Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


-дәріс.Тәрбие үрдісінде тұлғаны қалыптастыру



бет37/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Байланысты:
pedagogika

11-дәріс.Тәрбие үрдісінде тұлғаны қалыптастыру

Жоспар:


1.Тәрбие мазмұнының мәселелері

2.Азаматтық және патриоттық тәрбие.Құқықтық тәрбие. Ақыл-ой тәрбиесі. Ұлттық тәрбие. Адамгершілік тәрбие.Еңбек тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Валеологиялық тәрбие. Дене тәрбиесі. Гендрлік тәрбие.

3. Оқушылардың саналы тәртібі және мінез-құлық мәдениеті тәрбиелеу.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-жақты толық қанды дамуын қамтамасыз ету. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де , өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның , ұжымның, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл –парасатымен, жеке бастын өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырсады.

Қоғам мүшелерінің бәріне тән, ортақ біркелкі мінез-құлықтың болуы мүмкін емес, әр адам өзінше жеке тұлға.

Ертеде грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биолгиялық факторлар мен қоса әлеуметтік факторларда әсер етді деген. Адам өзіне тән биологиялық құрлысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи даму нәтежиесінен де пайда болады. Сонымен адамның жалпы дамуына өзара байланысты екі бағыт: биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз даму барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Жеке тұлға – дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және әлеуметтік функцияларды (қызметтерді, болмысқа, адамдарға өзіне , еңбекке, жалпы қоғамға қтысты) атқарады.

Жеке тұлға өзіне тән мінез-құлқы, іс-әркетімен, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады. Жеке тұлғаға тән қасиет- ақыл, ес яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Тұлға жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырудың нәтежиесінің көрінісі жеке тұлғаның ең маңызды белгілері:

саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, жеке бас қадір-қасиеті, даралығы жатады.

Даралық бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығын, оның өзіне тән ерекшелігін сипаттайды. Даралық адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (салмақты, жігерлі) шығармашылық қызмет әрекетінің , қабілетінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.

Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «индивид» түсінігін білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлік өкілін, оның сапа –қасиеттеріне қатынасын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл есі дұрыс адам индивид бола алады. «Жеке тұлға» түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осында.

Ал жеке тұлға сапалары адамның өмірі барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін «даму» және «қалыптасу» ұғымдарының мәнін ашып беру өз алдына маңызды.

Даму - бұл жеке тұлға сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді меңгереді.

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – ең алды мен оның қасиеттері мен санасындағы сапалық өзгерістерді айтамыз. Адам дүниеге келген соң дене жағынан дамып, яғни дене мүшелері мен нерв жүйелері өседі. Адамның жеке тұлға болып дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан саналық өзгерістер (танымдық, сезімдік және моральдық), сонымен осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

Қалыптасу –түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтежиесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді меңгеруін білдіреді.

Жеке тұлғаның табиғи дамуы көпсанды әр сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдаумен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иеі ретінде сипаттайды. Мыс; нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі үйдегі және көпшілік арасындағы қалпы т.б. Өсе келе ол білімді меңгереді, жұмыс істеуге ептіленеді.

Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнің сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субьект, яғни тарихи қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек «адам» түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік сапа мен қасиеттердің бірлігін айтады.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл- ауқаты және оның саясатымен ірқашанда тығыз байланысты болады.

Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде т әрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиетін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дұниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата- аналар мен жұртшылыққа әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп.



Адамгершілік дегеніміз жағымды мінез құлқының нормалары мен ережелер жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортадағы тәрбиенің әсері мен қалыптасып, оның ерік күші мен өзіне және қоршаған өмірге қарым қатынасының айқындайтын күрделі процесті айтамыз.

Адамгершілік борыш идеясы бүкіл тәрбие процесінің саналы негзігі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз жақсылық атаулығына деген сенімді дамыту. Өзге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Социалистік қоғам тұсында коммунистік моральдың үш түрі болды.Ұжымдық мораль бұған тән қасиет «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін » қағидаға негізделген.Гуманистік мораль ол адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынасқа негізделген.Белсенді қарекетшіл мораль бұл еңбек адамын жаңа жетістіктерге ұжымдық және өміріне ынта ықыласпен араласуды көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет