Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет2/5
Дата16.02.2023
өлшемі72 Kb.
#68569
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мінез

III. Жаңа сабақ.
? Жана сабақты өтпес бұрын мінез туралы өздеріңіздің қандай ойларыңыз бар?
Бүгінгі жаңа сабақта қарастыратын негізгі сұрақтарымыз мынадай:

  1. Мінез жөніндегі түсінік.

  2. Мінез бітістері.

  3. Мінез типтері.

1 – сұрақ. Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мысалы, мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақ көңілділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері.
Мінез туралы ілім өзінің ішкі бастауын ежелгі Грециядан алады. Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афины жұртының 30 – дан астам үстем тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30 – дан астам нашар жастарына талда жасаған (суайт, мылжың, жағымпаз т.б.) талдау жасаған.
XVII ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 – ден астамына сипаттама берген.
Графология ілімі (Аристотель, Гефаст т.б.) адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады деді. Адамның жазу – сызуына қарап, оның мінез – құлқын айыру психологияда криминалистика ара – тұра қолданылады. Ал жан қуаттары қалпында тұрған кісілердің мінез бітістерін объективтік әдістерімен зерттеу қажет.
И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай – ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Мальпер, Фулье т.б. мінездің туапайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады.
? Сонымен, осы ғалымдардың ойларын қорытындылай келгенде, мінездің қалыптасуы жүре пайда болады ма, жоқ әлде туа пайда болады ма? Қалай ойлайсыздар?
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т.б.) тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мысалы, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылға өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.
Мінездің қалыптасуындағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – мінезсіздіктің белгісі.
Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт.
Мінез адамның қолы бос уақытындағы өзі қалап шұғылданған істерінен де танылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді.
Мақсатқа жетуде бағыт – бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолайлы қайталанбас әдіс – тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет