Қайталау үшін сұрақтар
Дауыс аппаратының құрылымы қандай?
Дауыс дыбысы қалай пайда болады?
Балада қай кезенде дауысы таза шығады?
Бала дауысын қорғау үшін мұғалімнің міндеттері неде?
Бала қандай дирижерлық қимылдарды меңгеру керек?
13. ШЫҒАРМАМЕН ТАНЫСУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ
Студент бастапқы кезеңде музыкалық-теориялық талдау жүргізу керек: әннің мәтінін сөздік және музыкалық жағынан талдау; оны музыкалық аспапта тиісті ырғақ пен жылдамдықта мәнерлеп орындау; әуенін айту; мәтінді жаттау; оның мазмұнын түсіну; композитор шығармашылығымен байланысты сұрақтарды дайындау, т.б.
Әнді жаттау барысын сызба түрінде төмендегідей түрде беруге болады:
композитордың өмірі, шығармашылығы және музыкалық шығарма туралы кіріспе сөз;
– әдеби мәтіннің авторы туралы қысқаша мәлімет беру;
– шығарманы әнімен аспапта орындау, көркем образы мен негізгі идеясын анықтау, қысқаша талдау жасау;
– әнді үйрену – сольфеджиолау, әнді мәтінімен орындау, сүйемелдеумен біріктіру.
Бұл кесте тұрақты емес, кей жағдайда ол музыкалық материалға, оның мазмұны мен баяндау әдісіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін
Қайталау үшін сұрақтар
Шығармамен танысу және онымен жұмыс жүргізу кезендері қандай?
Мектеп әнді жаттау барысын сызба түрі қандай?
Сольфеджиолау дегеніміз не?
Сүйемелдеу дегеніміз не?
Бастауыш мектеп репертуарынан әнді таңдап оған музыкалық-теориялық талдау жүргізіңіз.
14. ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚҚА РЕПЕРТУАР ҚҰРАСТЫРУ
Оқушылар әніне репертуар таңдауда кейбір факторларды ескеру қажет. Ең алдымен, ән орындауға лайық болу керек, бұл жерде диапазонға жету айтылып отыр, орындау үшін таза вокалдық қабілет керек. Туындының бейнелі құрылымын балалар қабылдай алатындай болу керек. Балалардың не айтып тұрғандары туралы түсінікті және қызықты болуы өте тиімді. Репертуарға классикалық және халықты музыкаларды қосу жалпы-музыкалық дамуда және орындаушылық қатынаста міндетті болып табылады.
Музыка мұғалімі репертуарды жасағанда орындаушы мен тыңдаушының бойында жақсылық пен ізгілік қалдыратындай болуға тырысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |