Ұсынылатын әдебиеттер: 6-12, 16-18, 25-31, 37, 38-45 (б.7
қараңыз).
6 тақырып. Бизнес-ойлар генерациясы.
Өз фирмаңызды ашу жолындағы бірінші атқарылатын нәрсе
– идеяны ойластыру.
Бизнес-жоспар құрастыру немесе бәсекелестерге талдау
жасау үшін сіздің немен айналысатыныңыз турады идеяны
анықтап алу керек. Сонымен қатар, өз идеяңызды көрнекті түрде
жеткізу керек! Мысалы, сіз ағылшын тілі мектебін ашқыңыз
келеді. Бастапқы кезеңде сіз мектептің ауқымы туралы
ойланасыз: бұл шағын мектеп бола ма немесе үлкен білім беру
орталығы бола ма. Жұмысқа шетелдік мұғалімдерді шақырасыз
ба немесе жергілікті мұғалімдер жеткілікті бола ма және т.б.
Шағын бизнесті бастамас бұрын – өзімізге талдау жасаймыз.
Сіздің идеяңыз толықтай жетіліп, қалыптасқаннан кейін – өз
мүмкіндіктеріңізді, бәсекелестер мен тәуекелдерді талдауға
кірісесіз. Нақты мүмкіндіктеріңізді бағаламаған жағдайда
тақырға отыруыңыз мүмкін.
Сонымен қатар, сізге келесі жағдайларды бағалау керек:
- барлық біліміңіз бен дағдыларыңыз, сондай-ақ, оларды өз
бизнесіңізде қолдану мүмкіндіктері;
- сіздің бизнесіңіз есептелетін мақсатты аудитория;
34
- ғимарат немесе арнайы құрылғылардың қажеттілігі;
- ақша қаражаттары немесе кредит мүмкіндіктерінің болуы;
- қызметкерлердің қажеттілігі;
- сәтсіздік жағдайында істі қайта ұйымдастыру жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |