Педагогика аймағындағы зерттеулер - бұл ғылыми қызметтің нәтижесі мен процесіне, білім беру заңдылықтары туралы жаңа ақпараттар алуға, оның құрылымы мен механизмдерінің, мазмұныңың, принциптері мен технологиясының заңдылықтарына бағытталған.
Педагогикалық зерттеулерді іргелі, қолданбалы, өңдемелі деп бөлуге болады.
Іргелі зерттеулер - бұл зерттеу жалпыланған концепция нәтижесіндегі педагогтардың теоретикалық және тәжірибелік жетістіктерінде немесе педагогикалық жүйенің моделінің болжау негізінде дамуын ұсынады.
Қолданбалы зерттеулер - бұл зерттеулер педагогикалық процестің жеке тұстарын тереңдете оқуға, әрқилы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Өндемелі зерттеулер - белгілі жағдайларды ескере отырып, ғылыми-практикалық ұсынысқа бағытталған.
Кез келген ғылыми зерттеу белгілі әдіснамалық параметрлердің анықтамасына сүйенеді: проблема, тақырып. объект, зерттеу кұралы, мақсат пен тапсырмалар, гипотеза және корғалатын жағдай.
Зерттеудің сапа бағамының критерийлеріне актуалдылығы, жаңалығы, теоретикалық және практикалық маңыздылығы енеді.
Педагогикалық зерттеулер негізінен 2 бөлімнен тұрады: методологиялық және процессуалды.
Өзектілік қажеттілікке және зерттеуді дер кезінде өткізуге нұсқайды.
Ғылыми проблема ғылым мүмкіндіктерімен шешілетін негізгі кайшылыстарды көрсетеді.
Проблеманың шешілуі зерттеудін мақсатын кұрайды.
Объект - бұл таным процесіне бағытталғанның өзі.
Әдіснама - бұл теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен кұрудың бастапкы жетекші принциптері, тәсілдері мен кұралдарының жүйесі және соцдай-ақ осы жүйе туралы ілім. Бір сөзбен айтатын болсак, әдіснама - әлемді ғылыми тұрғыдан танудың әдістері туралы ілім.
Философиялық әдіснама. Э.Г. Юдиннің айтуы бойынша, бұл ең жоғарғы деңгей. Философиялық әдіснаманың мазмұның танымның жалпы принциптері (кұбылысты даму барысында зерттеу, теория мен практиканың бірлігі және т.б.) және тұтастай алғанда бүтін ғылымның категориялық қатары кұрайды. Бұған мазмұндықпен бірге, (ғылыми ойлаудың дүниетанымдық негіздері, әлемнің «философиялык бейнесі») формалды, яғни ғылыми ойлаудын жалпы формаларына, оның тарихи түрде айкындалған категориялық қатарына жататын алғышарттар да кіреді.
Бұл деңгейде адамзат болмысының түбегейлі, маңызды жақтарын козғайтын «мәңгілік» проблемалар қарастырылады. Сондықтан да педагогика мен педагогика тарихындағы философиялық талдаудың мәні білім беру мен тэрбие ісіндегі белгілі бір проблемаларға жауаптар мен шешімдер іздеуде емес, адамзаттың педагогикалық болмысы сферасындағы күрделі мәселелерді және олардың шығу тегін тауып, зерттеу.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы , оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Оларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау(сұрақ, анкета жүргізу, тестен өткізу)т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |