Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет107/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

ФТОР (F)
Фтор (F) – сары-жасыл түсті газ. Адам ағзасына сумен, жемістермен, сүт және сүт өнімдерімен түседі. Адам ағзасында сүйек жүйесінде, тіс сүйектерінде, тіс эмалінде жинақталады. Фтордың тәуліктік мұқтаждығы 2-3 мг/кг. Фтор тістердің кариеске төзімділігін күшейтеді және қан түзілуін арттырады, иммунитетті жоғарылатады және қаңқаның дамуын қалыптастырады. Фтор өте улы. Егер мөлшері 25 бөліктер/млн. болса тыныс алу жолдарының тітіркенденуін түзеді. Нәтижесінде бронхиттер, пневмониялар, өкпенің ісігі, күйіктер, тістердің кариесі, парадонтозы, гингивиттері айқын көрінеді.
СЕЛЕН (Se)
Селен (Se) – адам ағзасының тіршілігіне қажетті микроэлементтер. Адам ағзасына ұннан жасалған және жеміс-жидектерден түседі. Селен мұрынның шырышты қабатында және бағыныңқы қуыстарында жинақталады. Адам патологиясында селеннің ролі Қытайда селен жетіспеуші кардиомиопатияны зерттегеннен кейін қойылды (Кешан ауруы). Басқа елдерде қаңқа бұлшық етінің миопатиясы деп кездеседі.
Селеннің жетіспеуішілігі – созылмалы риниттер, мұрыннан қан кету. Селен – болашақ глютатион пероксидазының компоненті, Е дәрумені сияқты жасушалардың жарғақшаларын перекись қышқылынан сақтайды, қорғайды. Жануарлардың ағзасының бір бөлігінің жансыздануы байқалады.Некроз бен фиброз асқазан асты бездерінде қантамырларда, бойдың өсуінің тежелуінде, репродуктивті қызметтің бұзылуында кездеседі.
Кешан ауруы – балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Ол эндемиялық, фетальды миокардиопатияны, жүректің үлкеюі (қабынуы) миокардит, жүректің жұмысының дұрыс еместігін байқатады. Бауырдың бірден үлкеюі, жүрек қуысының жасының кеңеюін, миокард гипертрофиясы асцит байқалады.
КРЕМНИЙ (Si)
Кремний (Sі) – биогенді элемент, бос күйіңде кездеспейді. Көбінесе Si02 түрінде кездеседі. Өсімдіктердің және жануарлардың ағзаларының құрамына кіреді (қаңқа бөліктеріңде). Өсімдіктерде және жануарлардың еттерінде, қаңқа сүйектерінде жинақталады. Адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің, микроағзалардың дамуына және қалыпты өсуіне Si02 өте қажетті. Адамның қанында, қан плазмасында Si02-нің мөлшері 0.001% салмағын құрайды.
Кремнийдің жетіспеушілігі ұйқы безінің ісігін, атеросклероз, силикоз ауруларының себебі болады. Тірі ұлпаларға Si02-нің түсуі грануломалардың баяу дамуына себеп болады. Ал кремний шаңдарын жұтқанда өкне силикозы дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет