Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата05.12.2022
өлшемі1,76 Mb.
#55071
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
AutoCAD--курс лекц

 7.3 Жаңа қабат жасау 
 
Жаңа қабат жасау үшін, 
Layers
(Слои-Қабаттар) инструменттер панелінің 
 
Layer Properties Manager 
(Диспетчер свойств слоёв-Қабаттар қасиеттері 
диспетчері ) (сурет 7.1) пернесіне шерту керек. 
 
Сурет 7.1 – Layers инструменттер панелі 
 
Layer Properties Manager 
(Диспетчер свойств слоёв-қабаттар қасиеттері 
диспетчері) (сурет 7.2) сұхбаттық терезесі ашылады. 


Сурет 7.2 – Layer Properties Manager сұхбаттық терезесі 
 
Сұхбаттық терезе көмегімен жаңа қабаттар жасауға немесе бар 
қабаттардың қасиеттерін өзгертуге болады.
Диспетчер сұхбаттық терезесінің тізімінің жекелеген бағандарын 
қарастырайық. 
1.
Status
(Статус каждого слоя-Әр қабат статусы):
- қолданылатын қабат; 
- қолданылмайтын қабат; 
- ағымдағы қабат. 
2.
Name 
(Имя-Аты) –
New
(Новый-Жаңа) пернесі; үнсіздік бойынша 
Layer 1
(Слой 1-Қабат1) (сурет 7.3) деп аталған жаңа қабат жасалады.
Сурет 7.3 – Жаңа қабат құру
Қабат аты ерекшеленген, сондықтан жаңадан жасалған қабатқа кез келген 
атты беруге болады. Аты енгізілгеннен соң, 
Enter
пернесін басыңыз.  
Бір ретте бірнеше жаңа қабат жасау үшін, 
New
пернесіне неше қабат жасау 
керек болса, сонша рет шертіңіз.
пернесі суреттен қабатты жояды. 


пернесі ағымды қабат ретінде басқа қабат атын орнатады.
3.
Color
(Цвет-Түсі) – үнсіздік бойынша орнатылған қабат түсін орнату 
үшін, жаңа қабат жолындағы түрлі-түсті шаршыға шертіңіз.
Select Color
(Выбор цвета-Түс таңдау) (сурет 7.4) сұхбаттық терезесі 
ашылады.
Index Color
(Номер цвета-Түс нөмірі) бетінде тінтуірмен қажетті түсті 
таңдаңыз да, 
ОК
пернесін басыңыз.
Сурет 7.4 – Select Color сұхбаттық терезесі
4. Linetype
(Тип линий-Сызық типі) – үнсіздік бойынша сызық типі тұтас 
(
Continuous
). Бағдарлама басқа да көптеген сызық типтерін ұсынады. 
Сызық типін өзгерту үшін, қабат жолындағы сызық типіне көрсеткішті 
апарып, тінтуір пернесін шертіңіз. 
Select Linetype
(Выбор типа линий-
Сызық типін таңдау) (сурет 7.5) сұхбаттық терезесі ашылады. 


Сурет 7.5 –Select Linetype сұхбаттық терезесі 
Егер тізімде сызықтың қажетті типі бар болса, онда оны ерекшелеп, 
ОК
пернесіне шертіңіз.
Егер сызықтың қажетті типі тізімде болмаса, онда оны орнату керек. 
Load 
or Reload Linetypes
(Загрузка/перезагрузка типов линий-Сызық типтерін 
орнату/қайта орнату) (сурет 7.6) сұхбаттық терезесін ашу үшін, 
Load
(Загрузить-Орнату) пернесіне шертіңіз.
Сурет 7.6 - Load or Reload Linetypes сұхбаттық терезесі 
Орнату үшін бірден бірнеше қатар тұрған сызық типін ерекшелеу үшін 
тізім ішінен бірінші сызық типіне шертіңіз де, 
Shift
пернесін басып тұрып, 
соңғы сызық типіне шертіңіз. 
Бірнеше қатар орналаспаған сызық типін тізімнен ерекшелеу үшін 
Ctrl
пернесін әрбір шерткен сайын ұстап тұрыңыз. 
Барлығын ерекшелеу үшін немесе тізімнен кез келген сызық типін 
ерешелеуді қайтару үшін сұхбаттық терезеде тінтуірдің оң жақ пернесін 
шертіңіз де, контекстік менюден сәйкес команданы таңдаңыз. 
Қажетті сызық типтерін ерекшелеп, 
Select Linetype
сұхбаттық терезесіне 
оралу үшін, ОК пернесіне шертіңіз. Тізімде орнатылған сызықтар типтері пайда 
болады. Қажетті типті ерекшелеп, ОК пернесіне шертіңіз. 
Layer Properties 
Manager
сұхбаттық терезесі тағы іске қосылады. 
5. 
Lineweight
(Толщина линий-Сызық қалыңдығы) – сызық қалыңдығын 
орнату үшін ерекшеленген қабаттың 
Lineweight
(Толщина линий-
Сызық қалыңдығы) бағанына шертіңіз. 
Lineweight 
сұхбаттық терезесі 
іске қосылады
(сурет 7.7). 


 Бағдарлама объектілер кескінделгенде 
сызық 
қалыңдығын 
жедел 
басқаруға 
мүмкіндік береді. Жағдайлар жолында 
орналасқан 
LWT
(
LineWeighT
– толщина 
линий-Сызық қалыңдығы) пернесі экранда 
сызық қалыңдығының бейнеленуін өшіріп, 
қосады. 
Үнсіздік бойынша 
LWT 
пернесі өшіп 
тұр
(қысылған). 
Сурет 7.7 –Lineweight сұхбаттық
терезесі 
Үнсіздік бойынша 
lineweight
қасиеттер мәні мм-мен беріледі. Бірақ, 
қасиеттер форматын өзгертуге болады. Ол үшін менюден 
Format
(Формат) 

Lineweights
(Толщина линий-Сызық қалыңдығы) командасын таңдаңыз, 
Lineweight Settings
(Установка толщины линий-Сызық қалыңдығын орнату) 
(сурет 7.8) сұхбаттық терезесі іске қосылады. 
Lineweights
(Толщина линий-Сызық қалыңдығы) тізімінде қасиеттердің 
мүмкін мәндері келтірілген. Үнсіздік бойынша 
Default
(По умолчанию-үнсіздік 
бойынша) тізімінен таңдап басқа мән енгізуге болады. AutoCAD үнсіздік 
бойынша 
0,01
дюйм, немесе. 
0,25
мм мәнін орнатады. 
Сурет 7.8 –Lineweight Settings сұхбаттық терезесі 


Display Lineweight
(Отображать линии в соответствии с весами-
Сызықтарды қалыңдықтарына сәйкес көрсету) жолына жалауша орнату 
LWT
түймесін қосқанмен тең. 
Экрандық кескіндеу масштабы (
Adjust Display Scale)
сызба экранда 
бейнеленгенде модель кеңістігінде сызық қалыңдығын реттеуге мүмкіндік 
береді. 
Сызықтың түсін, типін, қалыңдығын реттеп болған соң жаңа қабатты 
сызбада қолдануға болады. 
Күнделікті жұмыс барысында 
Properties
(Свойства-Қасиеттер) панелі 
қолданылады (сурет 7.9). Ашылатын тізімдерде орнатылған мәндер 
қасиеттердің ағымдағы жағдайын анықтайды – дәл осындай қасиеттер, мәндері 
өзгертілмейінше жаңа объектілерге беріледі. 
Сурет 7.9 – Properties панелі 
Plot Style Control
(Стили печати-Басып щығару стилі) тізімі өшіріліп тұруы 
мүмкін, және оның әрекеттегі мәні ретінде 
ByColor
(Поцвету-Түс бойынша) 
қызмет атқарады. Ол дегеніміз суретте атақталған басып шығару стилі 
қолданылмайды деген сөз. 
Тағы да бір ашылатын тізімі бар панель экранға шығарылған және 
қабаттарға жылдам ауысуға арналған – бұл панель 
Layers
(Слои-Қабаттар) 
(сурет 
7.10). 
Тізімде 
ағымдағы 
қабаттың 
аты 
және 
негізгі 
сипаттамаларыкөрсетіледі. 
Сурет 7.10 – Layers панелі
Properties 
және 
Layers 
екі панелін деграфикалық экраннан жоғары, 
горизонталь бағытта ұстаған абзал. 
Format
(Формат) құлайтын менюінің алғашқы төрт 
пункты – қабат, түс, сызық типтері, сызық салмағы 
қасиеттердің ағымдағы мәндерін басқарады (сурет 7.11). 
Сурет 7.11 –Format менюі 


6. Примитивтің тағы да бір қасиеті – сызық типінің масштабы.
Тұтас сызықтан басқа сызық типтері нүкте, штрих және ашық адымнан 
тұратын белгілі бір шаблондардың қайталануы арқылы жасалады. Кейде сызық 
типтерінің шаблондары сызбада бұл сызықтар жақсы көрінуі үшін өте ұзын 
немесе өте қысқа болуы мүмкін. Тиімсіз таңдалған масштаб нәтижесінде сызық 
тұтас болып көрінуі мүмкін. 
Үнсіздік бойынша сызық типі масштабы 1. Объект сызық типі 
масштабының мәні басты және өзіндік масштабтарының көбейтіндісі ретінде 
алынады.. Бастый масштаб бірден сызбадағы барлық объектілерге таратылады, 
ал өзіндік масштаб әр объектіге жеке-жеке орнатылады. Екі масштабтың да 
мәндерін басқару үшін Linetype Manager (Диспетчер типов линий-Сызық 
типтері диспетчері) терезесінің Show details (Вкл подробности) пернесін 
қолдану қажет (сурет 7.12). 
Format
(Формат) 

Linetype
(Типы линий-Сызық типтері) менюінен 
Linetype Manager
(Диспетчер типов линий- Сызық типтері диспетчері) терезесі 
шақырылады. 
Сурет 7.12 –Linetype Manager сұхбаттық терезесі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет