Практикалық сабақтарға арналған тапсырмалар Практикалық сабақ 1. Кәсіпорын – шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нормаларын (АҚ, ЖШС, ӨК) ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштерді кестені төмендегі тізімнен алып, әр форма тұсына сәйкесінше орналастырыңыз.
Кестені толтыруға қажетті мәліметтер: Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формаларының анықтамасы: 1. Өзінің іс-әрекетін жүзеге асыруға қажет қаржы тарту мақсатында бағалы қағаздарды сатумен айналысатын коммерциялық ұйым.
2. Жарғылық қоры құрылтай құжаттарында анықталған үлестерге бөлінген коммерциялық ұйым.
3. Мүшелерінің еңбекке қатысуына, мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген кәсіпкерлік қызметті бірігіп атқаруы ұшін құрылған еркін бірлестік.
Қатысушылар (кәсіпорын салымшылары): 1. 16 жасқа толған кез келген тұлғалар. Ұйым мүшелері екі тұлғадан кем болмауы керек.
2. Ұйым құрылғаннан кейін оның мүліктерінде үлестік құқығы бар тұлғалар (қатысушылар саны 1-ден 50-ге дейін)
3. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ құрылтайшылары бір немесе одан да көп тұлғалар болуы мүмкін.
Жарғылық қор: 1. Құрылтайшылардың бағалы қағаздарды номиналдық құны бойынша сатып алуы немесе инвестордың тарату құны бойынша сатуы негізінде қалыптасады. Ең төменгі мөлшері 50 мың еселік АЕК (айлық есептік кқорсеткіш)
2. Мүліктік және басқа да жарналардан тұрады. Мүліктік жарна болып: ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, сондай-ақ, жерді пайдалану құқығы болып табылады.
3. Бастапқы мөлшері 100 еселік АЕК-тен кем емес салымдардың бірігуі. Салым болып: ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және жерді пайдалану құқығы табылады.