8.10. Темекі түтінінің құрамындағы заттар
Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196 – улы және 14 наркотик тәріздес.
Заттар
|
Саны
|
|
Диоксид көміртегі
|
45-65 мг
|
|
Монооксид көміртегі
|
10-23 мг
|
|
Оксиды азоты
|
0,1-0,6 мг
|
|
Бутадиен
|
0,025-0,04 мг
|
|
Бензол
|
0,012-0,05 мг
|
|
Формальдегид
|
0,02-0,1 мг
|
|
Ацетальдегид
|
0,4-1,4 мг
|
|
Метанол
|
0,08-0,18 мг
|
|
Синильдік кислота
|
1,3 мг
|
|
Никотин
|
0,8-3 мг
|
|
Көмірсулар
|
0,0001-0,00025 мг
|
|
Ароматты амины
|
0,00025 мг
|
|
N-нитрозоаминдер
|
0,00034-0,0027 мг
|
|
18 -кесте
Темекі шегудің жыныс бойынша үлесі (2000)
|
|
Пайыз
|
Таралуы
|
Ер
|
Әйел
|
Африка
|
29%
|
4%
|
АҚШ
|
35%
|
22%
|
Батыс Жерорта теңізі
|
35%
|
4%
|
Еуропа
|
46%
|
26%
|
Оңтүстік Азия
|
44%
|
4%
|
Шығыс Тынық мұхиты
|
60%
|
8%
|
Темекі – заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Темекінің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.
Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.
Темекі түтінінде никотин иіс газы, көгерткіш қышқыл, аммиак, формальдегид, т.б. зиянды заттар көп. Рак ісігін асқындыратын бензопирен ерекше зиянды болып табылады. Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда рак аурымен (өкпе 10 есе, көмей 6-10 есе, өңеш 2-6 есе) жиі ауырады.
Олардан басқа өкпенің созылмалы қабыну, туберкулез, тыныс демікпесі ауруларына жиі ұшырайды. Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да зиянды. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Бір адамның шылым шегуі көп адамды уландырады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әр түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40% жоғары.
Никотин қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне себепші болады. Мұндайда қантамырлардың саңылауы тарылып, қан айналымы қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ету және олардан зат алмасудың зиянды өнімдерін әкету нашарлайды. Шылым шегушілер арасында көп тараған ауру-стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін.
Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокард инфарктіге әкеліп соғады. Шылым шегушілердің басқа бір әдетті ауруы ұстамалы ұқсастық (эндартериит). Мұнда адам бірнеше ғана қадам жасап үлгереді, ал содан кейін бір немесе екі аяқ та ұйып, кенет ауырады. Тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ауырсыну басылады, бірақ әрі қарай жүруге ыңғайланғанда қайта пайда болады. Сөйтіп, осылайша жалғаса береді. Шылым шегу адам денесінің жетілу мүмкіндіктерін әжептәуір шектейді. Никотин дене күшін және бұлшықет сезімінің өткірлігін кемітіп, қимыл үйлесімділігін, шапшаңдықты және әсіресе төзімділікті нашарлатады. Спорт пен темекі бір-біріне қарама-қайшы.
1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады. Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.
Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;
АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%). Еуропада айырмашылық 20% (46% ер адамдар, 26% әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз.
Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен.
Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда.
1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.
Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.
АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі – темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы.
Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, сатылымдағы темекінің 25% көшірме.
Әрбір тартылған шылым өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады. Жыл сайын 12 миллион папирус пен темекі тартылады екен. Тұқылдардың (окурки) салмағы – 2 520 000 тонна болады екен.
Темекі құрамы: аммиак, көміртегі оксиді, концерогенді көмірсутектер (рак), радиоактивті элемент полоний 20, темекі қарамайы, мышьяк, калий. Фильтр осы заттардың 20% ғана ұстап тұрады.
Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең.
Нақты деректер бойынша, елімізде араққа салынудың салдарынан жыл сайын 28 мың адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып, көз жұмады. Жол-көлік апаты оқиғаларының да 50% ішімдіктің салдарынан. Қазір Қазақстанда араққа басыбайлы құл болғандардың саны 500 мыңнан асады.
Медицина ішімдік туралы әйел, еркекке әсері. Ер адамның өзін-өзі тежей алмайтын маскүнемге айналуы 10-15 жылды қамтыса, әйелдер 3-5, кейде одан да аз уақытта маскүнем болып шыға келеді. Емшек безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер арақ-шарап ішетін қыз-келіншектер арасында жиі кездеседі. Мамандардың айтуынша, еліміздегі маскүнемдердің үштен бірі түрлі психикалық ауытқуларға ұшырағандар. Іштегі балаға зияны арақ-шарап ішпейтін әйелдерге қарағанда оны аз болса да татып алатын әйелдердің дүниеге әкелетін сәбилерінің 100%:
89% әлсіз болып туады.
84% болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды және басы тиісті мөлшерінен кіші болып бітеді.
80% сөйлеу мүшелерінде кемістік орын алады.
80% терісі зақымдалған болады.
51% аяқ-қол саусақтары қисық болып жаратылады.
46% жыныстық мүшелерінде, 41% есту мүшелерінде кемістік байқалады.
29% жүрек ауруына шалдыққан күйде дүниеге келеді. 25% көру қабілеті төмен болады.
10% бүйрегі толық істемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |