Ғылыми дүниетаным
Мәні Мақсаты Қалыптастыру жолдары
Қызметі
Құрылымы
Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да,көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс.Дүниетанымдық сана баланың сезіміне,ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші,ерік-жігерді ынталандырушы.Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен,дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді.Сананы,ой мәдениетін,сезімді,қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады.Баланың санасы,көзқарастары,сенімдерін ең алдымен ғылыми негіздері қалыптастырады.
Табиғи жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады.Оқушылар түрлі фактілер жинайды,өмірді бақылайды.Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты,қартаю,өлу себептерін,жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды.Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің,ғылым мен техниканың адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.
Ұлы адамдардың,ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді.Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан оқиғаларды дұрыс талдауға үйретеді,жақсылық пен жамандықты көрсетеді,елімізде,шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды.Өнер пәндері-әдебиет,бейнелеу өнері,саз,театр,кино оқушының адамгершілік-эстетикалық сезімін тәрбиелейді.
Өнер шығармалары баланың сезімін оятады.Шығармаларды талдау,салыстыру,қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады.Өнердің түрлі салаларында оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді.Оқушылар өнердің тілімен танысып,тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді,дағдыланады.Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді,сондықтан көркемөнерпаздар үйірмесін құру,өнер шығармаларын жасату,шығармалар жаздыру,сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-өрісін кеңейтіп,көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі.Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен,жүйелілігінен,диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |