Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Әдеп пен академиялық мінез-құлық саясаты



бет10/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Байланысты:
pedagogika

11. Әдеп пен академиялық мінез-құлық саясаты

Академиялық тәртіп саясаты және этика жоғарғы оқу орнының ішкі тәртібіне, студенттер кодексінің этикасына негізделеді, атап айтқанда;



  • оқытушылармен қызметтес жолдастармен мейрімді болу;

  • университет және факультет аралығындағы барлық тәрбие жұмыстарына қатысу;

  • университеттегі мәдени іс-шараларды қолдау;

  • ғимаратта тазалық сақтау.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА»

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ,БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНЕР»


Ақышова Н.М

«Білім тобы» студенттері үшін

«Педагогика»

пәні бойынша дәрістер тезисі

Қызылорда, 2019 ж

1дәріс.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде

Жоспар:


1.1 Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік.

1.2 Педагогика ғылымының дамуы және міңдеттері.

1.3 Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері
Адамзат дамуы барысында білімдлік педагогиканың саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Педагогика жөнінде сөз болғанда әдетте, бұл термин оқу-тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен 956баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болды. Міне, осыдан бастап, адамзат қоғамның белгілі кезеңінде, дәлірек құл иеленуші дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едәуір дамыған шақта ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болды, кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқынды мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі біршама білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесімен басталып, XI ғасырдың аяғына дейін сақталды.

Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas»(«пайд»- бала, «гогос»- жетектеймін) - баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылым ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Адамзат есейген сайын,, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік-тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана-ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет