Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


- дәріс.Ұжым- тәрбие құралы



бет47/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Байланысты:
pedagogika

14- дәріс.Ұжым- тәрбие құралы

Жоспар:


1.«Балалар ұжымы» түсінігі.Ұжым теориясының қалыптасуы

2. Ұжымның белгілері. Ұжымның қызметтері

3.Балалар ұжымының типтері және құрылымы. Балалар ұжымының даму кезеңдері.

. М. Жұмабаев “ Педагогика” деген еңбегінде “ тәрбиеге” былай анықтама береді: “ Тәрбие кең мағынасына алғанда қандайда болсын жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз”.

Тұлға мен ұжымның даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ақыл-ой дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен қабілеттері ұжымның тәрбиелік күші мен әсерін айқындайды. Соңғы нәтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, олар өздерінің дербес мүмкіндіктерін ұжым өмірінде барынша толық пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне түседі.

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дербестігінің дамуы олардың ұжым ішіндегі өзіндік деңгейімен және шығармашылық белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамға пайдалы іс-әрекетте өзін көрсеткен сайын оның ұжымдағы статусы жоғарылайды және оның ұжымға әсері де арта түседі. Керісінше, оынң статусы жоғарылаған сайын ұжымның оның өзіндік дамуына әсері де жемісті бола түседі.

Тұлға мен ұжымның дамуы - өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын процесс. Адам табиғатпен және өзін қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өмір сүреді және дамиды. Байланыстардың молдығы тұлғаның рухани байлығын анықтайды, ал байланыстар мен қатынастар молдығы адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді.



  1. ұжым – кез келген ұйымдасқан адамдар тобы;

  2. ұжым – жоғары ұйымдасқан топ.

Ұжым тәрбиеленушілердің ұйымы ретінде бірнеше маңызды белгілермен анықталады:

  • ұжым – басқа ұжыммен байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;

  • жалпы әлеуметтік маңызды мақсат болуы, ұжым мақсатының қоғамдық мақсатпен сәйкес келуі;

  • ұжымның барлық мүшелерінің ортақ мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

  • ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсының өзіндік пікірі болуы;

  • ұжым мүшелерінің өз араларындағы міндеттерді белгілеуі және оларды мұқият орындауы;

  • ұжым мүшелерінің арасында өзара жауапкершілік, көмек және жолдастық, қайырымдылық қарым-қатынас болу.

Ұжым іс-әрекетте үнемі дамып отыратын, әрі іс-әрекетті қажет етеін әлеуметтік организм.

Мақсатты бағытталған оқу-тәрбие жұмысы жағдайында балаларда ұжымдықты дамытудың қажеттілігін А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, т.б. көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады.

А.С. Макаренконың идеяларын кейін В.А:Сухомлинский өз тәжірибесі мен зерттеу еңбектерінде одан әрі дамытты.

Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы, т.б. бағыттарда жүргізіліп келеді.

Балалар ұжымын қалыптастыру кезеңдері, заңдары.

Ұжым дамуы және құрылуы ұзақ әрі күрделі процесс. Ұжым болып қалыптасуы үшін топ бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Педагог ғалымдар оның бірнеше жіктеуін көрсетеді. А.С.Макаренко ұжымның құрылуы мен дамуын кезеңдеуде талапты басты көрсеткі етіп алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет