Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет118/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   251

Тарихи мәліметтер. Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара –терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғышын тауып, оған Micrococcus melitensis деген атақ берген.


Заммит (1906 ж.) бұл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын анықтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің құрметіне “Brucella” деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруцеллез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кәсіби ауруларға жататынын анықталды.
Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Рагоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағына белгілі. Солармен бірге М. С. Сыздыков, К.Д.Дүйсенов, К. А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардың улесіде зор.

Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997).


Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985).
Қоздырғыштың әр түріне тән ие организмдері бар.

  1. B. melitensis иесі ұсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін.

B. melitensis – патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш.

  1. B. abortus иесі - сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған (ВА-19).

  2. B. suis иелері - шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бұғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі.

  3. B. ovis – қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар.

  4. B. canis иесі – ит. Адам үшін патогендік әсері бар.

  5. B. neotomae иесі – далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген.

Соңғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған - B.rаngiferi. Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.
Бруцеллалар – ұсақ кокк тәрізді қозмалмайтын, грам теріс, спора, капсула түзбейтін бактериялар. Көлемі 0,5 - 0,7 мкм х 0,6 - 1,5 мкм.. Қоздырғыштың өсуіне оптимальды температура қажет - 37 °С (20°С - 40°С). Антиденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып липополисахарид (ЛПС) саналады. Бруцелла антигенінің Escherichia hermanni, Escherichia coli 0:157, Salmonella 0:30, Stenotrophomonas maltophilia, Vibrio cholerae 0:1 и Yersinia enterocolitica 0:9 антигендерімен ұқсастығы бар (M. B. Perry, D. R. Bundle, 1990).
Бруцелла – жасушалардың ішінде мекендейтін қоздырғыш.
Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді: ылғалды жерде – 72 күн, суда – 90 күн, құрғақ топырақта - 3-4 ай, малдың жүнінде және терісінде - 1- 4,5 ай сақталады. Оның әлсіз жағы – ыстықтан қатты қорқады. Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. – 1сағатта, 50° температурада - 1 сағатта, 60°- 30 мин., 70° - 10 мин.арсында тіршілігін жояды, қайнатқанда (100°) тез өледі. Дезинфекциялық ертінділеріне (0,2–1% хлорлы әк, 0,5% - лизол, 0,2% - формалин, 1% - креолин) төзімсіз.
Бруцеллаларға құбылмалық тән: физикалық, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың әсерінен өзінің морфологиялық, культуралді, тинкториалді қасиеттерін, антигендік құрылымын, вируленттігін өзгертеді. Бруцеллезбен ауыратын науқастардың бактериологиялық, серологиялық зерттеулердің теріс болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бруцеллалалар S- түрінен R-түріне жиі ауысады. Сондықтан бруцеллаланың турін анықтау үшін адам немесе жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет