КУ-ҚЫЗБАСЫ Синонимдері: Ку-риккетсиоз, Ку-коксиеллез, австралиялық риккетсиоз Ку, пневмориккетсиоз, өкпелік сүзек, балкан гриппі, ортаазиялық қызба, термез қызбасы.
Анықтамасы. Ку-қызбасы – Coxiella burnetii қоздыратын, сануалуан берілу жолдарымен, клиникасы қызбамен, арнайы өкпе қабынуымен, орта жүйке жүйенің және басқа жүйелердің зақымдануымен сипатталатын жедел табиғи ошақты зоонозды ауру.
Тақырыптың өзектілігі.Ку-қызбасы әлемнің барлық елдерінде, әсіресе тропикалық аймақтарда таралған. Тек қана Финдляндия, Швеция, Норвегия, Дания елдерінде және Молдовияда ауру тіркелмеген. Совет Одағында 1957-1985 жылдары жыл сайын Ку- қызбасымен 350-1477 адам ауырған. Аурудың табиғи және антропургиялық ошақтары бар. Жабайы және үй жануарлар арасында ауру кең тараған.
Қазақстан республикасында Ку қызбасы жиі кездеседі, бірақ дәрегерлік қауым бұл ауруды анықтайтын зерттеу жұмыстарын жургізбейді, көбінесе бұл ауру басқа диагнозбен өтеді.
Тарихи мәліметтері.Аурудың клиникалық көріністерін алғаш рет 1937 ж. Е.Г.Деррик анықтап жазған. Бұл ауру 1933-1935 жж. Квинслендте (Австралия) ет және сүт комбинаттарының жұмысшылары арасында пайда болған. Аурудың арнайы клиникалық көріністері анықталмағаннан соң, ауруды Е.Г.Деррик «Q-fever» деп атаған (query – белгісіз). 1937 ж. Е.Г.Деррик Ку-қызбамен ауратын науқастың қанынан қоздырғышты бөліп алған. 1939 ж. Ф.Бернет және М.Фридман аурудың қоздырғышы риккетсиялар туыстығына жататынын дәлелдеген. Қоздырғышты Rickettsia burnetii, кейін Coxiella burnetii деп атаған (америкалық ғалым N.R.Cox құрметіне).
1951 ж. Ресей әскері дәрігері И.А.Шифрин аурудың клиникалық көріністерін Совет Одағының ортаазиялық республикаларында анықтап жазып, оны «термез қызбысы» деп атаған. М.П. Чумаков науқастардан бөлінген қоздырғышты риккетсиялар тобына жататынын анықтаған. Бұл ауруды зерттеуде Қазақстан ғалымдарының (Е.Н. Бартошевич, И.Л.Касаткина, Н.Т.Ермуханова, Н.П.Петрова) үлесі зор.
Этиологиясы.Аурудың қоздырғышы – Coxiella burnetii Rickettsiacea туыстығына Coxiella тұқымдастығына жатады. Риккетсиялар грам «теріс» ұсақ кокк тәрзді немесе таяқша тәрізді, көлемі 0,25-0,5 және 0,25-1,5 мкм микроорганизмдер. C. burnetii – жасуша ішілік паразит, ол фаголизомолардың ішінде дамып, L-түрлерін түзуге бейім. Олар бактериалді фильтр арқылы өтуге қабілетті. Басқа риккетсиялардан айырмашылығы - сыртқы ортада, сондай-ақ әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге өте тұрақты. Қоздырғыш етте – 30 күн, сүтте –125 күн, бөлме температурасында – 160 күн сақаталады. 90°С дейін қыздыруда олар 1 сағат бойы жойылмайды, тек қана 100ºС – тіршілігін жояды. Құрғақ дақылда C. burnetii 5-10 жыл сақталады. C. burnetii құнарлы ортада өспейді. Ол доксициклин мен левомицетинге сезімтал.