Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет3/5
Дата16.02.2023
өлшемі72 Kb.
#68569
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мінез

2 – сұрақ. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды. Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Мінез бітісі адам қылығына ықпал ете отырып, сол қыдық - әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Бітістердің қалыптасуын әрекет – қылық мотивтерінен айыра қарауға болады. Мотивте алғашқы да ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады .
Мінездің жалпыланған қасиеттері өзінің диалектикалық қарама – қарсылықтарында көрінеді:күшті - әлсіз, қатал – жұмсақ, тыңғылықты - өзара қайшы, кең – тар т.б. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмытылады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, іс - әрекеттерінің жан – жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам әлемдегінің бәріне қызығып, бәрін аралағысы келеді.
Көп жағдайда мінез бен темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамың физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесінде болған тәуелділіктен. Мінездегі ұстамдылық – ұстамсыздық – ұстамдылық, қозғалғыштық – салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке түгелдей тәуелді емес.
Мінезі тұрақталған адамды темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қылып, мінез бітістеріне сай әрекет – қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді. Ал кейбір қасиеттер: еріктік, сезімдік, ақыл – сапалық адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде таңдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықта байланысқан: батыр адам - да табанды: ашық адам – жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады.
Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшеліктер көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер – белгілі тарихи – қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алап отырады. Мәселен, қарама – қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Мысалы, зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын жұмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса, мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тиізбей қоймайды.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісі адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: коллективизм, гуманизм, қайрымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама – қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т.б. бітістер жатады. Осы топқа сондай – ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, иницитивалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т.б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне - өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін - өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама – қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т.б. жатады.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзіне - өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет