Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет66/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
Практикалық сабақ 3.
Кәсіпорынның айналым капиталы.
1-тапсырма. Кәсіпорында есепті жылы өнімді сату көлемі 600000 мын тенгені кұрады, ал есепті жылы — 612000 мың теңгеге жетті, айналым кұралының орта жылдық қалдығы тиісінше 120000 мың теңге және 110500 мың теңге. Айналым құралының айналу коэффициентін, бір айналымның ұзақтығын, анықтау керек.
2-тапсырма. Кәсіпорының айналым қорларының нормативі – 3600 мың.тг, өнімді өткізу жоспары – 18,2 млн,тг.
Анықтаңыз:
А)айналым қорларының айналымдық коэффициентін (рет);
Б)бір айналымның ұзақтығын (күн).
3-тапсырма. Есепті жылда кәсіпорында мөлшерленетін кұрал сомасы 100000 теңгені құрды. Бір айналым құралының айналым ұзактығы 35 күн. Келесі жылы өнімді сату колемі 5%-ға өсіріледі. Мөлшерленетін айналым құралының сол қалыптағы көлемінде бір айналым уақыты қанша күнге қыскарады.
4-тапсырма. Кәсіпорында есепті жылы өнімді сату көлемі 600000 мын тенгені кұрады, ал есепті жылы — 612000 мың теңгеге жетті, айналым кұралының орта жылдық қалдығы тиісінше 120000 мың тенғе және 110500 мың теңге. Айналым құралының айналу ко-эффициентін, бір айналымның ұзактығын, айналым кұралының жүктеу коэффициентін анықтау керек.
Практикалық сабақ 4.
4-тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Төмендегі тапсырмаларды дәріс сабақтарында алған мәліметтер мен еңбек өнімділігі көрсеткіштерін анықтау жолдарын пайдалана отырып есептеу қажет.
1-тапсырма. Егер жұмысшылар саны 36 адам, өнімнің жалпы шығымы 14000 тонна, еңбек шығындары 78600 адам/сағат болғанда астық кәсіпорынының еңбек өнімділігі мен еңбек көлемі деңгейін есептеу керек.
2-тапсырма. Кәсіпорында жыл бойы жұмысшылардың орта тізімдегі саны 600 адам. Жыл бойы өз еркімен 37 адам жұмыстан кетті, еңбек тәртібін бұзғаны үшін 5 адам жұмыстан шығарылады, 11 адам зейнетке шықты, жоғарғы және басқадай оқу орындарына, әскер қатарына 13 адам кетті, кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне және басқа жұмысқа 30 адамдарды ауыстырды.
Осы мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек:
а) кадрлардың кету коэффициентін (%)
б) кадрлардың тұрақсыздық коэффициентін (%):
в) Өндірілген өнім көлемі 350 тн, сатылу бағасы 7000 тг/тн. Еңбек шығыны 66000 адам/сағ. Еңбек сыйымдылығын есептеу керек, адам/сағ.
3-тапсырма. Еңбек өнімділігі 1,5 есе өскен кезде еңбек сиымдылығы қалай өзгереді.
4-тапсырма. Еңбек өнімділігінің жоспарлы өсуін есептеңіз. Егер есепті жылы кәсіпорында шығарылған өнім көлемінің құны - 92000 мың тг., ал жоспар бойынша 80000 мың тг. өндіруді көздеп отыр. Ал жұмысшылар саны сәйкесінше 470 және 450 адамға тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет