Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Компьютерде дұрыс жұмыс жасау ережелері



бет116/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   167
Компьютерде дұрыс жұмыс жасау ережелері
Бөлмеде, компьютермен жұмыс істеу үшін арнайы табиғи, жасанды жарық болуы керек. Үй жайда күнделікті дымқыл тазалық жүргізілуі керек.
Жұмыс орны міндетті түрде кем дегенде 6 м2, ал көлемі 20 м3 құрау керек. Столды терезенің жанына қою керек, өйткені жарық сол жақтан түседі. Компьютермен жұмыс үшін жақсы жарық жайылған тікелей емес жарық, яғни экранға шағылыспауы керек.
Қолданушының көру кеңістігінде ашық өткір жарықтар түспеуі керек, сол үшін терезеге перде әлде жалюзимен жабылуы қажет. Жасанды жарықта жалпы және біркелкі болуы керек, бірақта жалғыз стол шамын қолдану жеткіліксіз.
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру-бұл тек болатын аурулардың алғашқы алдын алу. Компьютермен жұмыс істегенде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін, оның үрдісінде үнемі дене қалпына қарау керек. Дене бітімін дұрыс ұстау бұлшық етті көбірек қимылдату және көп жұмыс істеуге болады. Аз шаршайды. Дұрыс дене бітімін ұстағанда құлақ тура иық жазықтығында орналасады, ал иық жамбас деп саналады.
Басты тура иық бойынша ұстау керек. Сіз төмен қараған кезде бас алдыға еңкеймеуі керек. Қисық (бүкіреюу) жағдайы, яғни иық сызығы дәл жамбаспен және құлақ сызығымен орналаспаса иық сіңірлері мен иық бұлшық еттеріне бірталай күш түседі. Бұндай жағдайдағы ұзақ уақытты жұмыс ауру себебі болуы мүмкін.
Келесі қарапайым ережелерді сақтау арқылы денсаулықты сақтап, ауруға шалдықпауға болады:

    • Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.

    • Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.

    • Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.

    • Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.

    • Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң – өте зиянды.

    • Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.

    • Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут үзіліс жасап тұрады.

    • Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.

    • Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.

    • Егер де компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут демалады.

11. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет