Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет49/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Клиникалық көріністері. Аурудың субклиникалық, жедел, созылмалы түрлерін ажыратады. Созылмалы түрі үздіксіз немесе рецидивті ағымымен сипатталады. Балантидиаздың ошақтарында балантидияларды тасымалдаушылық кездесуі мүмкін.
Субклиникалық түрінде аурудың көріністері болмайды, эндоскопиялық зерттеу кезінде катаральды-геморрагиялық немесе жаралы колит анықталады. Шеткі қанда эозинофилия, бауырлық биохимиялық сынамаларының бұзылыстары анықталуы мүмкін.
Жедел түрінде жалпы интоксикациялық синдроммен колиттің көріністері дамиды.
Олардаң айқындылығына байланысты аурудың жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлерін ажырату керек.
Инкубациялық кезең 1-3 апта, одан да қысқа болуы мүмкін.
Ауру жедел басталады: қызба, бас ауыруы, жүрегі айну, көптеген құсулар, әлсіздік, іштің өте қатты ауруы және диарея. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, жиі қан мен ірің аралас, шірік иісті, тәулігіне 3-5-тен 15-20 ретке дейін болады. Аурудың жедел сатысының ұзақтығы 2 айға созылуы мүмкін. Еңбекке қабілеттілік төмендейді, дене салмағы азаяды.
Адекватты ем қолданбағанда ауру созылмалы түріне ауысады.
Созылмалы түрі 5-10 және одан көп жылдарға созылуы мүмкін. Созылмалы рецидивті түрінде аурудың өршу кезеңі (1-2-3-4 апта) ремиссия кезеңімен (3-6 ай) ауысып тұрады. Созылмалы үздіксіз түрінде ауру монотонды, жалпы улану симптомдарымен, ішектік көріністерімен бірнеше жыл бойы өтеді. Этиотропты ем тағайындалмағанда кахексия дамуы мүмкін.
Асқынулары.

  1. Жедел аппендицит

  2. Ішектен қан кету

  3. Перитонит

Дифференциальды диагностикасы.

  1. Жедел дизентерия

  2. Ішектік амебиаз.

  3. Спецификалық емес жаралы колит.

  4. Дисбактериоз.

Диагностикасы.

  1. клинико-эпидемиологиялық

  2. эндоскопиялық зерттеулер

  3. диагноз паразитологиялық әдіспен - Balantidia coli-ді нәжістен, жара түбінен (вегетативті түрін) анықтаумен расталады.

Емдеуі. Ең нәтижелі препарат болып есептеледі:
1) мономицин 150 мың - 250 мың х 4 рет -5 күн, 5-7 күннен кейін екінші курс тағайындау керек. Ауыр ағымда 3 курс және мономицинді окситетрациклинмен 250 мың х 4 рет 7 күн қоса береді. Метронидазол, ятрен, ампициллинді қолдануға болады. Дезинтоксикациялық және симптоматикалық терапия, диета.
2) асқынулар дамығында хирургиялық ем.
Науқастарды ауруханадан шығаруды клиникалық сауығудан және паразитологиялық зерттеулердің теріс нәтижесінен кейін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет