Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру түрлері



бет78/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   167
1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру түрлері

Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.


1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.
Табиғи тамақтандыру дегеніміз 5 айға дейін баланы тек анасының сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:
1. Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:

  • Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.

  • Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.

  • Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза-ішек таяқшасын өсіреді.

  • Минеральды тұздардың құрамы-оптимальды.

  • Ана сүтінің құрамында А, Д, Е, С витаминдері бар. Сиыр сүтін қайнатқанда олар бұзылып кетеді.

2. Ананың сүті таза.
3. Әрдайым жылы.
4. Ана сүтінде гармондар мен иммунды денелер бар.
5. Эмоциональдық фактор кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.


Ерте жастағы балаларды тамақтандыру:
6 айға дейін:

  • Бала жылаған сайын (күні-түні) тәулігіне ең кемі 8 рет емізіңіз;

  • Басқа тағам, сұйық тамақтар бермеңіз:

- су, шай, шырындарды;
- жасанды қоспалар;
- сүт, ботқа да беруге болмайды;

  • Балада аштық белгілер білінсе: бала қозғалысы жиілеп, саусағын сорып, ерінін жыбырлата бастағанда емізу керек. Баланың жылағанын күтпей емізіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет