Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері



бет48/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері


Кезеңдер

Сипаты

Бірінші кезең

Тәрбиеленушілерге тәрбиешінің талап қою кезеңі

Екінші кезең

ұжым белсенділерінің ықпалы күшеюі

Үшінші кезең

ұжымда қоғамдық пікір қалыптасуы

Төртінші кезең

берік игерілген ұжым тәжірибе арқасында оқушының өзіне талап қоюы, адамгершілік нормалады сақтау оның қажеттілігіне айналуы


Л.И.Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі


Бірінші кезең

Ұжымның бірігу кезеңі

Екінші кезең

Ұжымның барлық оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы

Үшінші кезең

Әлеуметтік тәжірибені түзету және әр тәрбиеленушінің шығармашылық даралығын дамытудың ұжымның қамқорлығына айналуы

Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүрлер қалыптасып, нығаяды. Дәстүрлер мінез-құлықтың жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады.

Үлкен дәстүрлер – бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, олрды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымдықамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары.

А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді:

1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді;

3. Ұжым барлық ұжымбармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі;

4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары мен органдары – ұйымдастырушылары болады.

Әрбір ұжым – топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ол контактілі және негізгі болып екіге бөлінеды. Контактілі ұжым – ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым – ьұл студенттер тобы, ал негізгі ұжым – факультет, т.б.

Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен нығайтуда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Оны үшке бөліп қарастыруға болады:

1) Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайдаланылатын жеке адамды әр түрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру. Оған жарыс, саяхат, т.б. жатады.

2) Орта перспектика – бұл перспективаға жыл сайын өткізілетін көрмелерге, сайыстарға қатысу, лагерге бару, т.б. жатады.

3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Оған келешекте білім алу, мамандық таңдау, т.б. жатады.

Сонымен бірге ұжымды басқаруда мына жайларды еске алған жөн

- ұжым мүшелері тең құқықты болады;

- .басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым жасалмайды;

- жауапкершілік пен өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді.

Ұжым өмірінде гуманистік қатынастар ерекше орын алады, оның негізгі белгілері мынадай:

- сергектік стилі – ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелернің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;

- балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы керек;

- басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру;

Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстарының дамуының құралы болады.

Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынастар жүйесін, өзара жауапкершілік пен тәуелділік қатынасын, сондай-ақ гуманистік қатынасты есепке алу балалар ұжымын басқарудың жемісті болуына әсер етеді.

Ұжым- қоғамдық мәні бар мақсат, мүдде, бірлескен іс - әрекеттін қарым- қатынас негізінде біріккен адамның қоғамдық тобы. Тәрбие ұжымы күшті тәрбиелік ықпал нәтижесінде пайда болған дамудың жоғарғы деңгейіндегі топ. Онда адамдар арасындағы қарым – қатынас қоғамдық тұрғыдан құнды боп табылатын және жеке тұлға үшін ерекше мәні бар бірлескен іс- әрекет мазмұнынан құрылады.

Тәрбие ұжымына тән белгілер:

1.Тәрбие ұжымы балалар өмірінің мазмұнын құрайтын, бірлескен іс - әрекетті, оқуды, еңбекті, қоғамдық саяси іс - әрекетті және қызығушылықтарына байланысты әртүрлі жұмыс түрлерін біріктіреді

2.Тәрбие ұжымының нақты құрылымы болады.Мектеп ұжымы педагогикалық ұжым және балалар ұжымынынан тұрады. Балалар ұжымының ресми және ресми емес құрылымы болады.

3.Тәрбие ұжымының басқару органы жалпы жиын, оқушылардың әртүрлі ұйымдарының кеңесі болады.

4.Тәрбие ұжымдарының бар өмірі мен іс - әрекеті саналы тәрбиеге, режимді орындауға негізделеді.

5.Тәрбие ұжымдарына балалардың көңіл–күйін көтеретін жақсы қарым – қатынас стилі үстемдік етеді.

6.Еңбек ұжымдарын тығыз ынтымастық байланыс жасау,тәрбие үжымын жалпы халықтық іске араласу тәжірибелерін, еңбек дәстүрлерін байытады.

7.Тәрбие ұжымы үнемі дамуда болады. Оның өмірлері мен іс - әрекетінің мазмұны күрделеніп құрылымы басқару органдарына жетілдіріліп отырады. Мүшелердің қоғамдық белсенділігі тәртіп деңгейі артып пайдалынатын дәстүрлер көбейеді және еңбек ұжымынын байланысы нығаяды.

11.Тәрбие ұжымын қалыптастыру әдістері.

1.бірыңғай. педагогикалық талаптар әдісі.

2.оқушылардың ұжымдық өз- өзіне қызмет көрсету әдісі.

3.жарыс.


4.оқушылардың өз - өзін басқару әдісі.

3.Мұғалімнің тәрбие ұжымын ұйымдастыру шеберлігіне тән белгілері:

1.Ұйымдастыратын істердің білгірі болуы.

2.Ортақ істердің келешегін көре білуі.

3.Нақты негізгі міндеттерді анықтай білу.

4.Балаларды, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білу.

5.Ұйымдастыратын істердің материалдық, технологиялық тұрғыдан жабдықтарын ойластыру.

6.Орындалған жұмысытың барысын дұрыс есепке алу және бақылау,нақты қорытындылар шығару .

Мұғалімнің ұйымдастыруы ретінде негізгі қасиеттері

1.принциптік- қоғамның , ұжымның, әр жеке тұлғаның мүддесін үйлестіруге тырысу

2.Іскерлік тосынан туындаған кез- келген сұрақтын шешуін таба білу қабілеті

3.Орындаушылық, тәртіптін жұмыс істеу тездгі

4.Ұстамдық, шыдамдылық

5.Тіл табыса білу қабілеті.

Мұғалім ұйымдастырудағы жұмысының негізгі түрлері.

1.Жоспарлау

2.Кеңесу

3.Тапсырмалар беру

4.Оқу құжаттарын жүргізі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет