Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


ХОРМЕН ӘН АЙТУ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ. ЖАППАЙ МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХОРМЕН ӘН АЙТУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ



бет2/34
Дата27.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#128679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

1. ХОРМЕН ӘН АЙТУ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ. ЖАППАЙ МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХОРМЕН ӘН АЙТУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ

Ән айту және оның жоғарғы формасы – хормен ән айту өнері - өткен заманда да және бүгінгі таңда да музыка мәдениетінің шынайы қайнар көзі болған әрі бола да бермек. Бұл мәдениет түрі күрделі де көп қырлы. Көптеген жылдар бойы философтар, тарихшылар және өнертанушылар музыканың пайда болуы туралы пікірталас жүргізіп келеді. Бірақ олардың көзқарастары «музыка сөзбен ән айтудан келіп туған» деген пікірде тоқайласып отырады.


Хормен ән айту өнерінің сөзбен, оның ішінде поэтикалық сөзбен тікелей байланысы поэзияның эмоционалды-бейнелік дүниесін және сезімін берудің дәлелі ғана емес, сонымен қатар ән айтушының ішкі жан дүниесін ашып көрсетеді. Бұның бәрі хормен ән айту өнерінің идеялық-эстетикалық тәрбие мен адамның адамгершілік жағынан жоғарылауының құралы екендігін көрсетеді.
ХХ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген орыс хоры мәдениетінің аса танымал қайраткері П.Г. Чесноков (1877-1944) хормен ән айту бірнеше адам дауыстарының толыққанды бірлестігі, олар орындайтын шығармада орындауышылардың ішкі жан толғаныстары мен нәзік иірімдерін, сезімдер мен ойды тамаша бере алатын қабілеті бар деп түсіндіреді. Сонымен қатар, автор хор ұжымын қатаң қатаң тұрақты қатары және көркемдік бояулары бар «хор а сарреllа» ансамблі ретінде түсіндіреді.
Оның замандасы А.А. Егоров (1889-1959) «хор а сарреllаны» өзіндік вокалды оркестр деп атады, ол музыкалық шығармалардың идеялық-көркемдік бейнесін вокалды бояулармен ашуға қабілетті деп түсіндірді. Профессор Вл.Г. Соколов хор деп толық мағынасында – хормен ән айтудың техникалық және көркемдік-мәнерлі құралдарын жеткілікті деңгейде меңгерген, орындалған шығармалағы идеялық мазмұнды, ой мен сезімді бере алатын ұжым деп есептеді.
Сондықтан, жоғарыда келтірілген пікірлер хор ұжымын әншілер ұжымы екенін айғақтайды, оның шығармашылық мүмкіндіктері хор шығармаларын көркем орындау сапасы мен техникалық меңгеру деңгейімен өлшенеді.
Хормен ән айту - халықты өнерге баулудың және музыкалық орындаушылықтың тиімді формасы. Қазіргі заманғы педагогика әркімнің қарапайым ән айту даусын барлық адамда тәрбиелеуге болады деп санайды. Жас ерекшелік пен дауысты қалыптастыру заңдылықтарын ескере отырып, дұрыс ән айту тәрбиесі қалыпты дауыс аппаратын дамытуға ықпал етеді. Ән айтуға үйрету - осы өнер түріне үйрету ғана емес, ән айтуға үйрету барысында баланың даусы дамиды, сонымен қатар оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға байланысты тәрбие мәселелері де шешіледі. Балалардың ән айтуы арнайы педагогиканың оқыту пәні ғана емес, сонымен бірге эстетиканың, әдістеменің, психологияның, физиологияның, акустиканың, өнертанудың, медицинаның, т.б. оқыту пәні болып табылады. Осы ғылымдардың әрқайсысы ән айту әрекетінің бір аспектісін қарастырады. Әр түрлі ғылымдардың шығармашылық ынтымағы болмай, хормен ән айту тәрбиесінің жүйесі мен теориясын қалыптастыру мүмкін емес.
Қазіргі кезде балалардың хормен ән айту тәрбиесі негізінен музыка сабақтарында, хормен ән айту, жеке ән айтуға үйрету үйірмесінде, хор үйірмесінде, вокалды ансамблдік үйірмелерде жүзеге асады. Музыка сабағынын оқу жүктемесінің шектелуіне орай, мектептегі бала дауысын дамытуға байланысты мақсаттарды жүзеге асыру тек сыныптан тыс, мектептен тыс іс-шараларда және балалардың көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмыстарын үйлестіру жағдайында ғана мүмкін болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет