Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы 6 курс жтд-интерндерінің 2022-2023оқу ж аралық аттестацияға арналған жаттығу тестілері



Дата24.12.2022
өлшемі32,71 Kb.
#59378
Байланысты:
63a0be358fdd0 (1)


Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы
6 курс ЖТД-интерндерінің 2022-2023оқу ж.
аралық аттестацияға арналған
жаттығу тестілері
#1
*! 11 жастағы қыз бала, маусым айында ауруханаға келесі шағымдармен түседі: дене қызуының жоғарылауы, басының ауруы. Ауырғанына 4 күн болды: басында дене қызуы 37, 5 С дейін, кейін – 38,5-39, 0 С дейін жоғарылаған. Бас ауруы пайда болған, лоқсу, 3 рет құсқан. Ауырғанынан 8 күн бұрын туристтік серуенге Алатау етегіне барған. Объективті қарағанда: сана сезімі анық, іш құрылысы қалыпты. Жүрек үндері тұйықталған, ритмді, қан қысымы 120/75мм.сын.бағ., пульс 96 мин. Бауыры мен көкбауыры қалыпты. Шүйде бұлшықеттерінің айқын ригидтілігі, Керниг симптомы оң. Диагностикалық люмбальді пункцияда, ликвор алынды: цитоз – 268 жасуша, лимфоциттер- 89%, нәруыз-0,9%.
Көрсетілген аурулардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
* энтеровирусты менингоэнцефалит
* Конго-Крым геморрагиялық қызбасы
* кенелік энцефалит
* Экономо энцефалиті
* кенелік боррелиоз

#2
*! 2,5 жастағы ұл бала Тәжікістаннан келді, алдын алу егулерін алмаған; бір апта бұрын балада диарея, жоғары дене қызуы болған. Келесі күндері дене қызуы түсті; бала сол аяғына тұралмады және оң қолымен заттарды ұстаялмады. Тексеріп қарағанда: оң жақтағы жамбастың, сол жақ тізесінің, оң жақтағы иықтың парезі байқалады.


Көрсетілген аурулардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін балада?
* ботулизм, гастроэнтералды кезеңі
* жедел ішек инфекциясы
* жедел полирадикулоневрит
* полиомиелит, спинальды түрі
* кенелік боррелиоз

#3
*! 9 жастағы ұл бала жедел ауырды: дене қызуы 39,4 С жоғарылады, әлсіздік, емшектен бас тарту, құсу байқалды. Аурудың 4-ші күні балада сарғаю, психомоторлық қозу, тырысу, қоңыр тустес құсу байқалды. Анамнезінде – 3 ай бұрын балаға қан құйылу жасалған.


Көрсетілген аурулардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін балада?
* “В + Д” вирусты гепатит
* вирусті гепатит “С”
* вирусті гепатит “Е”
* вирусті гепатит “А+В”
* вирусті гепатит “G”

#4
*! Қыз бала, өмірінің 3–ші күні. Баланың жағдайы туа салып ауыр деп бағаланған; сарғаю, гепатоспленомегалия;тері қабатында петехиялармен экхимоздар бар; құсуы қоңыр түсті. Анасында жүктілік кезінде қанда ИФА арқылы табылған: анти-Нerpes simplex Ig G, анти-CMV Ig M и G.


Қандай диагноз балада ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
* герпестік инфекция, жайылған түрі
* цитомегаловирусты инфекция, жергілікті түрі
* туа пайда болған вирусті гепатит, ауыр түрі
* неонаталды сепсис
* цитомегаловирусты инфекция, жайылған түрі

#5
*! 5 жастағы ұл бала жедел ауырды, дене қызуы 39, 4 С дейін жоғарлады, әлсіздік, мұрнынан серозды бөліністер байқалды, іші ауырды, сүйық нәжіс болды. Ауруының 4-ші күні – бетінің ассиметриясы, мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, көз қабағын толық жабылмауы пайда болды, дәмдік және ауру сезімталдығы сақталған.


Қандай диагноз балада ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
* бет нервтің невриті
* сал ауруы, понтинді түрі
* сал ауруы, спиналды түрі + жедел ішек инфекциясы
* күл ауруындағы полинейропатия + жедел ішек инфекциясы
* Гийена-Барре синдромы

#6
*! 1 айлық қыз бала, ауруханада ем қабылдап жатыр. Анамнезінен: анасында жүктілік бірінші, жүктілік 1 триместрінде токсикозбен, 24-26 гестацияның аптасында катаральды белгілерсіз дене қызбасы көтерілумен өтті, ем қабылдамады. 37- ші аптасында босанды, 1-ші кезеңнің сусыз уакыты – 9 сағат, 2-кезең – 30 минут, сусыз кезең 8 сағат, жатыр сұйықтығы мөлдір. Туылғандағы салмағы 2650 гр., ұзындығы - 47 см, бас айналымы – 35 см, кеуде айналымы 32 см. Перзентханадан 7-күні шығады. Үйде әлсіз болады, емгенде 60-70 мл ішкен, салмағын аз қосқан 1-ші айда – 200 гр. Бала ауруханаға жатқызылған, басының көлемі өсе бастаған. Объективті: жағдайы ауыр, терісі қызғылт боз, құрғақ, іш май шел қабаты төмен, Бас пішіні гидроцефальді, сагиттальді тігістердің 1 см ашылуы, үлкен еңбегі 4х4 см, толыңқырап тұр, кіші еңбегі - 0,5 х 0,5 см. Горизонтальді нистагм, Грефе симптомы оң. Жазылу тонусы жоғары. Гепатоспленомегалия. Анасында қанның ИФАде хламидия мен токсоплазмаға антиденелер анықталған.


Балада көрсетілген аурулардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
* туа пайда болған листериоз
* герпестік менингоэнцефалит
* хламидиоз
* туа пайда болған токсоплазмоз
* туа пайдаболған энтеровирусты инфекция

#7
*! 10 айлық қыз балада ауру дене қызуыны 39,2С көтерілунен, қайталамалы құсудан жедел басталды. Ауруының екінші тәулігінде 5 ретке дейін сулы нәжіс болды. Тексеріп қарағанда ауызжұтқыншақта - жайылған гиперемия, доғаларда көпіршікті бөртпелер. Іші кепкен, ащ ішек бойында шұрылдар естіледі. Нәжісі сүйық сулы, патологиялық қоспаларсыз.


Көрсетілген аурулардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін қызда?
* ротавирусты инфекция, гастроэнтериттік түрі
* энтеровирусты инфекция, герпетикалық баспа
* энтеровирусты инфекция, аралас түрі
* жедел ішек инфекциясы +жедел респираторлы-вирусты инфекция
* энтероинвазивті эшерихиоз + герпетикалық стоматит

#8
*! 13 жастағы қыз, келесі шағымдармен келген: әлсіздік, тез шаршау, тәбетінің төмендеуі, жүрек айнуы, ішінің ауруы, мерзімді мұрнынан қан кетуі және буындарындағы ауру сезімі. Учаскелік дәрігер объективті қарап тексергенде: шамалы гепатоспленомегалия, склера жиегінің сарғаюы, пальмарлы эритема, буындары сыртынан өзгермеген, қозғалысы шектелмеген. Қанның биохимиялық талданымында: жалпы билирубин - 18,5 ммоль/л, тікелей билирубин - 12,5 ммоль/л; АЛТ - 1,4 ммоль/л, АСТ - 0,8 ммоль/л. Вирусты гепатит маркерларына тексергенде: анти-HCV IgM (+), HCV total (+), HCV спектр (E,core, S3, NS4, NS5) – (+). 5 жыл бұрын қыз ауыр отадан өткін.


Қызда берілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
* созылмалы гепатит "С", жоғары белсенділікпен, аздап фиброзбен
* жедел вирусты гепатит "С"+ Жильбер синдром
* созылмалы гепатит "С", min белсенділікпен, аздап фиброзбен
* жедел вирусты гепатит "С" + ревматоидты артрит
* Ниман-Пик ауруы

#9
*! 9 айлық ұл бала, ауруның 2-күні жедел жәрдем дәрігерімен қаралған. Ауыру анамнезінен: жедел, дене қызуының 40,0 С дейін көтерілуімен, әлсіздікпен, 7-8 рет құсуымен, тамақтан бас тартуынан, мазасыздықпен, ұйқышылдықпен, сана сезімін жоғалтумен, тырыспадан басталған. Баланы ауруханаға шұғыл жатқызады. Ауруханада объективті қарап тексергенде: сана сезімі – сопор, қызбасы 40,0С, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, жайылмалы клонико-тоникалық тырыспалар, сол жақтық гемипарез, жарыққа әлсіреген көз қарашығының әсері, мидриаз, анизокория. Ауырар алдында анасы баланың ернінен көпіршікті бөртпелер байқаған.


Балада берілген аурулардың қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
* Рей синдромы
* цитомегаловирусты энцефалит
* Эпштейн – Барр инфекциясындағы энцефалит
* герпетикалық менингоэнцефалит
* пневмококкты менингоэнцефалит

#10
*! 10 жастағы ұл бала, учаскелік дәрігерде жоспарлы қаралуда. Қарап тексергенде шағымдары жоқ, өзін өзі жақсы сезінеді, дамуы өз жасына сай. Объективті қарап тексергенде: тері мен склераның сарғаюы жоқ; бауырын пальпациялағанда: қабырға доғасынан 1,0-1,5-2,0 смге шығып тұр, консистенциясы тығыз, аздап ауыру сезімді; бетінде айқын емес капиллярит. Қан Б/х: АЛТ – 1,3ммоль/л, АСТ – 1,0 ммоль/л, тікелей билирубин – 9,7 ммоль/л. Баланың әкесі – HbsAg тасымалдаушы.


Баланың диагнозын анықтауда дәрігер ЕҢ бірінші қай әдісті қолдану керек?
* бауырдың компьютерлі томографиясы
* HBsAg, HBeAg, анти HbсAgанықтауға қанның ИФА
* эластометрия + HBsAg, HBeAg қанның ИФА
* HBsAg қанның ИФА + іш қуысы ағзаларының УДЗ
* іш қуысы ағзаларының УДЗ

#11
*! 10 жастағы ұл баланы учаскелік дәрігер қарады. Жалпы көңіл-күйінің бұзылуына, тәбеттің төмендеуіне, шаршағыштығына шағымданды. Объективті тексеру кезінде: склераның және терінің сарғаюы жоқ; бауыр қабырға доғасының шетінен 1,0-2,0 см төмен пальпацияланады, тығыз консистенциялы, орташа сезімтал; бетінде шамалы капиллярит. Б/х қан анализі: АЛТ – 1,3 ммоль/л, АСТ – 1,0 ммоль/л, тікелей билирубин – 9,7 ммоль/л. Баланың әкесі - HBsAg тасымалдаушысы.


Балаға қандай ем тағайындау керек?
* циклоферон
* циклоферон + гептрал
* реаферон +урсофальк
* интрон А + рибавирин
* пегилиренген интерферон

#12
*! 13 жастағы ұл бала жазда ауруханаға аурудың 4-ші күні қызба, бас ауру, құсу шағымдарымен түсті. Anamnesis morbi-ден: ауру жедел басталды, дене Т 37,5 С дейін көтерілді, одан әрі – 38,0-38,6 С дейін жоғарылады; бас ауру, жүрек айну, 3 реттік құсу байқалды. Ауру басталардың алдында 8 күн бұрын Ресейдің Орал аймағында туристік сапарда болған. Тексеру кезінде: сана сезімі айқын, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Брудзинский + Кернигтің симптомдары оң; ішкі ағзаларда физикальдық тексеруде өзгерістер жоқ. Ликворограммада: цитоз – 203 жасуша, лимфоциттер - 89%, ақуыз-0,9 г/л.


Баланың ауруын емдеуде қандай дәрі-дәрмекті қолдану қажет?
* кене энцефалитінің вирусына қарсы адам иммуноглобулині
* ацикловир
* адамның антицитомегаловирусты иммуноглобулині
* фоскарнет
* адамның стафилококқа қарсы иммуноглобулині

#13
*!. 5 жастағы ұл бала, ауыр халде жан сақтау бөліміне түсті. Объективті қарап тексергенде: сана сезімі - жоқ, айқын склераның және терінің сарғаюы, инъекция салған жерден қан кетуде, қоңыр түсті құсу. Бауыры қабырға доғасының бойында. Түскенде қанды ИФА тексергенде: HBsAg - оң, HDV-PHK - оң.


Көрсетілген дәрі-дәрмектің қайсысы емдеуде бірінші және ЕҢ тиімді болып саналады?
* жаңа мұздатылған қан сарысуы
* цефазолин
* циклоферон
* седуксен
* натрий нуклеинаты

#14
*!12 жастағы қызды учаскелік дәрігер қарады. Жалпы көңіл-күйінің бұзылуына, тәбеттің төмендеуіне, шаршағыштығына шағымданды. Объективті тексеру кезінде: склераның және терінің сарғаюы жоқ; бауыр қабырға доғасының шетінен 1,0-2,0 см төмен пальпацияланады, тығыз консистенциялы, орташа сезімтал; бетінде шамалы капиллярит. Б/х қан анализі: АЛТ – 0,48 ммоль/л, АСТ – 0,68 ммоль/л, тікелей билирубин – 5,0 ммоль/л. HCV RNA (+).


Бұл балаға қандай ем тағайындау керек?
* ламивудин
* циклоферон + гептрал
* реаферон +урсофальк
* пегинтрон + рибавирин
* циклоферон

#15
*!. 5 жастағы ұл бала аурудың 6-шы күнінде шұғыл ауруханаға түсті. Анамнезден: ауру жедел басталды жөтелден дене температурасының шамалы жоғарылауынан, келесі күндері жағдайы нашарлады - енжарлық, жөтелдің күшейуі, ентігу, дене Т 40,0 С дейін көтерілуі, бас ауруы және жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болды. Ауруханаға жатқанға дейін дәрігерге қаралмады, баланың анасы өздігінен антипиретикалық және қақырық шығаратын дәрі-дәрмектермен емдеді. Аллергоанамнез қалыпты. Объективті: мазасыз, ұйқышыл, гипертермия, гиперестезия; шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң анықталады; өкпеде аускультативті – ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация. Ликворограммада: цитоз – 226 жасуша, нейтрофилдер – 89%, ақуыз – 0, 90 г/л.


Балаға қандай ем тағайындау керек?
* азитромицин
* ацикловир
* цефазолин
* гентамицин
* цефтриаксон

#16
*! Қыз, өмірінің 16 күні. Балада объективті тексеру кезінде: сана сезімі – кома-1, дене температурасы 39,3С, айқын сарғаю, гепатоспленомегалия, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Брудзинский және Керниг симптомдары оң; үлкен енбегінің ісінуі, оң жақ гемипарез. Ликворограммада: цитоз-265 жасуша, лимфоциттер - 90%, ақуыз - 2,7 г/л. Анамнезден ананың үшінші триместрде анти-СMV Ig М (+) анықталғаны белгілі.Аталған препараттардың қайсы баланың емінде қолданылады?


* осельтамивир
* рибавирин
* ганцикловир
* изопринозина пранобекс
* софосбувир

#17
*! Қыз, 3 жаста, ауруының 3 күні. Шағымдары; құсу, дене температурасының жоғарылауы, енжарлыққ, сүйық нәжіс. Объективті тексеру кезінде: дене температурасы 38,5 С, ауызжұтқыншақта - айқын гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының түйіршіктілігі, доғаларда - ұсақ везикулалар. Менингиальды белгілер теріс. Аурудың 4-ші күнінде дененің қалыпты температурасы кезінде денеде дақты-папулезды бөртпе пайда болды.


Бұл науқас үшін қандай терапия ЕҢ қажет?
* дегидратациялық
* антибактериалды
* гормоналды
* симптоматикалық
* вирусқа қарсы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет