12дәріс.Қазіргі педагогикадағы тәрбиенің әдістері, құралдары және формалары
Жоспар:
1.Тәрбие әдістері туралы түсінік
2. Тәрбие әдістертерін топтап бөлу
3.Тәрбие әдістеріне сипаттама
4. Тәрбие құралдары
5. Тәрбие формалары.
Қазіргі педагогикалық теорияда «тәрбие әдісі» ұғымы әліде толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларыны дәлел бола алады. Т.Е. Кониковтың анықтамасы бойынша- бұл педагогткалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі- бұл жеке адамға тікелей және жанама ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Осы анықтамаларға сүйеніп мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өз-ара байланыс іс- әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды міңез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы: үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, өйткені ол құбылмалы, өзгергіш болып келеді.
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі және олардың өнегесі)жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану керек.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық процесте жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек сабақ т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс -әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі, әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен
Достарыңызбен бөлісу: |