Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет72/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   251
Диагностикасы. Легионеллездің клиникалық білінуі ерекше емес. Аурудың басты белгісі - өкпе қабынуының ауыр ағымы және өкпе қабынуының дәстүрлі терапиясының әлсіз әсері.
Легионерлер ауруын біріншіден өкпе қабынуларымен, сондай-ақ арнайы антибиотикотерапияны талап етушілермен салыстырып жүргізу керек. Оларға микоплазмозды өкпе қабынуы, орнитоз, Ку қызбасы жатады. Легионеллез кезінде аса сипатты рентгенологиялық көрініске, гемограмма өзгерістеріне назар аудару қажет.
Бұл ауруды клиникасына қарап тану аса қиындықтар тудырады, себебі патогномиялық симптомдары жоқ. Сонымен қатар, легионеллезді өкпе қабынуында кейбір клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері бар:

  • жаз мезгілінің соңында-күздің басында пайда болады;

  • егде жастағы ер адамдар жиі ауырады;

  • ұқсас аурудың өршуі қонақ үй қызметкерлерінің, турист және медицина қызметкерлерінің, аурухана науқастарының арасында байқалғаны, сондай-ақ құрылыс және жер қазу жұмыстарында еңбек ететін адамдар;

  • өкпе қабынуының ауыр ағымы плевраның патологиялық процесске қатысуымен өтеді;

  • бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйелері қызметтерінің бұзылуы;

  • пенициллин, тетрациклин, цефалоспоринді антибиотиктерді қабылдаудан әсердің болмауы.

Лабораториялық диагностикасында биологиялық әдіс, экспресс-әдістер (иммундыфлюоресценциялық әдіс, иммундыферменттік анализ, полимеразды тізбекті реакция) қолданылады. Науқастың қанында антиденелер ауруының 6-7-ші күні пайда болып, жоғарғы титрге аурудың 5-ші аптасында жетеді. Қоздырғыштар қайтыс болған науқастың өкпе тінінен, плевра сұйықтығынан және қақырықтан, су мен топырақтан бөлінеді.
Легионеллезді грипптен, жедел тыныс алу жолдары ауруларынан, бактериальды өкпе қабынуынан, орнитоздың жеңіл түрінен, Қу-қызбасынан, микоплазмоздан ажырата білу керек.
Асқынулары. Легионеллездің ең қауіпті асқынуы - тыныс алу жетіспеушілігі болып табылған. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 30%-да гипервентиляция және гипоксемия белгілері байқалған.
Емдеуі. Клиникалық практиканың көрсетуінше, ең аз өлім қаупі, эритромицинді 0,5 -1,0 г әр 6 сағат сайын (тәулігіне 4 г) ересектер үшін, ал 15 мг/кг әр 6 сағат сайын балалар үшін қолдану барысында байқалған. Ауыр ағымдарында эритромицин мен рифампицинмен үйлесіп, беріледі. Қазіргі уақытта азитромицин (сумамед 0,5-3,0 г/тәулігіне 3 күн бойы), ципрофлоксацин (1,5 г/тәулігіне 10 күндей) препараттарын да тағайындайды. Легионеллезді өкпе қабынуын емдеудің патогенетикалық әдістері пневмококкпен қоздырылған өкпе қабынуын емдеуге ұқсайды (айырмашылығы аз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет