Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне


II бөлім. «Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімінің менеджері жұмыс орнындағы автоматтандырылған ақпарат жүйе жобалануы мен құрылуы



бет10/18
Дата26.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#69996
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
КадрКазпочтаАсхат

II бөлім. «Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімінің менеджері жұмыс орнындағы автоматтандырылған ақпарат жүйе жобалануы мен құрылуы


2.1 «Қазпочта» АҚ қолданыстағы ақпараттық жабдықтау құрылымы мен қызметі талдауы


Жұмыстың мақсаты – «Қазпочта» АҚ кадр бөлімін басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау және құру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Осы дипломдық жұмыс мекеменің кадр бөлімдерін құрудың дұрыс жолдарын, кезеңдерін, нарыққа өтудің жолдарын, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін, жедел басқарушылық шешімдерді орындауы мен ауқымды кеңейтілуіне талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол кадр бөлімі процесінде сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызын арттыру, техникалық мүмкіндіктердің қарқынды дамуы мен экономиканың дамуының негізінде орындалады.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты – мекемедегі еңбек қорын басқарудың дұрыс және тиімді жолдарын құру. Қолда бар потенциалды қолдану және мекеменің ыдырауына жол бермеу. Компанияның іскерлік белсенділігінің дамуына негіз жасайтын заман талабына сай ақпараттық технологияларды қолдану.
“Қазпочта” АҚ кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты ақпараттық жүйені құрудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез-келген уақытта нақты толық ақпарат ұсыну болып табылады.
АЖ құрудың негізгі мақсаты – нақты обьектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика-математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Құру кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны құру кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктердің бірі. Құру кезеңі – бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
АЖ құру мақсаты – ақпаратты өндіруді автоматандыру болып табылады. Бұл басқарма қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт, анықтама-қағаз, сертификат және басқа құжаттарды толтыруға, бақарманың кадрлар бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.
Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:

    • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты турінде автоматтандыру;

    • АЖ-нің ақпараттық жіне программалық қамтамасыз етуін жақсарту, жаңарту;

    • нақты уақыттағы басқарманың кадр шаруашылығын толық талдау;

    • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;

    • бірегей МБ құру;

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

    • жұмыс жеделділігі;

    • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;

    • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

    • Казпочта АҚ еліміздегі ірі коммуникациалық тор мүмкіндігіне ие стратегиалық мекеме. Ақпараттық технологиялардың дамуы барлық салаларда өз жаңа құрылымдық өзгерістерін әкелуде. Жалпы пошталық байланыс интернет тораптарының даму кезеңінде көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан концепциясына жан жақты өзгерістер енгізуге итермелейді. Жаһанды даму кезеңінде инновацияның дер кезінде енгізіліп қолданылмауы экономикалық жүйенің нарықтағы бәсекелестік потенциялының төмендеп құлдырауына акелетініне тәжиербе дәлел.

АҚШ почта тасымалдау қызметі басқа қызмет түрлерін қамтымау себептерінен жыл сайын шығынға ұшыраумен қатар қызметкерлердің көлемді қысқартылуы себеп салдары болды, ал жапон елінде почталық қызметпен қатар нарықтағы логистикалық, қаржылық амалдар орындау операторы қызметтері арқылы қызмет көрсету бағыттарын кеңейту арқасында даму тенденциясын сақтап қала алды. Дегенмен мекеменің толығымен экономикалық бағытқа ғана түрленіп отырумен қатар мемелекеттен жүктелген түпкілікті қызметтерді іске асыру міндетті болып табылады, сондықтан толық трансформацияға ұлттық қор қарамағындағы стратегиялық коммуникационды орта ретінде өз қызметтер компитенттілігі төңірегінде даму қажет. Коммерциялық қызметтердің негізгі қызмет қатарларымен бірге жетіліп отыруы еліміздегі мекемелерге берілген белгілі құқықтық шеңбердегі еркіндікке байланысты, сол себептен көптеген қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды, бұл мекемелердің өз өзін қаржыладыру жолдарын жетілдіру жолдарын дамытуға негіз болды. Казпочта мен «ТұрғынүйЖинақБанк» АҚ арасындағы салымдарды қабылдау 2003 жылдан, ал «Хоум Кредит Банк» АҚ арасындағы несиелеу қызметін көрсету келісімі 2005 жылдан бастап жұмыс істеуде. Қаржылық трансфер жедел іске асыру мақсатында CyberPlat ақша аударымдарын іске асыру интегралды жүйе қолданылады.
Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы көрсетілетін қызмет түрлері аясы кеңейтіліп, Қазпочта жүйесі арқылы электронды сауда мүмкіндіктерін дамыту шеңберінде «Қазпочта» АҚ электронды сауда алаңын енгізу бойынша жұмыстар орындалған.
Бұл жаңа қызмет түрі мемлекеттік тапсырманы орындау болғандықтан, ол әлеуметтік сипатқа ие. Электронды алаңды енгізу үшін барлық ауылдық байланыс бөлімшелерін интернеттендіру бағдарламасы құрастырылды. Интернет сауда республика халқына қарапайым дүкендерде болмайтын ерекше тауарларды үйге жеткізумен алуға мүмкіндік береді. Бұл қажетті тауарды іздеуге кететін уақытты үнемдейді. Осыған байланысты Қазпочта негізінде электронды сауда алаңын құру ең ұтымды шешім болды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Интернет жүйесіне қосылу қоғамдық пункттері ашылды, байланыс бөлімшелері Интернетке қосылуды қажет ететін бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етілді.
Ақпараттық технологиялар жанама түрде қолданылатын салалардың өзінде құжат айналымның толық циклын қамтиды, ал коммуникациялық қызмет көрсету мекемелерінде стратегиялық даму бағытын анықтаушы болып табылады. Қазпочта негізгі даму бағыты почталық , қаржылық, логистикалық қызметтер форматында орын алуда. Негізгі жетістік көрсеткіштерін талдаудағы түпкілікті факторлар казпочтаның әлемдік коммуникациялық провайдерлармен тығыз интеграциасына, нормативті құқықтық құжаттамалардың сәйкестендірілуі, менеджменттің тиімді ұйымдастырылуы, ақпараттық техногиялардың озық үлгілерінің қолданылуы секілді сипаттамаларға байланысты.
Қазіргі уақытта Казпочтаның ресми сайтынан онлайн режимде почталық марка сатып алу, дебиттік карта, почталық индексті анықтау, ішкі және EMS (халықаралық жедел жеткізу), төлем соммасын есептеу, іске асыру қызметтеріне қолжеткізуге болады.
Почталық қызмет атқаратын Әлемдік почта бірлестігі, байланыс саласындағы Европпа елдері аймақтық байланыс ассоциациясы, т.с.с., шет елдік ұйымдармен тығыз ынтымақтасық байланыстарын нығайтуда, дегенмен бұл орайда айта кететін жайт, әзірге ортақ жөнелтуден бастап қабылдау нүктесі арасындағы ақпаратты бақылау мүмкіндігінің төменгі деңгейде ұйымдастырылуын айта өту қажет, жалпы еліміздің аймағын қабылданғаннан бастап жолдама бағытын толығымен бақыла мүмкіндігі казпочта сайты онлайн қызметінде қарастырылған. Тапсырысты жөнелту барысында негізгі екі қызмет үлгісін таңдау мүмкіндігі беріледі, алғашқысы жалпылама тасымал, бағасы арзан, қауіпсіздігі төмен, тапсырыс орындалу уақыты ұзақ. Аралық логистикалық делдал жоғарғы деңгейде өз жауапкершілігін атқармаса, тұтынушыға айыпты тек жіберуші бағыт төлеуге міндет алады, егер жүк арнай құндылық анықтау әдісімен жөнелтілген болса. Мұндай шиеленістердің алдын алудың бірден бір жолы жөнелтуші мен қабылдаушы аралығында динамикалық режимде тасымал бағытын бақылау қажеттілігінде.
Нормативті құқықтық базаның орталықтандырылуы құжат айналым жылдамдығын және тасымалдау мобильділігін тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
Менеджмент саласындағы түбегейлі трансформация 2011 жылдан бастап іске асырыла бастады. Төрағалар кеңесіне тәуелсіз сарапшы директорлар әрдайм аудиторлық қызмет саласына жауапты болып табылады.
Казпочтаның қаржылық бағыттағы қызметтер нарығындағы негізгі тұтынушылары калалардан қашық аймақтардағы тұрғындар. Еліміздегі жалпы халықтың жобамен 40% ауылды аймақ тұрғындары екенін ескерсек, қаржылық операциялар нарығындағы бәсекелес жоқ деуге тұрарлық бұл сектор салымдарды толығымен ақтау ықтималдығы жоғары.
Ақпараттық технологиялардың қолданылу хронологиясына қысқаша шолу жасай өтсек: 2000 жылы бар болғаны 120 компьютер болған, 2004 жылы Оңтүстік Корея SK C&C Co. Ltd. компаниясының құрылымы бес негізгі бөліктен тұратын KPILS (негізгі, инвестициалық, бизнес қосымша, қашықтықтан қолжетімділік, шаруашылық басқару модулі), корпоративті ақпараттық жүйесі қолдана бастады 2 сурет.

Сурет 2. KPILS жүйесіндегі ақпараттық лек құрылымы


Ақпараттық лек құрылымында көрсетілген іс әрекеттер барысында тасымалдану бағытын интерактивті режимде басқару PDA жүйесімен іске асырылады. PDA жүйесі арқылы тасымалдаушы операторлармен интеграциалық шаралар тасымалдау қызметінің жеделдігін және жоғарғы деңгейде іске асырылуын қамтамасыз етіп келді 3 сурет.





Сурет 3. Почталық хабарламаларды PDA арқылы тасымалдау сұлбасы


Қаржылық қызметтердің қазіргі уақытты тыбысты құралдарының бірі несиелеу нарығында Казпочта мен «Хоум Кредит Банк» АҚ тығыз ынтымақтастықта. Электронды несиелену тұтынушыларға да тиімді шешім.


Қаржылық қызметтер бағыттары арту жағдайында KPILS жүйенің тұрақты жұмыс істеуі кей жағдайларда сақталмады. Соның бір мысалы ретінде «Хоум Кредит Банк» АҚ салымшыларының салымдарын уақытында төлегенмен Colvir Solution жүйесі жұмысы тұрақсыздығынан салық департаментіне үстеме ақы төлеу міндеттілігі тұтынушылар арасынан наразылық тудырған, казпочта қызметкерлері бұл жайсыз жағдайды Ұлттық банктің халықаралық IBAN стандартына өту кезіндегі жұмыстармен байланыстырған. Техника экономикалық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында 2012 жылдың Қыркүйек айынан бастап өндірістік логистика қызметі KPILS жүйесінен Colvir (Colvir Postal Info Logistic System) жүйесіне толығымен ауыстырылды.
Казпочтаның Қарағанды бөлімшесі SAP корпоративті басқар жүйесіне көшірілді, 2013 жылы барлық облыстық бөлімшелерге ендіру қарастырылған. Жүйені толығымен енгізу Business Application Solutions мекемесіне жүктелген. SAP корпоративті ақпараттық технологиялар қатарындағы ERP жүйелер өкілі болып табылады.
Жалпы ERP жүйелер ең ауқымды және қаржылық инвестицияны орасан зор көлемде қажет етеді. Менеджмент тұрғысынан жаппай қолданбай толығымен жағдайды таразылап алуды қажет етеді, себебі ERP жүйелердің толығымен бизнес процеске сәйкес келіп тұрақты жұмыс істеп кетуіне статистика бойынша үш жыл шамасында уақыт керек және сүйемелдеу ақпараттық жүйе құнымен салыстырғанда үш не төрт есе қаржылық салымды қажет етеді. Жалпы ендірілген жүйелердің тек жартысы ғана ойдағыдай болатынын ескерсек, казпочта жаңа бастамалар шағында үлкен қаржылық қыйындықтарға тап болуы мүмкін. АҚШ қорғаныс министрлігінде енгзілген ERP жүйе бастапқы бағасы 190 мың доллар құрап, ақырғы ендіру, икемдеу мақсатындағы қаржы милиондаған долларға жеткен. Әрине бұл тек ERP жүйенің барша түйіндерге таратпас бұрын толығымен сараптамалық консалтинг ұйымдар тарта отырып жан жақты зерттеу қорытындысынан кейін өндіріске ауқымды түрде тиімді қолдану бағытындағы ұсыныс қана.
ERP жүйелердің негізгі кемшіліктеріне жалпы дистрибутив пен ендіруді аяқтауға кететін шығындардың көлемі, басқа сыртқы жүйелермен интеграцияға бейімсіздігі, тек арнайы бағдарламалық өндірушіге тәуелді болуы және т.б. жатқызуға болады.
Мекеменің қызметі барысында жаңа ақпараттық технологияларға өту қаншалықты кемшіліктері болғанмен тиімді қолданыс мүмкіндігіне ие болғанда жұмыс өнімділігін арттыруға себепші бола алады. Жүйеде сақталатын ақпараттық қор деңгейі артқан сайын орталықтандырылған ақпараттық жүйелердің қолданысы микроядролы немесе монолитті формаларда болуы мүмкін.
Микроядролы технология барысында лицензияға, платформаға, уйлесімділікке қатысты сұрақтар өз шешімін тез табады, бірақ жалпы орталықтандырылу, қауіпсіздік шаралары бойынша көрсеткіштері төмен болады.
Орталықтандырылған жүйелер ретінде ERP және жаңадан дамып келе жатқан бұлт технологтяларын жатқызуға болады.
Жаһандану жағдайында қаншалықты бұрынғы технологиялар жарамды болғанымен, әсіресе Казпочта мысалында ортақ ақпараттық инфрақұрылымға интеграциялану үшін орталықтандырылған жүйелер қолдану тек уақыт мәселесі ғана болып қалады.
ERP жүйелердің қолданыс нәтижелілігіне қатысты статистикалық ақпараттарға сүйене отырып, Казпочта жағдайында басқа еллдердегі почталық қызмет саласында апробацтядан өткен немесе қазіргі уақытта жемісті қолданылып келе жатқан дайын шешімдерді енгізген тиімді болып табылады, себебі жүйенің өзі емес оның ендірілуі, тестіленуі, ұзақ мерзімді сүйемелденуі көлемді қаржылық шығындарға акеледі.
Бұлт технологиясы альтернатива ретінде қарастырылса болады бірақ құпия қаржылық ақпарат қолды болу ықтималдылығы жоғары болады. Өз кезегінде ERP жүйелердің барынша жемісті қолданылуы кешенді қолдануды мақсат етеді, олай болмаған жағдайда, жүйенің тек бірнеше ғана модулі қолданылуы мысалында, ERP жүйе басқа жүйелер алдында өз артықшылығын толығымен көрсете алмайды.
Автоматтық жұмыс орны немесе шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» (worse-station) – белгілі бір мамандығы бар пайдаланушы-маманның құралдарымен жабдықталған және белгілі бір функцияларды орындау үшін автоматизацияны қажет ететін жұмыс орны. Бұндай құралдар, ереже бойынша персональды компьютер (ПК) болады және қажет жағдайда басқа да көмекші электронды құрылғылармен толықтырылады. Олар жалпы алғанда: дисководтық накопительдер, баспаға шығарушы құралдар, оқитын оптикалық құралдар, графика құрылғылары, басқа да АЖО байланысты құрылғылар және локальдық есептеу желілері және т.б.
АЖО негізінен есептеу техникасын қолдануда арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО негізгі бағытталуы жұмыс орнындағы ақпараттарды децентрализациялау орталығы деп есептелінетін жұмыс орны және ол ПК локальдық желілеріне бір уақытта кіру мүмкіндігін өзінің сәйкес берілгендер қорларын қолдану арқылы, ал кейде қуатты ЭЕМ қосатын глобальдық есептеу желілерінде қолданылады.
Қазіргі таңда көптеген өндірістерде халықтың тұрмыстық жүйелерін басқаратын концепция құрылған. Оларда локальдық, толық және әр түрлі иерархия деңгейіндегі аяқталған ақпарт көрсетіледі. Мұндай жүйелерде тек қана жоғарғы деңгейді қажет ететін ақпарттың бөлігінде ғана төменнен жоғарғы деңгейге алмастыру операциясы құрылады.
Бірақ бұл жағдайда: өңделген ақпарттың шешімдерінің маңызды бөлігі және берілгендер локальды банктер қорында сақталынуы қажет.
Анықталынған басқарудың идеясын іске асыру үшін әр деңгейде басқаруды және әр жұмыс аймақтың жұмыс орындарын персональды компьютерлер базасында құру қажет болады. Мысалы, экономика саласында мұндай АЖО-да жоспарлау, процесстерді оптимизациялау, әр түрлі ақпараттық жүйелердің шешімдерін қабылдау және әр түрлі есептеу жүйелерін жүргізуге болады. Басқаруды әр объектінің мәніне сәйкес болатын АЖО таңдау қажет. Алайда кез келген АЖО құрудың принциптері бәріне де ортақ болуы керек:

  • жүйелігі;

  • икемділігі;

  • беріктігі;

  • тиімділігі.

Көрсетілген әр принциптердің мағыналарын түсіндіріп өтейік.
Жүйелігі – автоматтық жұмыс орнының құрылысы функцияналдық тағайындалуымен анықталынатын жүйелер деп қарастыруға болады.
Икемділігі - барлық ішкі жүйелерді модульде құру және олардың элементтерін стандартизациялау көмегімен жүйе мүмкін болатын ауыстыруға талабы бар.
Беріктігі – АЖО негізгі принципі мынадай: АЖО жүйесі өзіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға қарамастан, негізгі функцияларын орындау қажет. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі пайда болатын қателердің оңай шешілуін, ал жүйенің жұмыс істеу қабілетін тез қалпына келу керектігін білдіреді.
АЖО тиімділігін жоғарыдағы сипатталған принциптердің іске асырылған, жүйені құруға және эксплуатациялауға кеткен деңгейдің интегральдық көрсеткіші ретінде санау керек.
Қазіргі таңда мұндай «гибридті» интеллектіні құру проблеманың бірі болып табылады. Алайда мұндай бағытты АЖО өңдеу және функциялау негізінде іске асыру бере алады – АЖО өндірістің еңбегін және басқарудың тиімділігін жоғарлатудың құралы ғана емес, мамандардың ыңғайлы әлеуметтік құралы да бола алады. Мұнда адам АЖО жүйесінде басты бақарушы болып қалуы керек. Өндірістік кәсіпорында АЖО маңызды құрылысы болып табылады. АЖО – бұл әрқашанда мамандандырылған жүйе, техникалық құралдардың және бағдарламалық қамтамасыздандырудың жиынтығы, белгілі бір маманға – администраторға, экономистке, инженерге, құрастырушыға, жоспарлаушыға, архитекторға, дизайнерге, дәрігерге, ұйымдастырушыға, кітапханашыға және т.б. көптеген мамандық иелеріне бағытталған.
Кез келген мамандықтың АЖО-на бірқатар жалпы талаптарды ұсынуға болады. Келесі талаптар АЖО құрылу барысында қамтамасыздандырылуы керек:

  • берілгендерді өңдеу үшін құралдардың болуы;

  • диалогтық режимде (интерактивті) жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • эргономиканың негізгі талаптарын орындау: операциялар АЖО комплектінің элементтері мен сыртқы орта арасындағы функцияларды рациональды орналастыру, жұмыс істеудің комфортты шарттарын құру, АЖО конструкциясының ыңғайлылығын, оператордың психикалық факторын есептеу, АЖО формаларының және элементтер түстерінің көркемділігі және т.б;

  • АЖО жүйесінде жұмыс істеу ПК беріктігі мен жоғарғы өндірісінің жетімділігі;

  • БҚ есептерін шешудің мінездемесіне ұқсастығы;

  • процессорларды автоматтандыру деңгейінің максималдылығы;

  • мамандарды АЖО операторлары ретінде өзіндік қызмет етуінің шарттарын оптимальдау;

  • мамандарды АЖО жұмыс орнының құралы ретінде қолдануды қамтамасыз ету;

  • АЖО құрылысы мынадай ішкі жүйелерді қосады: техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және ұжымдық.

«Казпочта» АҚ-ң «Қызметкерлерді тіркеу» ішкі жүйесінің бағдарламалық функциялауында осы бөлімшенің жұмыскерлерін автоматтық жұмыс орындардың приципі бойынша жүйемен байланысты қамтамасыздандыру қажеттілігі туындады. АЖО бағдарламалық қамтамасыздандыруы келесі талаптарға жауап беруі керек:

  • орындайтын функциялары бойынша анық мамандандырылуының болуы және ТСК техникасымен байланысы;

  • инженерлік – эргономикалық факторларды есептеу керек және адам–машина жүйесінде қарапайым және ыңғайлы диалогтарды құру;

  • есептеу жүйенің икемділігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарда жұмысшылардың еңбегінің өнімділігін жоғарлату.

Жұмыс орындардың ЭЕМ ақпараттық байланыс диалог режимінде видеотерминалдың (дисплей) көмегімен орындалады. Бұл АЖО жарықтандырудың негізгі техникасы болып табылады. Әр түрлі құжаттардың дисплей экранында имитациясы, берілгендерді сәйкес графтарға енгіздіру жолын ұйымдастыру және осы барлық процесстердің ыңғайлы көрінісі АЖО жұмысын эффективті деңгейде қамтамасыз етеді.
Құрылып жатқан бағдарлама «КазПочта» АҚ-нің логистикалық бөлімінің жеке алынған бөлімшесінің жұмысшысының АЖО болып табылғандықтан, яғни «Казпочта» АҚ-нің «Қызметкерлерді есепке алу» ішкі жүйесінің бағдарламалық қамтамасын құру, бүкіл ұйымның тіршілігінің автоматизациясына қатысты мәселелерден бөлек, тек жазылу бөлімінің автоматтандырылуы туралы айтудың мәнісі жоқ, сондықтан әуелі бүгінгі таңда ұйымдарда /мекемелерде басқаруды автоматтандыруға қолданылып жатқан жолдарын автоматтандырылған жүйелерді (МБАЖ) құрудың жалпы теориясы позициясынан қарастырған жөн.
Мекеме жұмысын автоматтандырудың түрлері:

    1. Бөлшекті (хаостық) автоматтандыру.

Бөлшекті автоматтандыру мекеме өсуін инвестициялаудың тиімді емес түрі болып табылады. Бұл бөлімнің автоматтандыру процесінде хаостық деп стратегиялық жоспардың болмауы айтылады. Бұндай жағдайда ақпараттық технологияларды енгізудің процесі, бизнестің нақты сұранысы емес, дәл сол минуттардағы локальді мәселе болады. Бұл жағдайларда шешім қабылдаудың критерийі ретінде: дәл қазір қандай да бір техниканы немесе БҚ керемет жеңілдікпен сатып алу немесе т.б. шешім қабылдап жатқан тұлғалардың білім деңгейі мен қалауы. Нәтижесінде мекеме, ең дұрыс жағдайда, әр түрлі қолданбалы құралдарға ие болады және олардың құны жалпы комплекстік шешімнің бағасымен салыстырмалы болып қалады. Одан да жаманы мекеменің практикалық жұмысында қолданыла алмайтын ақпараттық инфрақұрылым мен қолданбалы жүйелердің ақталмаған бөлшектері пайда болады. Осылайша мекеме ақпарттық жүйе орындауға тиіс функцияларды дубльдеуге және пайда болған аяқталмаған қолданбалы жүйелерге қызмет етуге мәжбүр болады. Осындай бағыт ақпараттық технологиялар бөлімінің (БАЖ бөлімі, есептеу техникасы – атауы түрлі болуы мүмкін) өз ролі мен функциясын түсінбеуінен пайда болуы мүмкін.
2. Учаске бойынша автоматтандыру
Учаске бойынша автоматтандыру – функционалдық белгісі бойынша біріккен, мекеменің жеке өндірістік немесе басқарушылық бөлімшелерінің автоматтандырылуы деп түсіндіріледі. Мысалы, почтаны дайындау мен маркалау учаскесі, бухгалтерия және т.б. Автоматтандырудың мұндай жолы келесі жағдайларда таңдалады:

  • мекеменің инвестициялық ресурсы автоматтандыру мәселесін толық көлемімен шешуге жетпегенде;

  • автоаматтандырылған жүйелерді қолданудың экономикалық тиімділігі байқалатын, мысалы персоналдың қысқаруы, кейбір учаскелердің;

  • өндіріс технологиясы немесе басқа жағдайлардың автоматтандырылған жүйені қолданбай өтуге мүмкіндік бермейтіндігі.

Мұндай шешім көбінесе өндірістік учаскелерді автоаматтандыруда қолданылады.
Автоматтандырудың негізгі құралдары – мамандандырылған ТПБАЖ (технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі). Автоматтандырудың прициптерінен учаске бойынша автоматтандыруды таңдау бірқатар мекемелер үшін шектелген инвестициялық ресуртарымен экономикалық көрсеткіштерін көтерудің жалғыз мүмкін жолы. Учаске бойынша автоматтандыру тиімді болу үшін автоматтандырудың стратегиялық және оперативті жоспары болуы қажет. Ондайда автоматтандырудың стратегиялық жоспары, преиодты түрде, жылына бір рет, қарастырылып отыруы тиіс. Стратегилық жоспардың ревизиясы кезінде саналы түрде ең алдымен көңілді мекемеде қолданыс тапқан ақпараттық технологияларға стандарттар комплексінің кшшу мәселесіне аудару керек
Бағыттар бойынша автоматтандыру
Бағыттар бойынша автоматтандыру мекеменің жұмысының жеке бағыттарының автоматизациясы деп қаралады, өндіріс, қаржыны басқару т.б. сияқты. Учаске бойынша автоматтандырудан мына түр келесімен ерекшеленеді: жұмыс бағыттары бойынша автоматтандыру бұл процесте, функциялануы автоматтандырылып жатқан бағытпен байланысты, барлық бөлімшелердің қатысуын есепке алады. Әдетте жұмыстың кез келген бағыты мекеменің барлық бөлімшелерін есепке алады. Мысалы, қамтамасыз теу бөлімі. Бұл процесте өндірістіктен (өңделетін өнім, қосалқы бөлшектер мен қондырғыларды сатып алу жоспарын құру кезінде) басқарушылық (канцтауарлар, жиһаз) бөлімшелері және қамтамасыз ету бөлімінің өзі мен транспорттық қызметтің барлығы дерлігі қатысады. Сондықтан бағыт бойынша автоматтандыруды локальды деп қарауға болмайды. Оның құрылуын кемінде мекеменің телекоммуникациялық инфрақұрылымымен байланысты. Көп жағдайда бағыт бойынша автоматтандыру бизнес процестердің реинжинирлігімен байланысты және мекеменің толық моделін құруды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандай тиімділікті жоғарлату үшін бағыттар бойынша автоматтандыруды қолдану қарастырылып жатқан жағдайда да өз күшін жойған жоқ. Стратегиялық жоспардың ревизиясы қандай да бір бағыттың автоматизациясы аяқталып, алынған нәтиже бағаланғаннан кейін жүргізілуі тиіс.
Мекеме басқарылуының автоматизациясы былайша түсіндіріледі:
МБАЖ жүйе ретінде көптеген түрлі деңгейлердің түрлі тағайындалған элементтерінен тұрады. Оларға жүйешелер, модульдер, басқару блоктары, есептер, басқару процедуралары, функциялары, опрециялар және т.с.с. жатады. ERP типті базалық жүйелер, нәтижесінде МБАЖ жататын элементарлы басқарушылық процедуралардан тұратын, иерархиялық құрылымдарды береді, 4 сурет.



Сурет 4. Жобаланған ERP базасы мен шынайы МБАЖ арасындағы айырмашылық


A,B,C – базалық жүйенің ішкі жүйесі.


A1,B1,C1 – шынайы МБАЖ ішкі жүйесі.
Интеграция–мекемені басқару процесінде, оның жүрісінің оптимизациясы қамтамасыз етілетіндей, басқару функциялары мен процедураларының келісімі мен бірігуін болжайды. Интеграция барлық функционалдық және қамтамасыз етуші жүйешелерде байқалады.
Техникалық қамтамасыз ету жүйешесінде — бұл локальды есептеу желілері мен мекеменің глобальды желі арқылы сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ету. Ақпараттық қамтамасыз ету жүйешесінде — бұл БҚБЖ басқаруымен берілгендер қорын құру. Математикалық қамтамасыз ету интегра­циясы математикалық моделдердің кіріс және шығыстарының келесімінен, түрлі моделдердің комплекстелуінен (мысалы, болжау жасау мен жоспарлауда), математикалық модельдердің бүтіндігі мен қарсы келмеуінен көрінеді. Бағдарламалық қамтаманың интеграциясы оның талап етіліп жатқан ретіпен және сәйкестікте орындалуын рұқсат ететін қиын әрі иілімді құрылыуынан байқалады. Бірғана ERP базасы негізінде құрылған интеграцияланған МБАЖ, қолданушы интерфейсінің кереметтігімен, мекемені ұйымдастырушылық қамтамасыз ету деңгейіне алып шығады. Бұл тиімділік әсіресе жүздеген ескі локальды жүйені ауыстыруға келетін жаңа үлкен МБАЖ –да байқалады. Жаңа жүйеге ауысудың іс жүзіндегі нәтижесі бүкіл мекемеге ортақ стандарт қолданушылардың жүйемен арақатынасының әдістері
Бірақ бастысы, мекемелерде автоматтандырылған жүйелердің құрылуы, — бұл функциоланған интеграция.
Осылайша, жоғарыда айтылғанның барлығын есепке ала отырып, есептің қойылымы мынаған келеді - мекеме ішінде нақты бөлімнің АЖО-н құру, яғни мекеменің кейбір бағыты бойынша жұмысын автоматтандыру, біздің жағдайда қызметкерлер құрамын тіркеу бөлімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет