны критерий арқылы бағалаудың
маңыздылығын көрсете алды. Қазіргі
кезде көп дау тудырып, барлық ұстаздар
арасында шешімі табылмай жүрген
сұрақтардың біріне өзінің ізденімпаз-
дылығымен жауап берді. Сабақ бары-
сында тапсырма орындата отырып, сол
тапсырманы сыни тұрғыдан бағалаудың
маңыздылығын көрсетіп берді. Шебер
сабақ семинарға қатысушы жəне сол
мектептің тəжірбиелі ұстаздарының
көңілінен шыққандығын, кері байланыс
парақшалары мен Қарлығаш əріп-
тесімізге айтқан тілектерінен байқалды.
Б.БЕКЕЕВА,
Жаңаұйым орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Асыл анам, сұлу анам, адал анам,
Əрқашан да пана болған, ажарлы анам
Ақ сүтіңмен мына бізді өсірген,
Өмір бойы алғыс айтып өтем мен.
Бойжетіп, алыс кетсем өзіңнен,
Қимай кетіп, сағынып кеп тұрам мен.
Өзіңмен өткізген əрбір күнімді,
Күлімсіреп еске алып жүрем мен.
Зарина ОШАҚБАЙ,
Бірінші Мамыр орта
мектебінің оқушысы.
Анама
ΰó ìåí î°ûòóäà ì½μàëiì-
íiº ïñèõîëîãèÿëû° ðîëi
Áàñ°àëàðäû ¾éðåòå îòûðûï,
¼çiìiç äå ¾éðåíåìiç
Ñåãiç °ûðëûëàð ñàéûñû
Елім, жерім деп өш-
пес ерлік көрсеткен,
қазақтың маңдайына біт-
кен батыр ақындар, арыстар жетерлік.
Осынау азат күнді аңсаған ата-
бабаларымыз, бəлкім, жаратқаннан
қазағымның туын əлемге мəңгі жел-
біретер жарық жұлдызды тілеген болар.
Сол тілеулері қабыл болып, қазақ елі
үшін Нұрсұлтан Назарбаев атамыз
дүниеге келген секілді. Жаратқанға
шүкір дейміз, дəл осындай басшыны
қазақтың бағы үшін жаратқанына.
Қараңғы түннің аспанына қарасаң,
соншама жұлдыз ішінен жарқырап,
дараланып əлде бір жұлдыз жарқырап
тұрары анық. Дəл сол секілді қаншама
уақыт бойы ауыртпалықты басынан
өткізген қазақ халқының көгінде жар-
қырап, президентіміз Нұрсұлтан ата
еліміздің бағына туған жарық жұлдыз
болып қала бермек. Міне, осы күнде
басшымыздың ерен еңбегі мен адал ақ
ниетінің арқасында Қазақстан мемлекеті
əлемнің алпауыт елдерімен терезесін
теңестірді.
Гүлайым ҚҰДАЙБЕРГЕН,
№6 жалпы орта мектептің
11-сынып оқушысы.
Åë Ïðåçèäåíòi – °àçà° áàμûíà
òóμàí æàðû° æ½ëäûç
Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 23 жылдығына арналған аудандық жалпы
орта білім беретін мектептері оқушылары арасында шахматтан спартакиада өтті.
Ауданымыздағы алты аймақтағы жарыстарда жеңімпаз атанып, іріктеліп келген
командалар арасында аудандық жарыс тартысты да қызықты өтті. Жарыста ерекше
көзге түскен Ақбастау орта мектебінің шəкірттері Айжан Егемберді, Алихан Бекарыс,
Егемберді Абылай жоғары биіктерден көріне білді. Жаттықтырушы Берік Əлімқұлов
баптаған Ақбастау орта мектебінің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Қайрат
Жұмағұловтың шəкірттері, яғни Байболов атындағы орта мектеп командасы екінші,
Біркөлік мектебінің командасы (жаттықтырушысы Сұлтан Төребаев) үшінші орынды
иеленді.
Жеңімпаз жəне жекелей көзге түскен оқушылар аудандық білім бөлімінің мақтау
қағаздарымен марапатталды.
Ермек СҰЛТАНОВ,
аудандық білім бөлімінің əдіскері.
¿Û‰‡Ì‰˚∞ Òԇڇ͡‰‡
Ï´ÂÒiÌÂ ÊÂÚÚi
Бастауыш сынып -- білім берудің
алғашқы баспалдағы десек, жас
шыбықтай желкілдеп өсіп келе жатқан
шəкірттерге сапалы біліммен қатар, саналы тəрбие беру əрбір ұстаздың міндеті.
Сондықтан да заман талабына жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту
мақсатында бірнеше жылдан бері «Оқушыларды шығармашылыққа баулудың
жолдары» атты тақырыпта ізденіп келемін. Кейінгі əдіс-тəсілдерді іздестірумен бірге,
оны іс жүзінде қолданудың нəтижесінде жақсы жетістікке жетуге болатынына көз
жеткіздім. Өзімнің іс-тəжірибемде оқушылардың өлеңді мəнерлеп оқу дағдысын
қалыптастыруға ерекше көңіл аударумен қатар, өлең жазу қабілеттерін арттыратын
жаттығуларды жүзеге асырдым. Нəтижесінде бірнеше шəкірттерім ақындық өнерге
бет бұрып, тырнақалды туындыларын дүниеге əкелді. Солардың бірі -- Өмірəлі
Аңсар мен Қарақат Құрбанбайдың шығарған өлеңдерін назарларыңызға ұсынамын.
Мен шəкірттеріммен мақтанамын жəне келешекте шығармашылық табыс тілеймін.
Нағима ИБРАЙЫМОВА,
Бірінші Мамыр орта мектебінің мұғалімі.
Áiëiì ´ëåìi
7
21-наурыз 2015 жыл
Áàëàëàð øûμàðìàøûëûμû
Ұлтым қазақ, тілім қазақ,
Мұсылманмын, түрім қазақ,
Сөйлеу парыз өз тілімде
Сөйлемесем, болам мазақ.
Туғаннан соң қазақ болып,
Қасиетті озат болып,
Қалу керек əрқашанда
Тəуелді емес, азат болып.
Тіл арқылы айтылады жан сырың,
Тіл арқылы ашылады сан қырың.
Сондықтан да тіліңменен тоғысып,
Гүлденеді сенің өмір тағдырың.
Аружан ІЗБАСАР,
6-сынып оқушысы.
Өмір деген армандардан құралған,
Өмір мынау жақсылықтан жаралған.
Өмірді сүй, алға ұмтыл, қалыспа,
Болса-дағы ауыр сəттер қиналған.
Өмір барда болады əр кез шалалық,
Кейде батыл, кейде аңғал балалық.
Сан қиындық шырмаса да алдыңнан,
Түңілместен сəтсіздік деп қаралық.
Гүл жайнаған мына əсем өмірде,
Кірбің бұлтын түсірмеші көңілге.
Биік ұстап еңсемізді əрқашан
Ғашық болып өтейікші өмірге!
Әсем ЯСИДИН, 10-сынып оқушысы.
Сыйлаған өмірді балаға
Ризамыз қашанда анаға,
Мерейлі ілтипат сөздерді
Арнайық тек қана соларға.
Олардың шаттанып күлуі,
Аман-сау ортада жүруі
Біз үшін, біз үшін маңызды,
Бақытты өмірді сүруі.
Жұмақтың кілті бар анада,
Керек ол əрқашан балаға.
Тосатын алдына дəмдіні
Қадірін біл-дағы, бағала!
Ұлжан РАТ,
10-сынып оқушысы.
Туған тілім, бақ тілім,
Асыл текті, ақ тілім.
Баға жетпес өзіңе,
Сыры терең, кең тілім.
Мақтанамын өзіңмен,
Құдіретті сөзіңмен.
Кім болса да айналар,
Қасиетті өзіңнен.
Бауыржан САНДЫБАЙ,
8-сынып оқушысы.
Соғыстың өрті тұтанып,
Аспаннан оқтар жауғанда
Қайтпайтын қазақ ерлері,
Соғысып жүрді Ауғанда.
Ел үшін жау тіресіп,
КСРО, Ауған арасы
Өмір мен өлім күресіп,
Соғыстың қалды-ау жарасы.
Ауғанда жүрген соғысып
Оқ тиіп кеудеден жан ұшты,
Өлім мен өмір тоғысып
Қаншама сарбаз жер құшты.
Алапат соғыс өртінен,
Мүгедек болды көп адам.
Арман болды жүгіру
Орнынан тұрып бір қадам.
Тіршілік гүлі солмасын,
Ешқашан соғыс болмасын.
Ынтымақ, бірлік бірігіп,
Бейбіт өмір орнасын!
Нұрбек ТӘЙТЕЛІ,
10-сынып оқушысы.
Қайран өмір! Сен--мұхитсың, мен--кеме,
Құшақ жайып, келемін ғой мен, міне.
Тағдырым тұр өзіңменен тоғысып,
Мейірімді болшы əрдайым пендеңе.
Қайран өмір! Қарқыныңнан таймайсың,
Дүниенің төрт бұрышын шарлайсың.
Мен сияқты жүзген жаңа кемеңді,
Алыстарға бастап бірге барғайсың.
Таңшолпан АҚБАЛА,
8-сынып оқушысы.
Бұлбұл құсы бау-бақшада сайраған,
Қозы-лағы сай-салада ойнаған.
Гүлдері көп алуан түрлі, жұпарлы
Туған жердің табиғаты жайнаған.
Суы балдай Балдыберек арқырап,
Гүрілдектің мөлдір суы сарқырап.
Мақтан етем өзім туған өлкені,
Тау-тастары бейне мəрмəр жарқырап.
Туған жерім, ғажаптарың көп неткен,
Ата-бабам осы ауылда ер жеткен.
Бар ғаламның қыр-сырына қанығып,
Осы ауылды мəңгі мекен деп білген.
Төңкерісім, сені мекен етемін,
Туған жерім--жер жəннатым мекенім.
Туған жерін талай ақын жырлаған
Мен де сені жырға қосып өтемін.
Алтынай ЯСИДИН,
9-сынып оқушысы.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Бөбегіне қарайтын.
Əлпештеген сəбиін
Жұлдыздарға балайтын.
Ана деген баласын,
Ешқашан да жылатпас.
Ана деген баласын,
Жамандыққа жолатпас.
Арнұр ӨМІРБАЙ,
8-сынып оқушысы.
Жайқалып тұр гүлдері,
Алтын кесе көлдері.
Қыраттары айнадай
Бəрі көркем баладай.
Балбұлағы ағады,
Қуаласқан баладай.
Тау-тастары тұрады
Терең ойлы данадай.
Туған өлкем -- киелім
Көркіңе бас иемін.
Өзен-суын, тау-тасын
Бəрін, бəрін сүйемін.
Ұлбала ОМАРАЛЫ,
7-сынып оқушысы.
Еркелетер құшағында жалындаған,
Дүниеде сендей ана жалғыз маған.
Бар мейірімін төгетін баласына,
Өзіңіздей қамқор адам табылмаған.
Қалқожа БАҚЖАН.
Шомшақты орта
мектебінің оқушысы.
Біз доспыз гүлдермен,
Бекерге оны жұлмаймыз.
Мереке күні бір-бірден,
Анамызға сыйлаймыз.
Өскен ДӘУРЕН.
Шомшақты орта
мектебінің оқушысы.
Балдыберек орта мектебінде «Тілден асқан құдірет жоқ» атты тақырыпта
мектепте оқытылатын тілдердің онкүндігі өтті. Қазақ тілі пəні мұғалімдері
онкүндік барысында «Жыр мүшəйрасын» ұйымдастырды. Қолына қалам алып, поэзия
əлеміне қадам басқан жас буын өз шығармашылығын ортаға салды. Оқушылардың
жүрекжарды туындыларын көпшілік назарына ұсынып отырмыз.
Айжан ЖАНЫСБАЕВА,
қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінің мұғалімі.
Òiëäåí àñ°àí °½äiðåò æî°
Мен °аза°пын
Тiлiм менiє
Їмiр
Ата-ана
Туμан тiлiм
Ауμан соμысы
Їмiр — мЅхит
Туμан жерiм
Ана
Туμан жердi
сѕйемiн
Астанаға барамын,
Тілегімді айтамын.
Сол жақтан алған əсерді,
Жүрекке сақтап келемін.
Ақбота БОТАН,
Жаңаұйым орта
мектебінің оқушысы.
Астана қаласы тақырыбында өткен
Қарлығаш апайдың сабағынан кейін менің
арманым шындыққа айналған сияқты.
Өйткені, мен тек теледидардан ғана
тамашалайтын Астана қаласын өз
көзіммен көріп, аралауға да болатынын
түсіндім. Мен ол үшін сабағымды үздік
бітіріп, үлкен болғанда Астана
қаласындағы өзім қалаған жоғары оқу
орнына түсіп, сол қалада тұрамын.
Арманыма жетіп, Қазақстанның өсуіне
үлес қосамын деген ойдамын.
Ерсұлтан СМАТОВ,
Жаңаұйым орта мектебінің
3-сынып оқушысы.
Жаз мезгілі кетіп, күз басталды. Күн
салқындады. Түн ұзарып, күн қысқарды.
Күн бұлыңғырланып, аспанда қара бұлт
пайда болды. Жаңбыр сіркіреп жауып тұр.
Ағаштардың жапырақтары сарғайып,
қалықтап жерге түсіп, кілемдей айналаға
көрік беріп тұр. Алыстан керуен түзеген
тырналардың қиқулаған дауысы естіледі.
Көк жүзінде өрнек сызған басқа да құстар
жылы жаққа бет бұрып, күздің келгенін
есімізге қайта-қайта салғандай. Соны
түсінген диқандар да егінді жинап, мол
өнімге қарық болып, қуаныштары тасып
жүр.
Күз–береке, күз--мереке. Байлығы мен
шашуын ала келетін күзгі табиғат өте
əдемі. Сондықтан да маған күз мезгілі өте
ұнайды.
Замира ТАЙБАҒАР,
Жаңаұйым орта мектебінің
3-сынып оқушысы.
Көктемнің алғашқы
Мерекесі бұл -- наурыз
Қыздар гүлдей құлпырып,
Жайнататын əз наурыз.
Перизат ИБАДИЛА,
Жаңаұйым орта мектебінің
4-сынып оқушысы.
ÄÒڇ̇
åÂÌiº
‡Ï‡Ì˚Ï
Ê…Á„i
Ú‡·Ëμ‡Ú
ç‡Û˚Á
¥àì°îðøûì
þë ñûéëàéìûç
ìà°òàíàìûí
Òàëàïòû ø´êiðòòåðiììåí
Қыс
Сырғанақпен сырғанап,
Аққалалар жасадық.
Қарды үйіп тазалап,
Пайдаға біз жарадық.
Итім
Əрбір үйді сақ күзетіп,
Түні бойы отырады.
Бөтен кісі үйге келсе,
Арпылдап ол шақырады.
Мектебім
Мектебім бал-бұлағым,
Киелі құт шырағым.
Өзіңде білім алып,
Жайқалды жас құрағың.
Аңсар ӨМІРӘЛІ,
3 «Б» сынып
оқушысы.
Анашым
Ақ сүт беріп, аялаған
Сен ардақты анамсың.
Əлемге нұр шашатын,
Қасиетті данасың.
Мұғалім
Аппақ таңдай арайлым,
Сізге ылғи қараймын.
Білім нəрін таратқан
Шəкіртке пір санаймын.
Білім алып өзіңнен,
Сусындаумен келемін.
Күннен күнге шыңдалып,
Мұғалімге еремін.
Қарақат ҚҰРБАНБАЙ,
3 «Б» сынып
оқушысы.
Қуанышпен шаттана,
Көктем келді далаға!
Барлық бала көңілді,
Би билейді əн сала,
Қуанышпен тамсана.
Ермахан НҰРСҰЛТАН,
Жеңіс негізгі орта мектебінің
4 «А» сынып оқушысы.
ʼêòåì
Áiëiì ´ëåìi
6
Áàëàëàð øûμàðìàøûëûμû
21-наурыз 2015 жыл
Түлкиев атындағы жалпы
орта мектепте жас əдебиет-
шілер үйірмесі құрылып, жұмыс
істей бастапты. Біз бүгін балғын
талапкерлердің тырнақалды
туындыларын назарларыңызға
ұсынып отырмыз.
Астана, Астана,
Сəулетті бас қала.
Əсем əрі көркем деп,
Біз жырлаймыз мақтана.
С.ЫДЫРЫС,
6-сынып оқушысы.
Сұм соғыстың қасіреті көп болды,
Қызық күндер, ойнап күлу жоқ
болды.
Жауға шауып туған елін қорғаған,
Ер жігіттер алаулаған от болды.
Ұлы Жеңіс бізге оңай келмеді,
Қаза болды қанша қазақ ерлері.
Сол ерлердің арқасында қазағым,
Алға қарай самғай берді, өрледі.
Б.ЕРГЕБЕК,
7-сынып оқушысы.
Аспанменен астасқан қаласы бар,
Құлан кезген кең байтақ даласы бар.
Бұрымды кербез сұлу қызыменен,
Жүректі, білекті де баласы бар.
Төле бидей тарихта данасы бар,
Домалақтай ақылды анасы бар.
Ахмет аға, Жүсіпбек, Мағжандардың,
Жазылмаған ақтаңдақ жарасы бар.
Ұлы Абайдай данышпан ағасы бар,
Фаризадай жырлайтын апасы бар.
Талай жастар жазықсыз жазаланған,
Желтоқсанның ызғарлы наласы бар.
Абылайдай нар тұлға дарасы бар,
Нұрсұлтандай елімнің панасы бар.
Мəртебесі елімнің биіктей бер,
Елін сүйген, себебі баласы бар.
Б.САЛЫБЕК,
11-сынып оқушысы.
Əлемді көзбен көргендей,
Қылқаламмен жеткізген,
Сұлулықты қашан да,
Жанарынан өткізген.
Аз ғана мына өмірде,
Жақсылықты көп тізген.
Спортқа да жетелеп,
Жеңістерге жеткізген,
Қайран Бексейіт атамыз,
Бола алмадың көп бізбен.
Саян БЕКЖАНҰЛЫ,
6-сынып оқушысы.
Көркіңе мен таң қалдым,
Қасқасуым -- туған жер.
Қасиетіңнен айналдым,
Өнерліге тұнған ел.
Менің туған елімде,
Қасқасудай жерімде.
Тасып туған өнері,
Қылқаламның шебері.
Бексейіттей атаммен,
Мақтанамын мен енді.
«Ұлы көштей» суретпен,
Таныған əлем өнерін.
Осы көштің соңынан,
Мен де ілесіп келемін.
Дана ҚАЛЖАН,
5-сынып оқушысы.
Ол мені тастап кеткен. Сонда да
оны өте жақсы көремін. Анамды
көрмегелі көп болды. Қатты сағынып
жүрмін. Қазір кішкентаймын. Үлкей-
ген кезде міндетті түрде іздеп
табамын. Содан соң анаммен бірге
тұрамын. Оны ешқашан жалғыз
тастамаймын. Өйткені, ол мені мы-
нау жарық дүниеге алып келіп, өмір
сыйлады. Анаммен бірге болған
əрбір сəт еске түссе, сағыныштан
егілемін. Қиялыммен дүниенің төрт
бұрышын кезіп, оны іздеймін. "Ба-
лам" деген жалғыз ауыз сөзі
күмбірлеп, құлағымнан кетер емес.
Күнде келіп қалар ма екен деп жол
қараймын. Көңілім елеңдеулі. Мен
қанша сағынсам да, күтсем де ол
келер емес. Шіркін, анаммен бірге
үйде болсам ғой. Оған көмектесуден
шаршамас едім. Үй жұмыстарын
өзім-ақ істеп тастар едім. Анама
салмақ түсірмеген болар едім. Жан
анам, мен үшін ешқашан қызармаған
болар едің. Мен анамды, ал ол мені
өзгелердің алдында мақтаныш етер
едік. Анам, менің жалғызым. Мен де
сенің жалғызыңмын ғой. Дүниеде
жалғыз қалған жаман екен. Қайда-
сың? Амандық болса, түбі іздеп
табамын. Менімен оқитын достарым
аналар мерекесіне дайындалды.
Мен екі тілек тілеумен болдым. Бірін-
ші тілегім, қайда жүрсең де, аман
болшы! Екінші тілегім, өзіңмен кез-
десіп, сағына қауышар күн ертерек
туса екен. Аналарға айтарым, еш-
қашан перзенттеріңізді тастамаңыз-
дар. Ал олар сіздерді аяласын,
құрметтесін.
Тимур АНТОНЦЕВ,
Бірінші Мамыр орта
мектебінің 4-сынып оқушысы.
Ғасырлар шеруінен бері халықпен
бірге өмір сүріп, өркендеп келе
жатқан қазақ əдебиеті – тұңғиық,
терең мұхит іспетті. Халқымыздың
мұңын мұңдап, əміршіл-əкімшіл сая-
сатты сынға алып, қиын-қыстау
сəттерде еліміздің жанайқайын жыр-
лаған осы – əдебиет. Мəңгілік өшпес
мұра мен рухани байлық, əсемдік пен
шыншылдық, ащы шындық пен жүрек
назы, көңіл қуанышы мен сан түрлі
сезім, аяулы махаббат пен ерекше
көзқарас бəрі- бəрі əдебиет деген бір
ауыз сөзге келіп саяды. Соншама
құдіретті бойына жинаған əдебиет,
ол күллі əлемнің жүрегі. Алайда, ол
мəңгі соғар – жүрек, мəңгі жасар –
жүрек! Қаншама дара тұлға əдебиет
деп жырлап кетті, толғап кетті.
Əдебиеттің тұңғиығына батар болсаң,
сан шытырман алдыңнан шыға
келеді де, жан жүрегің, тұла бойың
ерекше бір күйге бөленіп қоя береді.
Əдебиетті, сүю, онымен бірге болу,
міне, нағыз бақыт! Міне, нағыз жан
рахаты! Қазақ əдебиетінің тарихында
есімдері алтын əріппен жазылған
ақындарымыз бен жазушыларымыз,
жырауларымыз жетерлік. Солардың
бірі де, бірегейі де Абай Құнанбаев
атамыз. Одан қала берді халық
жанашыры болған үш бəйтерегіміз,
бес арысымыз бар. Олардың қай-
қайсысы болса да əдебиеттің тұнық
мұхитындай тереңдігіне батқан жан-
дар. Осындай жанашырлары бар
əдебиетіміз мəңгі жасағай! Мəңгілік
елдің – мəңгілік əдебиеті, енді тек
халқымыздың қуанышы мен еліміздің
жетістігін жырлағай!
Гүлайым ҚҰДАЙБЕРГЕН,
№6 жалпы орта мектептің
11- сынып оқушысы.
¦äåáèåò – òåðåº ì½õèò
Алғаш рет келгенімде мектепке,
Қоңыраудан сыңғырлады күміс үн.
Толқи басып сыныбыма кіргенде,
Жарқырады аспандағы сұлу Күн.
Мектеп басты кеудесіне барлығын,
Білім нəрін құйып біздің санаға.
Сол күннен-ақ сезіп келем анығын,
Алтын ұям ұқсайтынын данаға.
Әбзелбек НҰРДӘУЛЕТ,
Бірінші Мамыр жалпы орта
мектебінің 3-сынып оқушысы.
Қазақстан менің Отаным,
Туған жер кəусар бұлағым.
Көз жетпес, шалқар кең далам,
Таулары биік қорғаным.
Аружан ҮСІПБАЙ,
Бірінші Мамыр жалпы орта
мектебінің 4-сынып оқушысы.
Жапалақтап қар жауды,
Біз жасадық аққала.
Қар атысып ойнадық,
Мініп алып шанаға.
Ернар ҚҰДАЙБЕРГЕН,
Бірінші Мамыр жалпы
орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Мектебiм
Àñòàíà
±ëû Æåºiñ
¥àçà° åëi
Äàðûí
¥ûë°àëàì
øåáåði
Ґаза°стан
А°°ала
Белая розочка весной расцвела,
Милая девочка ее полила.
Вдруг летом оказалась она на окне,
Белая розочка вдруг отцвела.
За место ее расцвели и другие,
Красивые розочки разноцветными были.
Но осень настала, они отцвели,
Красивые розочки вдруг опять зацвели.
Мария МИХАЙЛОВА,
Жеңіс негізгі орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Твоих улиц, площадей,
Красоту и стать не описать.
Архитектурных изысков прекрасных
В городе другом нам не сыскать.
Из степей ночных на нас прохладой веет,
А с утра заря во всю горит.
И весь день деревья что-то шепчут,
Это здесь природа говорит.
Астана известна всему миру,
В Астане прекрасный люд живёт.
Астану народ усердно строит,
Мировую Славу ей несёт.
Севинч ТИМУР,
Жеңіс негізгі орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Àñòàíà
Áåëàÿ ðîçî÷êà
Қазақ қызы шырайлы,
Шат күлкісі ұнайды.
Нəзіктігі олардың,
Майысқан гүлдей, арайлы.
Қазақ қызы шырайлы,
Билейді бар маңайды.
Өсіп, елге нəр берген,
Қазақ қызы арайлы.
Мерей ӘБДУӘЛІ,
Алғабас орта мектебінің
5-сынып оқушысы.
¥àçà° °ûçû
Мен анамды саμындым
Əрбір адамда балалық шақ деген
болады. Сол шақ естен кетпес кезең.
Ол кезеңде ешнəрсе туралы ойлан-
байсың, балалық шағыңның қызығы-
на тоймай жүресің. Бала кезіңдегі
əрбір қуаныш есіңде сақталады.
Мектеп табалдырығын алғаш ат-
таған күннен бастап балалық шағың-
ның қызығы арта түседі. Достарың
көбейеді. Бұл кез қамқор ата-анаң
болса ғана қызық өтеді. Əке-шешенің қасында күліп,
ойнап жүргенге не жетсін? Бəрінің де балалық шағы
осылай өтсе ғой. Мен өміріме ризамын. Себебі, ата-
анамның арқасында қиындық көрмей келемін. Қуаныш
пен қайғы өмірдің заңы. Əрқашан тек қуанышымыз көп
болғай. Əр адам өткенін кері қайтарып, балалық шағы-
на оралғысы келсе керек. Бұл орындалмайтын арман.
Сондықтан, достар, бала кезіміздің əр күнін бағалай
берейік.
С.АРАПБАЙ,
Қ.Мамытов атындағы орта мектеп оқушысы.
Əжемнің жасы 60-
тан асты, есімі Гүлжа-
мал. Өзі сондай сабырлы, ақылды, асыл адам. Мен оны
«мама» деп атаймын. Өйткені, дүниеге келген күннен
бастап ол мені бауырына басты, қамқор болды. Анам
маған ұрысса əжем оған ренжіп, жұмсаса көмектеседі.
Балабақшаға барып жүрген кездеп бастап мектеп
табалдырығын алғаш аттағанға дейін ол менің ұстазым,
ақылшым, көмекшім болды. Осының арқасында өте
жақсы оқып жүрмін. Əжеме өте ризамын. Ол мен мектеп
бітіргенше шаршамай, көмегін аямай, жанымнан
табыла берсе екен.
Жылы жүзді дана əжем,
Маған ақыл айтқан пана əжем.
Дидарыңыздан күлкі кетпей жүрсінші,
Жүз жасап, ұзақ өмір сүріңізші.
Н.ШЕРЕЗДАН,
Сарқырама орта мектебінің оқушысы.
Ìåíiº ´æåì
Áàëàëû° øà° îðàëìàéäû
Бірде бұтақ үстінде құйқылжыта əн салып отырған
бұлбұлды қарға байқап қалады. Жақын барып қараса
оның жанды еліктірер əсем əнін көп адам ұйып тыңдап
отыр екен. Қарға да ел мақтанышына бөленгісі келіп
кетті. Ол ойланып жатпастан бұлбұлдың қасына
қонақтап, қарқылдай бастады. Əлгінде ғана бұлбұлды
ұйып тыңдап отырған адамдар шошып кетті де,
арасынан бір бала жерден тас алып қарғаға лақтырып
жіберді. Қарға қарқ етті де ұшып кетті. Осылайша
бұлбұл сияқты сайрағысы келген қарғаның ойы жүзеге
аспай қалды. Керісінше, күлкіге қалды. Міне, содан бері
қарға қарқылдап ұшып жүретін болды.
Әсемай ТАСПУЛАТ,
Ш.Уəлиханов атындағы №2
орта мектептің 5-сынып оқушысы.
Á½ëá½ë ìåí °àðμà
Áiëiì ´ëåìi
5
21-наурыз 2015 жыл
Өлең сөздің патшасы...
Абай.
Ұстаздар қауымы шəкірттеріне білім мен тəрбие беруде
өзара тəжірибе алмасып, ойлары мен пікірлерін бөлісіп,
шығармашылығын жетілдіре түссін, өнер өріне талпынып,
қанат қаққысы келген талантты, талапты мектеп
оқушылары қаламдарын ұштасын деген мақсатпен
аудандық «Білім əлемі» газеті бірнеше жылдан бері жарық
көріп келеді. Өкінішке орай, аудандағы
мектепке дейінгі жəне бақшадан кейінгі
білім беру мекемелеріндегі ұстаздар
қауымы мен тəрбиешілердің, олардың
шəкірттерінің санына шаққанда айына бір-
ақ рет жарық көретін бұл газет тара-
лымының тым аздығы бізді көп толған-
дырып жүр. Тереңірек ойлап қарасақ,
«Білім əлемі» ұстаздардың да, оқушылардың да, ата-
аналардың да сырласы бола алатын аудандағы бірден-бір
газет.
Газет таралымының аздығының бір себебі – мектеп
оқушыларының көпшілігі ауданда өз газеттерінің жарық
көретінін біле бермеуінен болса керек. Егер білсе,
балалардың «Білім əлемімен» байланысы нығая түсер еді.
Ұстаздар, ата-аналар балаларға білім мен тəрбие беруде
бұл газеттің өздерінің басты сырласы, көмекшісі екендігін
білер, сезінер, ұғына түсер деген ойдамыз.
Баспасөзге жазылу науқаны кезінде көп мектептерде
болып, ұстаздармен əңгімелестім. Тіпті білім беру
мекемелері басшыларының басы қосылған жиында да
олармен дидарласып, əңгіме тарқаттық. Бəрі де бізді ұққан,
түсінген сияқты көрінген еді, алайда, газет таралымы
бұрынғы жылдармен салыстырғанда оншалықты арта
қоймады.
Мектеп оқушыларының бəрі бірдей ауданда жарық
көретін өз газеттері барын біле бермейтініне
күмəнданатынымыздың себебі де бар. Мəселен, Киелітас
ауылындағы М.Əуезов атындағы жалпы орта мектепке
барғанымызда «Білім əлеміне» жазылуға ұстаздарды ғана
емес, оқушыларды тарту жөнінде əңгіме қозғадық.
Директордың өзі балалардан ақша жинауға болмайтынын,
ата-аналары жоғарыға шағымданатынын айтып, жылар-
мандай болды. Біз мектеп басшысына балалар газетіне
оқушыларды тарту ақша жинауға жатпайтынын,
сауаттылыққа, ана тілін меңгеруге кең жол ашатынын,
талантты, талапты балалардың қиялына қанат бітіріп,
олардың жан-жақты дамуына ықпал ететінін, рухани азық
алатынын, бəрі бірдей атақты журналист, жазушы, ақын,
əдебиетші болып кетпесе де дүниетанымы кеңейе түсетінін
айтып, түсіндіргендей болдық. Өкінішке орай, менің бұл
айтқандарымды мектеп басшысының өзі онша ұғы-
ныңқырамаған сияқты. Ал бас ұстаздың өзі немқұрай-
дылық танытса, онда өзге мұғалімдерден, балалардан не
күтуге болады. Дегенмен, мектеп басшысымен, оның
тəрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келісіп, 10-сынып
оқушыларымен сабақ үстінде жолығып, əңгімелестім.
Сыныпқа енгенімізде балалар əдебиет кітабын қолдарына
енді ала бастаған екен. Газет жайлы əңгіме қозғағанымда
балалардың құлағы елең ете қалды. Бүкіл сынып болмаса
да: «Мен жазыламын, біз екеуміз бірігіп жазыламыз», деп
ықылас танытқандар табылғанын көріп, қуанып қалдым.
Осы кездесуден соң бұл білім ұясында ғана емес,
аудандағы кейбір өзге мектептерде де ұстаздар
шəкірттерін газет оқуға тартуға онша мəн бере бермейді-
ау, деген күмəнді ойда қалдым. Заманында ұлы ағартушы
бабамыз Ыбырай Алтынсариннің: «Егер балалар бірдемені
түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кіналауға тиісті
емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс»,
деп жазып кеткені есіме оралды. Қалайша тап басып,
дұрыс айтқан десеңізші. Бұл сөз мəңгілікке өз мəнін
жоймаса керек. Себебі, балалардың нені де болса
түсінбеуіне ең алдымен, олар емес, мұғалімнің өзі ғана
кінəлі.
Аталарымыз «Қанат ұшса, қатаяды» деп тегін айтпаған.
Ауданда «Білім əлеміне» Бірінші Мамыр, Қазақстан,
Алатау, Балдыберек, Ақбастау, қаладағы № 7 жалпы орта
мектеп оқушылары жиі өлеңдерін, мақалаларын
жолдайды. Дегенмен, олардың жазғандарының бəрі бірдей
төрт аяғынан тік тұрған дүниелер деп те айта алмаймыз.
Араларында қара сөзді қатарластырып тізіп, өлең деп
редакцияға жолдай салатындары да бар. Ойлары
мығымдау, ұйқасы бар дүниелер болса, қалам ұшын тигізіп
оқырман назарына ұсынамыз. Осының өзіне қуанамыз.
Себебі, ешкім де бірден ақын, жазушы немесе журналист
болып кете қоймайды. Ең алдымен, талпыныс,
табандылық, еңбекқорлық керек. Ең бастысы, ақындардың,
жазушылардың шығармаларын көп оқып, қанаттана
түскені абзал. Талабы болса, біртіндеп қаламы үшкірленіп,
қанаты қатайып, қияға самғары анық. Бірақ, олар
шығармашылыққа бет бұруы үшін ең алдымен, көп оқуы,
сосын ұстаздарының көмегі мен қолдауы қажет. Сонда ғана
таланттылардың алдына даңғыл жол ашылады. Егер бірер
шумақ өлең жазған оқушы оны ұстазына көрсетсе, ал
мұғалімі шəкіртіне ақыл айтып, жол көрсете алмаса не
болмақ? Ал шəкірттер əдебиет теориясына мектеп
қабырғасында жүргенде-ақ қанығатынын ескерсек,
балаларды шығармашылыққа баулу ең алдымен, қазақ тілі
мен əдебиеті пəні мұғалімінің басты міндеті болса керек.
Мұғалім демекші, осыдан бірер жыл бұрын қай мектеп
екендігі есімде жоқ, бір мұғалім өлең жазған оқушысын
редакцияға ертіп келді. Жазғандары өлең емес,
қатарластырып тізе салған қара сөз екен. Мен оған өлең
мен қара сөздің айырмашылығын түсіндіріп, редакцияға
келерден бұрын əдебиеттен сабақ беретін мұғаліміне
жазғанын бір көрсетіп алу керектігін айттым. Баланың аты
бала. «Сізге əдебиеттен сабақ беретін апайымның өзі ертіп
келіп тұрған жоқ па!» деді əлгі оқушы. Сөйтсем,
оқушысымен ере келген əдебиетті оқытатын мұғалімі екен.
Мен əлгі оқушының бұл жауабына жай ғана езу тарттым да
қойдым. Себебі, жанында тұрған, күнде қазақ тілі мен
əдебиетін оқытатын мұғалімінің өзі өлең дегеннің не екенін
білмей, ұғуға шамасы да білімі де жетпесе, шəкіртіне не
демекпін.
Мен Ш.Уəлиханов атындағы №16 жалпы орта мектебінің
оқушысы Алсу Асылбекованың, Шұбарағаштан Нүрила
Қосназар, Балдыберек орта мектебінен Сымбат
Асыланбек, Алатау жалпы орта мектебінен Нұрболат
Сəбит жəне басқа да шəкірттердің аяқ алысына тəнті
болдым.
Енді өлең жазғысы келетін оқушыларға ақ жол, сəт сапар
тілеп, аз да болса ақыл қоссақ дейміз. Біріншіден, өлең
болуы үшін ең алдымен, ұйқас керек. Қазақ өлеңі негізінен,
қара өлең ұйқас, кезекті ұйқас, қатарлас ұйқас жəне
шұбыртпалы ұйқас болып келеді. Қара өлең ұйқаста бір
шумақтың бірінші, екінші жəне төртінші жолдарының соңғы
буындары (а,а,б,а), кезекті ұйқаста бір шумақтың бірінші
жəне үшінші, екінші жəне төртінші жолдарының соңғы
буындары (а,б,а,б) ұйқасады. Екі жолдан қатарласып
келетін ұйқастар да ұшырасады (а,а,б, б) Шұбыртпалы
ұйқаста соңғы буындардың бəрі де ұйқасқа құрылады.
Ақындар өлеңдерін негізінен, 7-8, 10 -11 буынға құрайды.
14-15 буындық өлеңдер де бар. Поэзияға бұл жаңалықты
қазақтың талантты ақындарының бірі Төлеген Айбергенов
алып келді. Өлеңге қойылатын ең басты талап, буын, бунақ
сандары не артық, не кем болмауы тиіс. Мысалы Абай
атамыздың «Қыс» деген өлеңінің бір шумағын талдап
көрелік:
4 3 4
Ақ ки – ім –ді, де-не-лі, ақ са-қал-ды, (11 буын)
4 3 4
Со-қыр, мыл-қау та-ны-мас ті-рі жан-ды. (11 буын)
4
3 4
Үс-ті-ба-сы ақ қы-рау, тү-сі су-ық, (11 буын)
4 3 4
Бас-қан і-зі сы-қыр-лап ке-ліп қал-ды. (11 буын)
Көрдіңіз бе, өлең 11 буынға құрылған. Енді бунақ
сандарына қараңдар. Алғашқы жəне соңғы буындар 4
бунақтан, ортаңғы буындар 3 бунақтан тұрады. Егер
өлеңдегі бір буын немесе бунақ саны кем немесе артық
болса, өлеңді оқығанның өзінде кемшілігі бірден байқалып
қалады. Кезекті, шұбыртпалы ұйқастарда да бұл қатаң
тəртіп сақталмаса, ол ақынның сауатсыздығын, талан-
тының жоқтығын білдіреді. Шұбыртпалы өлең ұйқастары
жалынды ақын Махамбет өлеңдерінде, халық ауыз
əдебиетінде, жыраулар туындыларында жиі ұшырасады.
Балалар, көз алдыларыңа бір ғана
көріністі елестетіп көріңдер. Үй салу үшін
оның іргетасы берік, мықты болуы тиіс.
Егер берік болмаса, қой қораң да көпке
шыдамай, құлап қалады. Өлеңге де
мықты іргетас керек. Ол --терең білім.
Іргетастан соң, кірпіш өресің. Кірпішті
қалай болса солай емес, оны
қиюластырып, бір-біріне байланыстырып қалайсың.
Кірпішті бірінің үстіне бірін қатарластырып қалай берсең,
соққан үйің құлап қалады. Өлең құрау да тап осылай,
қиыннан қиюластыра білуің керек. Олай болмаған
жағдайда, өлең де, тіпті қара сөз де болып шықпайды.
Өлеңнің ең басты шарты, жоғарыда айтқандай, қара
өлеңге немесе кезекті, шұбыртпалы немесе қатарлас
ұйқасқа құруың керек. Мысалы, «таратқан» деген бір
сөздің ұйқасын тауып көрейік. Та – рат-қан, қа-рат-қан, жа-
рат-қан, қа-лат-қан, са-нат-тан... деп ұйқас сөзді тізе
беруіңе болады.Осылайша кез келген сөзді алып, оның
ұйқасын таба аласың. Ақындар өлең жазғанда негізінен,
шумақтың алғашқы жолын жазып алғаннан соң ғана соңғы
буынға ұйқас іздейді. Енді əлгі «таратқан» деген сөздің
ұйқастарын қатыстырып, өлең құрап көрелік:
4 4
3
Жер-дің иі-сін, ел-дің иі-сін та-рат-қан, (11 буын)
4 4 3
Та-лай жан-ды там-сан-ды-рып, қа-рат-қан. (11 буын)
4 4 3
Дерт-ке да-уа, жан-ға ши-па əу-ел-ден, (11 буын)
4 4 3
Қы-мыз-дан ал, қа- зақ ү-шін жа-рат-қан. (11 буын)
Көрдіңдер ме, біздің 11 буыннан тұратын бұл өлеңнің
алғашқы буындарын 4 бунақтан, соңғысын 3 бунақтан
құрадық.
Бір таңқаларлығы, қазақтың ұлы ақындары ғана емес,
жазушыларының бəрі бала кезінде алғашқы туындыларын
өлең жазудан бастаған. Балалар мөлдір сезімдерін ең
алдымен, анасына, əкесіне, əжесі мен атасына, жанындай
жақсы көретін бауырларына, достарына, əсем табиғат
көріністеріне арнайтыны белгілі. Сендердің тап осындай
тақырыптарды таңдайтындарыңа таңдана алмаймыз.
Солай болуы тиісті де. Тағы бір мысал. Балалық сезіммен
«анашым» деген сөзге ұйқас іздеп көрейік. А-на-шым, да-
на-сың, ба-ла-сын. Енді осы ұйқастарға өлең құраймыз:
4 3
Ақ сүт бер-ген а-на-шым, (7 буын)
4 3
Ə-лем-де-гі да-на-сың. (7 буын)
4 3
Ме-нің қо-ңыр қо-зым деп, (7 буын)
4 3
Ер-ке-лет-кен ба-ла-сын. (7 буын)
Көрдіңдер ме, жеті буыннан тұратын бұл өлеңімізді 4
жəне 3 бунақтан құрап отырмыз. Байқап қарасаңдар,
өлеңнің өзі математиканың қатаң əрі нақты, бұрмалауға
келмейтін заңдылығына жүгінеді екен. Өлең жазған кезде
осыны мықтап ескерсеңдер, болашақта мықты қаламгер
болатындарың сөзсіз. Ең бастысы, өмірде ең алдымен,
ақын емес, азамат болу керектігін естен шығарып
алмаңдар. Сөздің жауһарын теріп, жыр кестелеу оңай
емес. Сондықтан Абай атамыздың:
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр, тегіс келсін айналасы, дегенін қолға қалам
ұстар кезде үнемі еске алып отырыңдар. Мен сендердің
бəріңе жыр, өнер, өмір жолында сəттілік тілеймін!
О.СҮТТІБАЙ.
Ґàíàò ½øñà, °àòàÿäû íåìåñå
¼ëåº æàçó îºàé ìà?
Құрметті оқушылар!
Болашақта ақын немесе
жазушы болғың келе ме?
Ал ақындар мен жазушы-
ларды оқытып, дайындайтын, диплом
беретін институт та, унивеиситет те жоқ
екенін жақсы білесіңдер. Ол үшін тума
талант болудың өзі аздық етеді. Ең
бастысы, жазушылар мен ақындардың
кітаптарын көп оқып, ұстаздан тəлім
алуларың керек. Талабы таудай бала-
ларға айтар жаңалық, аудандық орталық
кітапханада өткен жылы «Төлеби
таланттары» деген əдеби бірлестік
ашылды. Бұл бірлестікке жерлесіміз, жас
ақын əрі журналист Қанат Сарыбаев
жетекшілік етеді. Ол Бірінші Мамыр
ауылдық округіндегі Жаңажол ауылының
тумасы. Мектепте оқып жүргенде-ақ өлең
жаза бастаған ол шəкірт кезінде алғашқы
жыр жинағын шығарды. Бүгіндері жоғары
оқу орнын бітіріп, Шымкентте қызмет
істеп жүрсе де біздің аудан жастарымен,
мектеп оқушыларымен байланысын үз-
ген емес. Орталық кітапханада ұйымдас-
тырылған барлық шараларға белсене
қатысады. Орталық кітапхана ұжымының
ұйымдастыруымен Төле би бабамыздың
туғанына 350 жыл толуына орай мектеп
оқушылар арасында мүшəйра өткені
белгілі. Бұл игі іске де кезінде Қанат
белсене атсалысып, оқушылардың жыр
топтамасын кітап етіп шығаруға мұрын-
дық болды.
«Төлебидің таланттары» əдеби бірлес-
тігі бірнеше рет басқосу ғана емес,
облысымыздағы белгілі ақындармен,
жазушылармен де кездесу өткізді.
Бұл əдеби бірлестікке қала, ауыл
мектептерінің шəкірттері мүше болды.
Қандай білімді, талантты, талапты шəкірт
болса да бірден ақын немесе жазушы
болып кетпесі анық. Ол үшін көп оқумен
қатар ұстаз да, ақыл қосатын, ой мен пікір
айтатын дос пен оқырман қауым да
қажет. Осының бəрін де əдеби бірлес-
тіктен табуға болады.
Бір айта кететіні, аудан мектептерінде
орталық кітапхана жанынан ашылған бұл
əдеби бірлестік туралы білмейтін оқушы-
лар болса, онда бізге арнайы келіп
жолығып, алдағы болар кездесулер тура-
лы мəлімет алуларына болады.
Халқымызда «Өнерді үйрен де жирен»
деген жақсы сөз бар. Əдеби бірлестік
мүшелерінің бəрі де болашақта ақын
немесе жазушы болып кетпесе де, нағыз
өнегелі, тəрбиелі, білімді азамат бола-
тынына сенімдіміз.
Қазақтың белгілі жазушылары мен
ақындарының өмірбаянына үңілсек, олар
бəрі де ес білгеннен бастап
əжелерінің, аталарының
ертегілерін тыңдап, əдеби
кітаптарды құмарта оқыған.
Əсіресе, ауыз əдебиетін ерекше ұнатқан.
Ұлы ақын Абай атамыздың алғашқы
ұстазы да əжесі болғанын «Абай жолы»
кітабынан жақсы білесіңдер.
Қалада тұратын əдеби бірлестік
мүшелері кітапханада ұйымдастырылған
Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің -- 70
жылдығына, Қазақстан халықтары ас-
самблеясы жылына орай ұйымдас-
тырылған түрлі мəдени-көпшілік шара-
ларға белсене қатысуда.
Біз аудандағы кітапқұмар, талантты,
талапты балаларды кітапханаға кітап
оқуға ғана емес, осы əдеби бірлестіктің
белсенді мүшесі болуға шақырамыз.
Ә.МОНТАЕВА,
аудандық орталық
кітапхананың кітапханашысы.
“ŠwëеK, 2=ë=…22=!/” ø=0/!=ä/
Áiëiì ´ëåìi
4
21-наурыз 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |