Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Пастереллез диагнозын анықтау стандарты



бет116/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   251
Пастереллез диагнозын анықтау стандарты



Пастереллезге күмәндану

Пастереллездің болуы ықтимал

Дәлелденген пастереллез

¨Жедел немесе баяу басталатын ауру, келесі клиникалық көріністерімен сипатталған:
Жалпы нышандар: қызба, қалтырау, бас ауру, жалпы әлсіздік
Жергілікті көріністер: біріншілік терілік аффектің дамуы, регионарлы лимфаденит
Эпидемиологиялық мәліметтер:
Øауылдық жерде тұру, инкубациялық кезең ұзақтығына сәйкес мерзімде пастерреллез бойынша қолайсыз аймақтарда тұру
Және

¨келесінің біреуі:


Ø малды сою, шикі етті бөлшектеу
Øауылшаруашылық жануарлады күту
Øәбден өнделмеген етті тағамдарды қабылдау
Øүйде иттерді,мысықтарды ұстау,
Øмалшаруашылдық өндірістігінде жұмыс істеу

¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру
Және
¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі:
Ø пастереллез диагнозы дәлелденген ауру жануарлармен эпидемиологиялық байланыс;
Ø пастереллез диагнозы дәлелденген науқастармен эпидемиологиялық байланыс;
Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі



¨ Күмәндану жағдайға сәйкес ауру
Және
¨келесі эпидемиологиялық белгілердің біреуі:
Ø пастереллез диагнозы дәлелденген ауру жануарлармен эпидемиологиялық байланыс;
Ø пастереллез диагнозы дәлелденген науқастармен эпидемиологиялық байланыс;
Ø ТГАР және АР «оң» нәтижесі
ØИФА «оң» нәтижесі
Ø ПТР «оң» нәтижесі



Емдеуі 2 тактикалық жағдайда жүргізіледі.
1. ИТШ-сыз өтетін пастереллез
2. ИТШ мен өтетін пастереллез
1-ші жағдайда этиотропты препараттарды тағайындайды: цефалоспориндер (цефтриаксон, цефтизоксим, цефамезин, цефазолин, цефалотин), пенициллиндер (пенициллин, ампициллин, карбенициллин), аминогликозидтер (гентамицин, амикацин). 2 препараттың комбинациясы, орташа терапевтикалық дозасында қолданылады. Жергілікті антибактериалді мазьдерді қолдануға болады.
2-ші жағдайда науқасты шоктан шығару керек - тамыр ішіне полиионды ертінділер (хлосоль, трисоль, ацесоль, және дестран ертінділері – полиглюкин, реополиглюкин). Полиионды ертіндердің коллоидты ертінделерге салыстырмасы 2:1- 3:1 болуы керек. Анурия кезінде коллоидты ертінділерді пайдалануға болмайды. Күніне 3-6 л ертінділер енгізіліп, адекватты зәр бөлінуі керек. Анурия кезінде – фуросемид 20-40-80 мг. Науқасты шоктан шығарғаннан соң этиотропты емін бастауға болады – тамыр ішіне цефалоспориндер мен ампициллин, немесе цефалоспориндер мен аминогликозид орташа дозада (3-4 млн ҚБ) енгізіледі. 1 г антибиотиктерге – 1 л сұйықтықтар енгізіледі. Антибиотиктердің курсының ұзақтығы - температура қалыпқа келгенге дейін және қалыпты темепратура кезеңінде 5-7 күн. Преднизолон 3 мг/кг, тәулік дозасы 4-ке бөлініп тамыр арқылы енгізіледі, қысқа курс (1-2 күн) қолданылады, 3 күннен артық қолданғанған жағдайда септикалық асқынулар қалыптасуы мүмкін.ТШҰ-синдромының I,II-ші (гиперкоагуляция) сатыларында гепарин тағайындау керек, ал III-ші (гипокоагуляция) сатысында гепариндді қолдануға болмайды.
Хирургиялық емге тиым салынады, себебі сетикалық асқынулар дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет