Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет19/34
Дата27.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#128679
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қайталау үшін сұрақтар



  1. Бастауыш мектепке арналған әндерді таңдау критериялары қандай?

  2. «Республика күніне» репертуар құрастырыңдар.

  3. «Жаңа жыл» мерекесіне репертуар құрастырыңдар.

  4. «8 наурыз халықаралық әйелдер» күніне арналған репертуар құрастырыңдар.

  5. Қортынды сабаққа репертуар құрастырыңдар.



15. ШЫҒАРМАНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕНДІРІЛУІ

Мұғалімнің жұмыс барысында оқушының басты қабілеті ретінде дамытатын музыкаға деген эмоционалды ықыласы және музыкалық шығарманың мазмұнын эстетикалық тұрғыда қабылдау қабілеті екенін үнемі есте сақтауы керек.


Әнді көркемдік тұрғыда орындау үшін оның мағыналы түрде баса айтылуына, музыкалық-логикалық екпінін анықтауға назар аудару маңызды. Сүйемелдеумен ән айту келісілген жағдайда болғаны абзал. Орындалатын шығарманы мәнерлі беру әннің сипаты мен көркемдік бейнесін анықтауға тікелей байланысты. Мәтінге және оның мазмұнына саналы қатынас, шығарманың сипаты мен негізгі идеясын түсіну, сүйемелдеуді тыңдай білу маңызды орын алады.
Әнді көркемдік орындау барысында оқушылардың шығармаларын, суреттерін, кескіндерін пайдалану, ән бейнелерін әдебиет, тарих бейнелерімен байланыстыру, оқушылардың қиялы мен көркемдік ойлауын дамыту тиімді. Жаттаған өлеңге сурет салуды шығарма толық талданып, сезініп, эмоционалды қабылданғаннан кейін ғана беру керек.
Ән айту кезінде оқушылардың әртістік, орындаушылық, шығармашылық сапалары дамиды, орындайтын әнді қозғалыстар арқылы, сахналау элементтерін енгізу арқылы, балалардың қарапайым аспаптарымен сүйемелдеу негізінде жүзеге асады. Музыкамен сүйемелдеу барысында барабан, бубен, тамбурин, үшбұрыш, маракас, металлофон, кастаньет, ағаш қасықтар, сонымен қатар, қазақтың фольклорлық аспаптары – асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, т.б. қолдануға болады.
Қорытынды сабаққа әрбір студент бастауыш мектеп репертуарынан өзіне ән таңдайды. Оны жоғарыда берілген сызба бойынша дайындайды, мектептегі сынып сияқты, тобымен бірге әнді үйренеді. Әрбір студенттің жұмысы педагогтар мен студенттер тарапынан талқыланып, талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет