Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


-дәріс. Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесінде



бет49/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
pedagogika

15-дәріс. Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесінде

Жоспар:

1Отбасы – әлеуметтік институт

2 Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері

3 Отбасы мектеп және социумның өзара әрекеттері.

Адамға стихиялы түрде әсер ететін, мейлінше сан алуан сыртқы құбылыстардың кешені, әдетте, орта делініп түсініледі. Ортаны: табиғи немесе жағрафиялық, әлеуметтік және үй-ішілік орта деп ажыратуға болады.

Үй-ші ортасының, сондай-ақ мектептен тыс жердегі бала төңірегінің ықпал күші (ауласы, көшенің, яғни микроорта дейтіннің ықпалы) өте айқын болып келеді.

Шет елдерде (Англияда) егер де баланың үй іші ортасы қолайсыз болса, мектептің еш нәрсе істей алмайтындығын дәйім баса көрсетеді, яғни нашар ортада тәрбие беру дәрменсіз деп мойындалады (Т.А.Ильина, 29 б.).

Ортаның алдын ала анықтаушылық ролі туралы теория тұқым қуалаушылықтың ықпалы туралы теорияға қосымша болып келеді.

Тәрбие процесі барынша күрделі диалектикалық процесс болып табылады. Мектептің белгілі мақсатты көздейтін тәрбиелік ықпалы балаларға әлеуметтік ортаның, үйдегі оларды қоршаған және өмірде кездесетін көптеген әр түрлі адамдардың тигізетін ықпалдарымен тығыз байланыса өріліп, бір-біріне ерекше әсер етіп отырады.

Оқытуда, іс жүзінде, мұғалімнің оқыту қызметіне тікелей қарсы бағытталған сырт ықпалдар жоқ; ол сондықтан жетекші және анықтаушы күшке ие, ал тәрбиеге келсек, мұғалім тәрбиешіге кей жағдайларда қарсы әсер ететін жаңағы сырт ықпалдарды зерттеп білуге көп уақытын жіберуге тура келеді, бұл оларға балалардың мінез-құлықтарының тенденциясын пайымдау, сырт ықпалдардың соншалықты сирек те кездеспейтін мұғалім тәрбиесіне қарсы мотивтерін білу үшін қажет.

Оқушыға әлдекім үйде н/е көшеде химиялық реакция мектепте үйреткендегіден басқаша өтеді н/е көбейтуді мұғалім айтқандай етіп орындауға болмайды, деп дәлелдеп жатқанын көзге елестету қиын. Ал тәрбие саласында мектептен сырт жерде мұндай “қайта оқыту” жиі байқалады.

Жанұядағы жоғары сынып оқушылары үшін тәрбиенің негізгі бағыты – оқушыларды өздерінің жанұясын құруға даярлау. Бұл іске сынып жетекшісі, дәрігер кеңесі де қажет етіледі.

Жыныстық тәрбие тақырыбында әңгіме өткізу қажет.

Жанұя құрудың негізінде көмек ретінде істелетін еңбектің тәжірибесі қаншалықты пайдалы болғанымен бұл салада үйде ата-аналардың істеткен еңбегінің тәжірибесі одан да құнды. Балаларды үй шаруасына жұмсаудың өзі де өте маңызды.

Үй жұмысын атқарудан босаған жігіттер мен қыздар өз бетімен үйдегі тұрмыс шаруашылығын атқаруға моральдық жағынан да, практикалық жағынан да мүлдем икемсіз болып жүр. Үй жинау, кір жуу, азық-түлік сатып алу, тамақ дайындау сияқты күнделікті тұрмыстың қам-қарекеті өмірді жаңадан бастаған жас жұбайлардың албырт, әлі шыңдалмаған сезімін қайтарып, салын суға салады.

Бұл мәселелер тек қана жанұя көмегімен және жанұя арқылы шешуге болады.

Моральдық кодекстің қағидасының бірі - жанұяда өзара құрмет көрсету, балаларды тәрбиелеу туралы қамқорлық- ең алдымен, жанұя ұғымының біздің қоғамымыздың жанұя құрылып отырған жаңа принципиальды негіздердің мән-жайын, балаларды тәрбиелеудегі жанұяның ролін анықтап алуды көздейді. Мұнда бүтін бірқатар жеке мәселелерді нақтылы анықтап түсіндіріп, ажыратуға тура келеді. Жоғары сыныптың оқушыларының назарын оларды жеке өз жанұясын құруға әзірлік мәселесіне бағыттауға болады.

Осының нәтижесінде оқушылар біздің қоғамымыздағы жанұяның зор ролі мен маңызын түсінуе, балаларды тәрбиелеу жолындағы ата-ананардың жауапкершілігі туралы, өз жанұясын құруға моральдық әзірліктің қажеттігі турлы және жанұядағы кемшіліктер мен кінәратты құбылыстарды түзетудегі жұртшылықтың ролі туралы біліп алуға тиіс. Отбасылық тәрбие- көзделген нәтижеге жетү мақсатында ата-аналармен жанұя мүшесінің тарапынан жасалатын ықпал процестері болып табылады.Әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі мен тоғысқан тұсындағы мәселелері жалпы педагогикада қортылады.Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса 2 жағынан тәрбиелік орта болыл табылады.Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы кейінгі жас кезеңдерде болатын ықпалын басымдау болады.Зерттеулерге қарағанда отбасы бала үшін мектеп ақпарат көздері қоғамдық ұйым еңбек ұжымы дос жорандар болып табылады.Отбасы әрі өнер мен әдеп кілті.Бұдан педагогтар мынадай тұжырымдарға келіп отыр.тұлғаның қалыптасу нәтижеге ең алдымен отбасыларға тәуелді.Жеке адамдардың қалыптасу процесі мен оның нәтижесінде отбасылық тәрбиенің күші мен қуатын мойындау керек.Мемлекет пен қоғамда тәрбиелік шараларды дұрыс жолмен ұйымдастыру үшін ең алдымен отбасыға назар аударады.Бұл дамыған өркениетті елдің ұстанымы болып табылады.

Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас халықаралық және ұлттық үрдістерді естен шығу инобаттылық процестерінен тайқып кету шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік іштей тәртіптің болмауы ерлі зайыптылардың араларындағы ажырасулар бұлардың бәрі отбасыға бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.

1.Отбасында адами қатынастар негізі қаланады.Барлық өмірге жетер еңбек әлеуметтік бағыт бағдарлар түзеледі.Отбасы тәрбиесі басқа барлық тәрбиелік әсерінің бәрінен де күштірек.Адам жасы ұлғайғанда бұл әсер бәсеңдеуі мүмкін бірақ ешқашан өз күшін

жоймайды.

2.Отбасы тұлғаның әлеуметтерін қамтамассыз етеді.Оның моральдық,тәндік,еңбектік мүмкіндіктерінде болған тәрбиелерді шоғырлап іске қосады.Қоғамның азамат мүшесі отбасынан көрінеді.Халықтың салт дәстүр жалғасында отбасы қамтамассыз етіледі.Халықтың салт дәстүр жалғасында отбасы қамтамассыз етіліп отырады.Отбасының әлеуметтік маңызды қызметтеріне мыналар жатады: азамат тәрбиелеу; отан сүйгіштікті қалыптастыру; болашақ отбасы иегерін кемелдендіру.Мемлекет заңын мойындап құқығын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшелерін жетілдіру болып табылады.Қазақ талай басынан «Ақтабан шұбырынды», «Алқа көл сұлама» тарихи оққиғаларды кешкен.Солай болса да орталарында жүрген дала тәрбиесінің ғұлама ұстаздардың болуынан өз басшысын сақтап қалған.Қаншалықты отбасы болса да ортада жүрген дала тәрбиесінің ғұлама ұстаздардың болуынан өз басшысын сақтап қалған.Қаншалықты отбасы болса тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет