Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет79/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   167
6 айдан 12 айға дейін:
1. Бала жылаған сайын тәулігіне ең кемі 6 рет емізіңіз. Емізгенге дейін қосымша тамақ беруді бастаңыз. Мұндай қосымша тамақтарды:
- күріштің ботқасын, ұнтақ жарма немесе қарамық ботқасын, нан картоп пюресін;
- суға пісірілген, ұсақтап туралған немесе тартылған майсыз ет, әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа, бұршақ (қабықсыз, езіп пісірілген);
- түрлі жеміс-жидектер, көкөністер, жақсылап тазартылған, ұнтақталған жаңғақтар;
2. Тамаққа бір шай қасық сары май немесе өсімдік майын қосып, қоюлау қылып беріңіз;
3. Еметін балаға күніне 3 рет тамақ беріңіз;
4. Ембейтін балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз;
5. Баланың өзі шайнап жеуі үшін тағамды кішкентайдан қолына ұстатыңыз. Баланы өзі жеп үйренуге дағдыландырыңыз.


12 айдан екі жасқа дейін:
1. Баланы емізуді жалғастыра беріңіз;
2. Балаға өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз, оның ішінде:
- ұсақтап туралып немесе тартылған (майсыз) ет, бауыр, балық, піскен жұмыртқа, бұршақ;
- түрлі жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақтар;
- сүт және сүт тағамдары (ірімшік, айран, сүзбе, сыр, кефир);
3. Балаға берілген әрбір негізгі қосымша тағамның көлемі 300 мл-ден (1,5 стакан) кем болмау керек;
4. Балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз:
- 3 рет өздеріңіз ішетін тағамдардан;
- 2 рет қосымша берілетін тағамдар;
- жемістер, нанға май жағып, еттен жасалған бәліш, қаймақ қосқан ірімшік;
5. Баланы жақсылап тамақтандырыңыз.


2 жас және одан асқан балаларға:
1. Балаға өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз, оның ішінде ет, бауыр, балық, жұмыртқа және бұршақ;
- түрлі жеміс-жидектер, көкөністер;
2. Балаға 3 мезгіл өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз;
3. Балаға берілетін әрбір негізгі қосымша тағамның көлемі 350 мл-ден:
- 2 рет қосымша тамақтар беріңіз;
- жеміс-жидектер;
- кефир немесе айран бөлке нанмен;
- еттен жасалған бәліш;
- қаймақ қосқан құймақтар;
4. Сатып алынған газы бар сулар мен шырындарды, тәттілерді (конфеттер, шоколад) беруді шектеңіз;
5. Тағам түрлерін жиі өзгертіңіз, егер бұрын ішпеген тағамын ішсе, дәмін көрсін, қайта-қайта беріңіз. Тағамның тәтті екендігін өзіңіз ішіп, көрсетіп, қызықтырыңыз.
Емшек жасындағы балалар мен 1 жастан асқан балалардың тамақтануында елеулі айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар баланың шайнау аппаратының, асқазан көлемінің, ас қорыту аппаратының қызметтерінің өзгерістеріне байланысты.
Баланың күнделікті рационында міндетті түрде болуы керек:

  • сүт, ет, май, нан, қант, тұз. Ал балық, ірімшік, жұмыртқа күнара болуы керек;

  • сүт көлемі 0,5 л-ден кем емес, ірімшік көлемі 40-50 гр-нан аз емес болуы керек;

  • балаға сиыр, тауық, арық қой етін беруге болады;

  • жалпы майлардың 15%-ті өсімдік майы болуы керек;

  • күн сайын бала көкөніс, жидек, шырын алып тұруы керек;

  • жармалар мен макарон өнімдері тәулігіне 1 реттен артық берілмейді;

  • 1,5 жасынан бастап қара нан беруге болады, 2 жасынан бастап тұздалған балық, уылдырық, шұжық, ашытылған капуста, тұздалған қияр, помидор беруге болады. Майлы шошқа етін, қаз, үйрек еттерін, қақталған тағамдар, кофе, какао, қыша пастасы, сірке суы, маргарин, майонез беруге болмайды. Тәттілерді де шектеген жөн.

Тағамдар түрі тәулік бойы да дұрыс бөлінуі керек: ет, балық тағамдары тәуліктің алғашқы жартысында, ірімшік, көкөніс, жармалар екінші жартысында берілгені дұрыс.


1,5 жасқа дейінгі балалардың тағамдары ботқа тәріздес болуы керек: пюре, суфле, буға пісірілген котлет.
3 жасынан бастап кесектеп кесілген ет, қуырылған котлет, бүтін жемістер беруге болады.
Тағамның тәуліктік көлемі келесі формуламен анықталады. V=1000 + 100n (мл). n – баланың жасы. Таңғы астың көлемі жалпы тәуліктік көлемінің 25%-тін, түскі ас – 35%-тін, сәске тамақ – 15%-тін, кешкі тамақ – 25%-тін құрауы керек.
1-1,5 жасқа дейін: ақуыз – май – көмірсу қатынасы – 1:1,2:4;
Мектеп жасына дейін: 1:1:3,5 болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет